Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқушыларда эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалау қабілетін тәрбиелеу


Download 1.31 Mb.
bet98/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

2. Оқушыларда эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалау қабілетін тәрбиелеу. Бұл міндеттің орындалуы үшін оқушыларда бейнелеу өнері мен музыкадан білім болуы керек. Әр адамның эстетикалық талғамы әртүрлі еке-ніне қарамастан эстетикалық таным оларды шын сұлулықты танып білуге үй-ретеді.
Мелекеттік білім беру стандарттарында эстетикалық білім беретін пән-дерге аса назар аударылуы - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың эстетикалық тал-ғамын әрі қарай дамытуға жағдай жасайды. Бұл пәндерді терең үйрену арқы-лы оқушылардың эстетикалық белсенділігі артады, соның нәтижесінде олар өмірдегі әдемілікті, сұлулықты бағалап, оны дамытуға өз үлестерін қосады.
3. Сұлулықты сақтауға және қорғауға бағытталған шындыққа эсте-тикалық көзқарасты тәрбиелеу. Бұл міндет әсемдіктен ләззәт алған адам-ды сұлулыққа өз үлесін қосуға шақырады. Эстетикалық білім, дағды, іскер-ліктерді меңгерген оқушы оны өз қызметінде көрсетіп беруі де керек. Әйтпе-се, айналадағы сұлулыққа сұқтанып, одан пайдаланып, соңында оны жойып жіберуі мүмкін. Мектепте оқушылардың өз қолдарымен жасаған өнерлерін көрсетуге жағдай жасалынады. Олар ән-би, музыка, бейнелеу өнері, сөз өне-рі және көркем өнерден алған білімдері мен іскерліктерін көрсетіп, айналасы-на шама-шарқынша әдемілікті, әсемдікті таратады.
Сонымен бірге, оқушыларды сөйлеу, жүру-тұру, киіну мәдениетіне қой-ылатын талаптармен таныстырып бару керек. Жеке гигиенаны сақтау, айна-ланы таза ұстау, үйін, жұмыс орнын тәртіпке келтіру – адамның өмір сүру тә-різі екенін ұқтырып бару керек.
Осылайша эстетикалық білім мен тәрбие дұрыс берілсе, оқушының ай-наладағы болмысқа эстетикалық көзқарасы қалыптасады. Эстетикалық көзқа-растағы оқушы жағымды мінез көрсетеді; сымбатты болуға әрекет етеді; ай-наласындағылармен қарым-қатынаста жылы шырай танытады; барлық нәрсе-ге талғаммен қарайды; өнерді, әдебиетті, табиғатты сүйеді, бағалайды, қор-ғайды; әдемілікті жаратады. Осылайша әсем табиғат тіршіліктің ең тамаша жаратылысы арқылы одан да сұлулана түседі. Ал «сұлулық әлемді құтқа-рады».



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling