Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet60/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

3-тарау. ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ.


3.1. Тәрбиенің мәні, мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.


3.1.1. Тәрбиенің мәні, мақсаты.
Тәрбие – бұл әлеуметтік құбылыс. Бірақ осы күнге дейін тәрбие проце-сіне көзқарас бірдей емес. «Тәрбие» түсінігі педагогика ғылымының негізгі категориясы болуына қарамастан, оны бір сөзбен сипаттап болмайды.
Педагогикада «тәрбие» түсінігі әлеуметтік тұрғыдан кең және тар мағы-нада қарастырылады. Кең әлеуметтік мағынада тәрбие алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа жинақтаған тәжірибесін беруі деп түсініледі.
Ал тар әлеуметтік мағынада тәрбие – бұл әлеуметтік институттардың адам бойында белгілі бір білімдер, көзқарастар мен сенімдер, моралдық құн-дылықтар, саяси бағыттылық пен өмірге дайындықты қалыптастыру мақса-тындағы бағытты әрекеті.
Тәрбие әлеуметтік тұрғыдан – бұл өсіп келе жатқан жастарды қоғам-дағы бүгінгі және келешектегі өмірге арнайы ұйымдастырылған, қоғам тара-пынан бақыланатын және түзетілетін мемлекеттік және қоғамдық құрылым арқылы мақсатты даярлау.
Тәрбие – бұл жеке басының максимал дамуына, баланың заманауи мә-дениеттің ішіне кіруіне, оның өз өмірінің субъекті әрі қожасы болып жетілуі-не, қадірлі адам болуына көмектесуші педагогтың мақсатқа бағытталған маз-мұнды кәсіби қызметі.
Тәрбиенің мақсаты белгілі бір қоғамның объективтік қажетінен туады. Тәрбиенің мақсатына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жүйесін қай-та құру, қоғамдық тәрбие орындарының типтері, оқу-ағарту мекемелерінің сипаты, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, формасы анықталады. Біздің елімізде тәрбиенің мақсаты жан-жақты жетілген, дербес ой-пікірі бар жеке адамды қалыптастыру болып табылады.
Өзбекстанның азаматы қандай болуы керек, оған қандай тәрбие мен бі-лім беру керек деген сұрақтарға Президент И.А. Каримов «Ўзбекистоннинг ўз истиқлол ва тараққиёт йўли» кітабында жауап береді. Кітапта тәрбие Өз-бекстанды жаңартy мен дамытудың 4 негізгі қағидасына:
1) жалпы адамзаттық байлықтарға;
2) халқымыздың рухани мирасын калпына келтіру және дамытуға;
3) адамның өз мүмкіншіліктерін еркін көрсетуіне;
4) отансүйгіштікке
негізделетіні көрсетілген.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling