Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet105/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

4-тарау. Оқу орны менеджменті.
4.1. Оқу орнының педагогикалық менеджменті.
4.1.1. Оқу орнын басқарудың педагогикалық-психология-лық негіздері.
Басқару тек өндіріске тән болған процесс емес. Басқарудың әлеуметтік салаларда, соның ішінде білім беру системасында дұрыс ұйымдастырылуы өте маңызды.
Қазіргі дәуірде біртұтас педагогикалық процесті ғылыми тұрғыдан бас-қаруға әрекеттер күшейді. Бұл интеллектуал потенциалы жоғары кадрларды қалыптастыру үшін өте қажет деп есептеледі.
Алдымен, басқарудың әлеуметтік мәнін айқындап алайық. Басқару – бұл белгілі бір объектке ұйымдасқан түрде, жоспарлы, системалы әсер ету.
Оқу орындарының педагогикалық қызметін басқару деп педагогика-лық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, марапаттау, нәтижелерді бақылау жә-не талдауға айтылады.
Бүгінгі күнде педагогика пәніне оқу орындарын басқару бойынша жаңа ұғымдар енгізілуде. Олардың мәні алдыңғыларынан да тереңірек. Мысалы, «әсер ету» түсінігінің орнына «өзара әрекет», «ынтымақтастық», «рефлек-тивтік басқару» сияқты ұғымдар қолданылуда.
Оқу орындарын басқару теориясы оқу орындарының менеджменті теория-сымен толықтырылды. Менеджмент теориясы қызметкерлерге деген сенім, олардың өнімді еңбек етуі үшін жағдай жасау және өзара құрметпен сипатталады.
«Менеджмент» және «менеджер» атаулары қазіргі талдануында өндіріс және мекеме иелері өз мүліктері мен қызметкерлерін өздері басқарғанша таң-даған бағыты бойынша арнаулы дайындықтан өткен мамандарды жұмылдыр-ғанды абзал деп есептегеннен кейін пайда болды. Бүгінгі күнде менеджер өр-кендеген мемлекеттерде абыройлы кәсіптерден бірі болып саналады.
Менеджмент дегенде, әдетте жетекшілік лауазымына тағайындалған тұл-ғалардың жұмысы түсініледі. Басқаруға, сондай-ақ, тәрбиешілік жұмысы да кіреді. Менеджмент (яки басқару) – бұл бар минимал мүмкіндіктерден максимал нәтижелерге жету мақсатында белгілі бір қызметкерге немесе топқа әсер ету, олармен ынтымақтасып әрекетте болу процесі.
Педагогикалық менеджмент дегенде арнайы мақсатқа жету үшін адам, материалдық және қаржы ресурстарын оптималдандыру процесі түсініледі. Педагогикада менеджмент – бұл педагогикалық өндірісті басқару, оған жетек-шілік ету және оны ұйымдастыру.
Білім беру менеджментінің ерекшелігін ғалымдар былайшы көрсетеді:

  • білім беру менеджменті «мақсатқа сай» деген сөзбен анықталатын рухани өлшемге ие;

  • білім беру менеджменті – бұл ғылым және өнер, мұнда адамдар арасында өзара қатынастар маңызды роль ойнайды;

  • менеджмент мазмұнында көрініс тапқан жеке адам, мемлекет және қоғам мүдделерінің диалектикалық бірлігі;

  • білім беруді басқаруда жұртшылықтың қатысуы.

Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұр, бұдан былай білім беру система-сын мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өтіледі. Мем-лекеттік-қоғамдық басқарудың мақсаты – білім беру мекемелерінің ак-туал мәселелерін мемлекет және қоғам ынтымақтастығында шешу, оқушы-лар, оқытушылар және ата-аналарға оқу программаларын, түрлерін, оқу орындарын таңдауда құқық және еркіндік беруді кеңейту.
«Білім беру туралы» Заңда Өзбекстанда білім беру саласын (мектеп) бас-қару Өзбекстан Республикасының қарамағындағы жоғары үкімет және бас-қару кеңселері жағынан, жергiлiкті үкімет және басқару кеңселері жағы-нан жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Халыққа білім беру уәзірлігі, Жоғары және орта арнаулы білім беру уә-зірлігі Өзбекстан Республикасында білім беруді басқарудың жоғары органы есептеледі. Уәзірліктер өз өкілеттіктері шеңберінде:
- білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты амалға асырады;
- оқу орындарының қызметін үйлестіреді және методикалық мәселелер-де оларға жетекшілік етеді;

  • мемлекеттік білім беру стандарттары, мамандардың білім дәрежесі мен кәсіптік даярлығына болған талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  • оқытудың озат формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың техникалық және ақпарат тәсілдерін оқу процесіне енгізеді; оқу және оқу-методикалық әдебиеттерді жасайды және оны баспадан шығаруды ұйымдастырады;

  • білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен мемле-кеттік білім беру мекемелерінде экстернат туралы низамды бекітеді;

  • мемлекеттік білім беру мекемесінің ректорын тағайындау туралы Өз-бекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесіне ұсыныс кіргізеді;

  • педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлауды ұйымдастырады.

Халыққа білім беру уәзірлігінің жергілікті органдарына халыққа білім беру облыстық басқармалары, қала, аудан бөлімдері кіреді. Халыққа бі-лім беру бөлiмдерi жергілікті әкiмшілiктің құрамына кіреді және оған бағы-нады. Олар мектеп жұмысына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады және күнделiктi көмек көрсетеді Олардың мiндетiне (компетенциясына) мек-теп директорларын және олардың орынбасарларын таңдау да кiредi.
Мектепті басқару iсiне мектеп инспекциясы, яғни уәзірліктің, халық-қа білім беру бөлімдерінің мектеп инспекторлар қызметi үлкен көмек көр-сетеді. Олардың мiндетi: мектеп қызметiн мұқият үйрену, оқу-тәрбие проце-сiнің нәтижелерiн талдау, озат тәжірибелерді анықтау және жариялау, кемші-ліктерді ашу және оны жоюдың шараларын қабылдау, мектеп директоры мен оқытушыларына нақты көмек көрсету.
Академиялық лицей және кәсіптік коллеждерге ұйымдастырушылық, оқу-методикалық және ғылыми жетекшілік ету, мемлекеттік білім беру стан-дарттарын істеп шығу және оны өндіріске енгізу, оқу және кәсіптік програм-марды бірлестіру, педагог кадрлармен қамтамасыз ету, оларды даярлау және қайта даярлау Жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі (Орта арнаулы кәсіптік білім беру Орталығы), оның жергілікті басқармалары жағынан сала уәзірліктері, кеңселер және өндіріс орындарымен бірлесе жүзеге асырылады1.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling