Дамытушы оқыту концепциясының басты идеясы – балалардың жал-пы дамуына ықпал ететін оқытудың жоғары нәтижесіне жету.
Бірақ бұл идеяда оқулықтарға, оқу программасына тікелей өту жолдары істелініп шықпады.
Дамытушы оқытуды ұйымдастыруда Л.В. Занков істеп шыққан дидак-тикалық принциптерге толық сүйенуге болады. Олар мыналар: 1) оқыту принципінің жоғары дәрежелі қиыншылығы; 2) программа материалдарын тез үйреніп алу темпі принципі; 3) теориялық білiмдердің басты ролі принципi; 4) оқу процесін оқушылардың саналы түсіну принципі.
50-жылдары оқытуда оқыту машиналары қолданыла бастады. Магнита-фон, телевизор т.б. оқытуда үлкен көмек болды.
Ал оқыту процесіне компьютерлердің кіріп келуі нағыз бетбұрыс бол-ды. Бұл дәуірге келiп оқыту процесін «технологизациялау», «компьюте-ризациялау» концепциялары дамыды.
Өркендеген мемлекеттердің педагогтары оқыту процесінде ЭВМдердi қолдану өте жақсы нәтижелерге жеткiзетiнiн жазып жүр. Мысалы, оқушылар компьютер арқылы өлеңдердi жылдам жаттап алады.
70-80 жылдарда Германияда, Англияда, Францияда оқыту процесiнде компьютерлер кең қолданыла бастады.
Көптеген ғалымдар оқыту процесiн модернизациялаудың (жағдайға қа-рап өзгерту) ең тиiмдi шарты жаңа компьютер технологиясын қолдану екенін дәлелдеп жүр.
«Технологизациялаудың» қиыншылықтары мынада: компьютерден пайдалану гигиенасын жақсы білмейдi. Дәрігерлер мен психологтар компью-терлердің бала организмі үшін зиянды жақтарын жар салып айтуда.
Дегенмен, жаңа техниканың пайдалы жақтары да жеткілікті. Атап айт-қанда, үй жұмыстары болмайды, барлық тапсырмаларды кластарда орындай-ды; бос уақыттарында оқушылар творчестволық жұмыспен шұғылданады, сабақ жекешелендіріледі; оқу процесiн басқару жеңілдейдi; ойлау қабілетiн, өз бетiнше жұмыс істеуін дамытады; оқу материалдарын тез меңгеріп алуға көмектеседі, өте көп информациялармен таныстырады т.б.
2.1.3. Оқыту процесі және оның функциясы.
Оқыту процесі – оқытушы мен оқушының бiр мақсатқа бағыталған өз-ара әрекеттесуінің нәтижесі арқылы оқушыға білiм беру міндетін шешу про-цесі. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту проце-сінің cинонимi оқу процесі, Тек оқу процесі дегенде белгiлi бiр оқу орнын-дағы оқыту процесі түсініледi.
Do'stlaringiz bilan baham: |