Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet130/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Екінші категорияға нашар көретін балалар жатады.
Нашар көретіндер – бұлар көру қабілеті бұзылған, арнаулы көзілдірік-термен коррекциялау нәтижесінде көздің көргіштігі 0,005-тен 0,2-ге дейін көретін жандар. Нашар көретін балалар үшін арнаулы мектептер бар. Бұл мектепте нашар көретін балаларды түрлі техникалық, оптикалық-үлкейткіш тәсілдер, үлкен әріптермен жазылған оқулықтар және арнаулы жарытқыш-тарды пайдаланып көру негізінде оқытады.
Нашар көретін балалар жаппай орта білім беретін мектептерде оқуға қи-налады. Мұндай балаларды тез анықтап, арнаулы мектепте оқуы үшін жергі-лікті психологиялық-медициналық-педагогикалық комисссияға жіберу керек.
Үшінші топқа рефракциялық ауытқушылықтағы көру қабілеті бұзыл-ған, бірақ жалпы білім беретін мектептерде оқи алатын балалар жатады.
Көруі бұзылған балаларбұлар алыстан көрмеушілік, алыстан көру-шілік, астигматизм (сәуле жарығы көздің қарашығы мен ағына бірдей түспе-гендіктен болатын көру кемшілігі) ауруына шалдыққан жандар. Бұл балалар-дағы көрудің ауытқушылығы көзілдірікпен теңгеріледі, сондықтан олар жап-пай білім беретін жалпы орта мектептерде оқи алады.
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеумен коррекция-лық педагогиканың арнайы саласы тифлопедагогика (грекше «typhlos» - көр) шұғылданады.
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытатын оқытушы олармен жүргізі-летін коррекциялық жұмыстардың спецификалық ерекшеліктерін білуі қа-жет. Көруінде кемшіліктері бар балалар үшін оқыту және тәрбиелеу процесі тиімді ұйымдастырылса ғана, олар жеке адам ретінде жан-жақты жетіледі.
Жаппай жалпы орта білім беретін мектептерге көру қабілеті бұзылған балалардың ішіндегі рефракциялық ауытқушылығы бар балалар келіп оқиды. Рефракциялық ауытқушылығы бар (алыстан көрмеушілік, алыстан көру-шілік, астигматизм) бала көздің кемшілігін түзететін көзілдірік тағуы қажет. Бұл балалар сабақта педагогтың қамқорлығына, мектепте және үйде оқу жұмыстары үшін дұрыс санитариялық-гигиеналық жағдайдың орнатылуына мұқтаж.
Баланың көруіндегі ауытқушылыққа қарай сыныпта оның оқуына жағ-дай жарату керек. Мысалы, алысты көрмейтін баланы терезе қасындағы бі-рінші не екінші қатарға, ал алысты көретін баланы, керісінше, тақтадан алыс-тау партаға отырғызу қажет.
Оқытушы оқушының тақтадағы, таблицадағы, картадағы оқу материал-дарды дұрыс қабылдауын және түсінуін қадағалап отыруы қажет. Рефракция-лық ауытқушылығы бар балалар тынымсыз 10-15 минут оқу жұмыстарымен шұғылданғанда, көзі тез талығады. Сол үшін сабақ барысында көру жұмыс-тарын басқа да түрдегі жұмыстарымен алмастырып отыру керек.
Негізі, соқырлар мен нашар көретін балалар соқыр балалар үшін ашыл-ған мектеп-интернатта оқуы керек. Бұл мектепте нашар көретін балалар үшін арнаулы сыныптар бар. Егер нашар көретін балалардың мұндай мектептерге барып оқуына мүмкіндігі болмаса, онда жаппай жалпы орта білім беретін мектептерде оқиды. Мұндайда бұл оқушыларға дифференциялық қатынас талап етіледі.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling