Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері


Download 1.31 Mb.
bet82/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3.5.3. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері.
Ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ойлауы мен ақыл-ой күштерін да-мытуды мақсат еткен педагогтардың арнайы қызметін айтамыз.
Тәрбиешілердің арнаулы ықпал етуі, сондай-ақ өмірлік әсерлер мен ық-палдардың нәтижесіндегі оқушылардың ақыл-ой күштері мен дүниеге көзқа-расының даму процесін ақыл-ойдың дамуы деп түсінеміз.
Елімізде ақыл-ой тәрбиесіне аса мән беріп отыр. Ақыл-ой тәрбиесі жеке адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз етумен бірге еңбекке творчество-лықпен қарауды қалыптастырады. Техниканың өркендеген заманында ақыл-ойды дамыту бойынша пәрменді жұмыс жүргізілмесе, өркениетке ілесу қиын болады. Бірақ ақыл-ой тәрбиесі адамгершілік қадір-қасиеттерді, ұлттық құн-дылықтарды, баланың табиғи жетілуі бойынша физиолигиялық-медициналық ғылымның қорытындыларын, эстетикалық талғамды негізге ала отырып жүр-гізілгенде ғана, жеке адамда жан-жақты дамыта алады.
Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл-ой дамуы дегенді анықтау үшін оның құра-мына кіретін «ойлау» және «ақыл-ой күші» деген түсінікке тоқталайық.
«Ойлау» деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыс-тар мен қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау – адам миы қызметінің жемісі. Ойлау – мұрагерлік сипатқа ие болған барлық адамдарға тән құбылыс.
Ғылымда ойлаудың түрлері көп. Педагогикалық-психологиялық әдебиет ойлаудың мынадай түрлерін көрсетеді: логикалық, жинақтай, абстракты, тео-риялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік.
Логикалық ойлау меңгерген білімдер мен жаңа білімдер арасындағы өзара байланыс нәтижесінде пайда болады. Бұлапй ойлау түсініктерге сипат-тама беруде, ойлау тәсілдерін меңгеруде, өз пікірлерін дәлелдей алуда, қоры-тынды шығаруды көрінеді.
Жинақтай ойлау түсініктерді классификациялау нәтижесінде пайда бо-лады. Мысалы, «алма – өрік – алмұрт», олардың қатарына қауынды қойып болмайды, себебі бұл жерде тек жемістер жинақталған.
Абстракты ойлау – маңызды емес екінші дәрежелі белгілерден аулақта-нып, жалпы және маңыздыларын бөліп алу, сөйтіп осы негізде абстракты ұғымдарды тұжырымдау іскерлігі.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling