Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
3.3.4. Семьядағы бала тәрбиесі.
Баланы дұрыс тәрбиелеу бойынша әрбір ата-ана қоғам алдында жауап-кер. Ата-ана семья жағдайында баласын тек бағып, өсіріп қана қоймайды, оған жан-жақты тәрбие де бepeдi. Ең алдымен, семьяда баланың тіршілік әрекеті дұрыс ұйымдастырылуы керек. Егер бала өзi туып-өскен семьясында өмір сүрудің дұрыс жолына түс-се, онда ол келешекте қағылмайды. Сондықтан баланың күн режимін жасап алу керек. Оған күнделiктi дене тәрбиесі, уақтында тамақтану, ұйқы, демалу, еңбек, ойын, сабаққа әзірлену т.б. кіреді. Бала еңбек пен демалысты ауыс-тырып отыруы тиіс. Ата-ана балаға Отан, Отанды сүю, оны қорғау, Отан алдындағы борыш деген түсінiктердi береді. Баланың Отанға деген махаббаты әке-шешесін, ту-ған-туысқандарын, дос-жолдастарын, туып өскен жерiн, мектебiн сүюден басталады. Сондықтан ата-ана баласының жүрегіне үлкен махаббаты ұялата алуы керек. Оның үшін семьяда баланы үлкендердi құрметтеуге; туысқанда-рын танып білуге; көршi-қолаңмен, үлкендермен сәлемдесуге; қажет жағдай-да тіптi қолғабыс етуге; оқытушыларын құрметтеуге; үйiн, мектебiн ең қаси-етті жер деп ұғынуға үйрету керек. Өзi жасайтын жерiнің тарихын, ұлағатты адамдарын, қызықты оқиғаларын айтып беру арқылы да баланың, туған жер-ге деген сүйiспеншілiгiн оятуға болады. Сондай-ақ, тәрбие процесінде бала-ның адамгершілік қасиеттерi де қалыптасады. Егер ата-ана баланың мінез-құлқын, іс-әрекетiн, қарым-қатынасын дұрыс жолға салып отырса, сонда ғана бала семьяда адамгершілік нормаларды игере алады. Сонымен бірге, әке-ше-шесiнің ұнамды өнегесінің де орны ерекше. Баланың эстетикалық талғампаздығы да семьяда қалыптасады. Баланың кітап оқуына, музыка тыңдауына жағдай жасап беру керек. Кино, радио, те-лехабарларды талғап көруге және есiтуге, оларды талдай алуға үйрету керек. Киіну мәдениетi, мода туралы сұхбаттасып, жарасымды киiм киюге, әшекей-рдi орынды тағуға үйрету де ата-ананың міндеті болып табылады. Баланы семьяда еңбек етуге ерте баулу керек. Мысалы, өзiне-өзi қызмет ету, ата-анаға көмектесу, тамақ дайындау, үй күту т.б. Семьяның еңбек сал-ты, дәстүрлерi баланың келешек қоғамдық өміріндeгi орнын анықтауға зор ықпал жасайды. Бала жеткiншектiк жасқа жеткеннен кейін жыныстық жетілуге бет ала-ды. Әке-шеше бұл кезде баланың досына, сырласына айналуы керек. Оған жыныстық, гигиеналық тәрбие бергенде, бiр-бiрiнен ұялмайтындай болсын. Сонда ғана ата-ана мен баланың ортасында өзара сенім пайда болады. Ата-аналардың тағы да бір аса жауапты қызметтерінің бipi оқушылар-дың оқу іс-әрекетінің тиiмділігiн арттыру болып табылады. Алдымен ата-ана оқушы оқуы үшін қажетті материалдық базаны жасайды. Одан соң баласы-ның оқуға қабілетін, сабаққа қатысуын бақылайды. Үйде баланың оқу жұмы-сын басқарып, бақылап, көмектесіп отыру керек. Өз бетінше орындауға қина-латын сабақгарын байқап, пән оқытушыларына, класс жетекшiсiне хабарлау керек болады. Бұл мәселенi бiрлесе отырып шешкен абзал. Сабақта мұғалім-нің де оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне оңай болады. «Құс ұясында көргенiн iстейдi» демекші, бала өз үйiнде әке-шешесінің тәрбиесі, өнегесі арқылы азамат болып қалыптасады. Ал мектептің тәрбиесi, ортаның ықпалы алған тәрбиені беки түседi. Семья, мектеп, жұртшылық ын-тымақтасып тәрбие жұмысын алып барғанда ғана, тәрбие нәтижелі болады. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling