Технократикалық парадигмада басты мақсат тәжірибені жетілдіруге қажетті «анық» ғылыми білімдерді беру және меңгеру есептеледі. «Білім - күш» деген қағидаға сүйеніп, бұл парадигма адамның танымдық мүмкіндік-теріне қарай құндылық екенін анықтайды. Адам өзінше бағалы емес, ол белгілі бір білімдерді не тәртіпті тасушы ретінде бағалы.
2.1.5. Шығыс және Батыс ойшылдарының гносеологиялық идеялары – оқыту процесінің негiзi ретінде.
Оқыту процесінің құрылымы оқытудың гносеоогиялық аспекттеріне байланысты болады.
Гносеология дегеніміз – ғылыми дүниетануды тексеретiн философия-ның бір тарауы болып, танымдық теориясы, диалектика заңдылықтары жата-ды. Мәдени даму тарихында адамның қоршаған ортаны, әлемді танып білуi-нің жалпы құрылымы мен басқыштарының тәсілдepi әртүрлі екені мәлiм. Бұл тәсілдер оқыту процесі құрылымының қиынын және оқытудың мәнін де анықтайды.
Орта ғасырлық біздің отандас данышпандарымыз Хорезми, Беруни, Фа-раби, Ибн Сино, Туси, т.б. ғылыми дүниетанымның әр қырына, оның прин-циптеріне, құрылымына, критерийлеріне аса қызығумен қарады.
IX ғасырда өмір сүрген Хорезми таным теориясына маңызды үлес қос-ты. Ол бiрiншiлерден болып танымның бақылау, тәжірибе, экспериментал методтарын ғылыми дәлелдеп берді, танымның жалпы ғылыми методтары-нан математикалық есептердi алгоритм методымен шешуді істеп шықты.
Ал Кинди (IX ғасыр) ғылыми танымның 3 басқыштан тұратын концеп-циясын (логика мен математика табиғи ғылымдаp арқылы метафизика проб-лемаларына кіреді) алға тартты.
Кинди адамның танымы сезімдiк және рационалдық (ақыл-ой талабына негізделген) деп бөледi. Сезімдiк танымға барлық денелік және материалдық жатады. Сезімдік таным ақылға материал жеткiзiп береді. Шын білімдi туды-ру, сыртқы әлем туралы түсінік тек ақыл-парасат арқылы жүзеге асады дейді
Фараби (Х ғасыр) Киндидің ақыл-ой, парасат туралы айтқандарын анықтап және ашып, былай жазды: бір нәpceнi танып білу үшін адам алды-мен оның қайсы бip жағдайын бiлiп алады. Фараби ғылымдарды классифика-циялады және танымдық қызметті ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсы-ныстар істеп шықты. Жақсы теоретик болу үшін мынадай үш жағдайды еске-ру керек екенiн айтады:
1.Сол ғылымның негізінде жататын барлық принциптерді білу.
2.Осы принциптерден керектi қорытынды шығара алу, яғни ойлау ере-желерiн білу.
3.Қате теорияларды әшкерелеп және басқа авторлардың пiкiрлерiн талдап, шындықты өтіріктен айыру, қателердi түзету.
Do'stlaringiz bilan baham: |