Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
3.5. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын
қалыптастыру. Ақыл-ой тәрбиесі. 3.5.1. Оқушыларда ойлау, ғылыми көзқарас және ұлттық идеологияны қалыптастыру – оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаты. Жан-жақты жетілген азаматты тәрбиелеуде мектептің алдындағы ең бас-ты педагогикалық мақсат оқушыларда теориялық ойлауды, ғылыми көзқарас-ты қалыптастыру болып табылады. Осы орында ұлы Абайдың мына бір сөзі еске түседі: «Дүниенің көрiнген hәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса, денелеп білмесе адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Осы бір ғибратты сөздің түбiнде терең мән жатыр. Адам айналасын та-нып-білуi керек. Оның үшін адамда терең білім, ақыл-ой болуы керек. Ғылыми көзқарас, дүниетаным жеке aдамғa өзін қоршаған өмірдi, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіншiлiк береді, оған объективтi баға беруi-не жағдай жасайды, өзіне мәлім болмаған табиғат пен қоғам құбылыстары туралы диалектикалық ойлауын дамытады. Дүниетаным – адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дү-ниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және ceнімi. Дүние-таным бірнеше маңызды қоғамдық функцияларды орындайды. Атап айтқан-да: 1) ғылыми дүниетаным табиғат және қоғам дамуын түсіндіруі, білімдi саналы қалыптастыруы арқылы ағартушылық функцияны орындайды; 2) ғылыми дүниетанымның тәрбиелiк функциясы сол көзқарастар мен ceнім адамда моралдық қасиеттердi және шындыққа эстетикалық қатынасты қалыптастырады, мінез-құлықты шыңдайды, ынта-жігерді күшейтедi, идея-лық тұрақтылықты қалыптастырады; 3) дүниетанымның мазмұнын меңгеру бойынша ішкі рухани жұмыстар адамның ойлау қызметiн жандандырады. Бұдан оның дамытушылық функ-цияны орындайтыны көрінеді; 4) ұйымдастырушылық функциясы дегенде мынаны түсіну керек – дү-ниетаным адамның практикалық қызметінің негізгі позициясы болады; 5) ғылыми көзқарастың болжау функциясы қоғам дамуының заңдылық-тарына негiзделедi. Ол келешектi құру идеяларын алға сүруде көрінеді. Дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты оқушылардың табиғат пен қоғамды танып білуде, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ақыл-ой күштері мен ойла-уын, ерік-жігері мен сезімдерін дамыту болып табылады. Дүниетанымдық тәрбиенің мiндеттерiне ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастыру жатады. Ғылыми көзқарас пен сенiмнің негізгі бөліктерін ин-теллектуал сезім, диалектикалық, ойлау, қоғам мен табиғаттың құбылыста-рын объектив бағалау іскерліктері жатады. Бұл міндеттер оқу-тәрбие процесінде ғылыми білімдердi меңгеру жолы-мен, адамгершілік, мәдени, экономикалық, экологиялық тәрбие нәтижелерi-мен жетіледі. Оқушылардың бойында ұлттық идеологияны қалыптастыру да мектеп-тің алдындағы басты мақсаттардың бiрi. Президент И.А.Каримовтың пікі-рінше «Ұлттық идеология халқымыздың ежелгі дәстүрлерiне, әдет-ғұрып-тарына, тіліне, рухына негізделіп, келешекке сенім, мeйipiм, ынсап, сабыр, әділет, білімділік сезімдерін санамызға сіңіруi керек» (1993 ж, 6-май, XII сессия). Білімділік пен өзiнің тарихын, өткенiн білу, келешегiн болжай алу сияқ-ты қасиеттердің үйлесуі баланың еркін, дербес ойлы азамат болуының басты шарты болып табылады. Дүниедегі әрбір мемлекеттің, әрбір қоғамның өзiне лайық идеологиясы бар. Ceбeбi адамдар қандай да бiр идеяға, тағылымға сенуі және соған негіз-делiп жұмыс iстеуi, қызмет етуi керек. Идеологияның мәнi сонда, ол қоғамның дамуын, ілгері жылжуын жеңіл-детедi; ұлтты, барлық азаматтарды ортақ мақсат жолында бiрiктіредi. Ұлттық идеология бүкіл Өзбекстан халқының рухын, сезімдерін, ұлттық мақтанышын, күш-құдіретін, арман-мүдделерiн бiрiктiретiн ұлы идеялық күш болып саналады. Ұлттық идеология тек өзбек халқының мүддесiн көздемейдi. Өзбекстан-да жасайтын барлық ұлттар мен ұлыстардың тең құқықтығын, қадірін, ар-на-мысын, ұлттық мақтанышын, мүдделерін қорғайды. Идеологиясыз бұқараны тәуелсіздікпен байланысты болған мәселелерді шешуге жұмылдыру қиын. Адамның қызметi озат идеологияға сенуіне байла-нысты болады. Жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде ұлттық идеяға сүйену керек еке-нін Президент И.А.Каримов баса айтып жүр. Өзінің ұлттық идясына сүйен-беген қоғам күйреуге ұшырап, өз жолын жоғалтып қоятынын ескертті. Алдымен, Өзбекстан Республикасының ұлттық идеясының мәнін түсініп алайық. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling