Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Тәрбие методтарын классификациялау
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру методы.
3.4.2. Тәрбие методтарын классификациялау.
Тәрбие методтары олар орындайтын тапсырмаларға қарап төмендегі негiзгi топтарға ажыратылады (классификацияланады): 1. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру методы. 2. Оқушыларда іс-әрекетті ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және қо- ғамдық мінез-құлықты қалыптастыру методы. 3. Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерiн ынталандыру методы. 4. Мінез-құлық, іс-әрекетке бақылау жасау, өзiн-өзi бақылауды ұйым- дастыру және өзiне-өзi баға беру методтары. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру методы. Бұл ме-тодқа түсіндіру, әңгіме, үлгі-өнеге, лекция, пікірталас жатады. Бұл методта негізгі құрал – сөз. Бұл топтағы методтарды сендiру әдістерi деп те атайды. Сендіру дегеніміз оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адам-гершілік жайлы түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру, жағымсыз әдет-терін жою үшін сана-сезімі мен еркiне әсер етуді айтамыз. Түсіндіру методы әдетте бастауыш класс оқушылары арасында кеңінен қолданылады. Балаларға белгілі бiр қасиетінің адам үшін қажет екендігін өмірлік мысалдармен оқиғалармен, үлгі-өнеге ретiнде баяндап беруді түсін-дiру деймiз. Оқулықтардағы метариалдардан да пайдаланып түсіндiруге болады. Қа-рапайым түсіндірy жолымен оқушы санасына енгізу қиын болған пiкiрлер көркем образдар арқылы түсіндіріледі. Көркем образдар түсіндiрудің ең қа-жетті формасы болып есептелiнедi. Көркем образдар балаларды іске салады, олардың адамгершілік қасиеттерін оятуға көмектеседі Оқушылардың қоғамдық санасын қалыптастыруда қолданылатын тағы бір әдіс үлгі-өнеге әдісi. Оқытушы адамгершілік, мораль нормаларының маңызы, оған мойынсынудың пайдалы екендiгiн, адал еңбек адамға құрмет әперетiндiгiн көрсету үшін үлгіден пайдаланылады. Бұл әдістен халық педа-гогикасында кең пайдаланылған. Ата-бабаларымыз өз перзенттерiн әрқашан жақсы адамдардан, даналардан, ұлы кiсілерден үлгі алуға үндеп келген. Мек-тепте оқытушы батырлардың Отан үшін, келешек ұрпақтардың бақыты үшін алып барған күрестерi, еңбек ардагерлері, соғыс ардагерлерi, олардың ерлiк-терi жайлы әңгімелерді оқушыларға баяндап беруі керек. Олар жайында жа-зылған роман, повесть, дастан және әңгімелердi оқуға шақырру керек. Сонымен бірге мектепте, класс жетекшілері, оқытушылар ата-аналар-мен бірге жұмыс алып баруы және ата-аналар өз балаларына үлгі көрсетуі жайлы әңгімелер жүргізуi керек. Себебi, бала алдымен ата-анаға және жанұядағы адамдарға елiктейдi. Олардан үйренеді және үлгі алады. Халқымызда «Құc ұясында көргенiн iс-тейдi», «Анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдар бар. Жақсы жанұяда тәр-биеленіп жатқан бала мектепте берілетін тәрбиені тез бойына сіңіріп алады. Ал мәдениетсіз жанұяда тәрбие алып жатқан баланың мектепте алған тәрбие жайлы түсініктері ата-анасының жағымсыз іс-әрекеттері арқылы әрі қарай дамымай қалады. Керісінше баланы ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Тәрбие ісінде оқытушының абыройы үлкен күш. Ceбeбi оқушылар үшін оқытушының әрбір әрекеті үлгі болып саналады. Сондықтан да оқытушы өз пәнін жоғары дәрежеде білуі, өз тәрбиесiндегi балаларды құрметтeyi керек, әдепті болуы және оқушылар арасында үлкен құрметке ие болуы керек. Тәрбиеде пікірталас методы да кеңінен қолданылады. Бұл метод жәрде-мінде оқушылар адамгершілік пен әдепке, эстетика, саясат және әлеуметтік өмірге байланысты мәселелерді шешiп, өздерi үшін қорытынды шығарады. Пікірталас пен бәсекелесу, тартысу арқылы оқушылар өз түсінiктерi мен дәлелдемелерiн, өз пiкiрi мен көзқарастарын айтуға, сондай-ақ өз пікірiне басқаларды сендіруді үйренеді Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling