Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet22/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

1.5.3. Педагогикалық процестің этаптары.
Педагогикалық процесс циклділік сипатқа ие. Барлық педагогикалық процесс дамуының этаптары біртүрлі екенін аңғаруға болады. Этаптар – бұл педагогикалық процестің құрамдас бөлігі емес, процесс дамуының бірізділігі. Педагогикалық процесс дайындық, негізгі, қорытынды сияқты этаптардан құралған.
Педагогикалық процестің дайындық этапында процестің өтуі үшін тиісті жағдай жасалынады. Бұл этапта төмендегі аса маңызды міндеттер шешіледі: мақсатты белгілеу, жағдайды диагностикалау, жетістіктерді болжау, процестің дамуын жобалау және жоспарлау.
Мақсатты белгілеу – бұл педагогикалық процестің белгіленген бөлі-гінде және нақты бір жағдайында жетістікке жету үшін білім беру системасы-ның алдында тұрған жалпы педагогикалық мақсатты анық міндеттерге айнал-дыру.
Педагогикалық процесте мақсатты дұрыс қою және міндеттерді анық-тау үшін сол жағдайды диагностикалау қажет. Педагогикалық диагностикабұл педагогикалық процесс жүретін жағдай мен шарттарды анықтауға бағытталған зерттеушілік процедурасы. Оның басты мақсаты көзделген нәти-жеге жетуге әсер ететін немесе кедергі келтіретін себептер туралы дәл түсі-нік алу болып табылады.
Диагностикадан кейін педагогикалық процестің барысын және нәтиже-лерін болжау жүргізіледі. Болжау дегеніміз – процесс басталмастан алдын белгілі бір жағдайда оның беретін нәтижелерін бағалау. Ғылыми болжауды пайдалана отырып, процесс параметрлерін алдын ала теориялық жақтан өл-шей аламыз және есептей аламыз.
Диагностика мен болжаудың нәтижелеріне негізделіп, дайындық этапы-ның соңында педагогикалық процесті ұйымдастыру жобаланады. Толық түзетулерден кейін жобаны іске асыру жоспарланады. Педагогикалық про-цесс жоспарының әрекете болуының белгілі бір мерзімі бар. Жоспар – бұл қорытынды құжат болып, онда кім, қашан, не істеуі керек екені дәл белгіленеді.
Педагогикалық процесті іске асырудың негізгі этапын жеке бір система ретінде қарауға болады. Ол мынадай бір-бірімен өзара байланысты элемент-терден тұрады: алдағы қызметтің мақсаты мен міндеттерін қою және ашып беру; педагог пен оқушының өзара әрекеті; педагогикалық процестің белгілінген методтары, тәсілдері және формаларын пайдалану; қолайлы жағдайды жасау; оқушылар қызметін ынталадырудың әр түрлі шараларын жүзеге асыру; педагогикалық процесті басқа да процестермен байланысын қамтамасыз ету.
Процестің тиімділігі бұл элементтердің бір-бірімен қаншалықты мақсат-қа лайық байланысқанына, жалпы мақсаттың және біріне-бірінің бағыттал-ғандығы мен іс жүзінде амалға асырылуы қайшы келмеуіне тәуелді болады.
Педагогикалық процесті іске асыру этапында жылдам басқару шешімде-рін қабылдауға негіз болатын кері байланыс үлкен роль ойнайды. Кері байла-ныс – процесті сапалы басқарудың негізі. Оның дамуы мен нығайуына әрбір педагог аса мән береді. Тек оған сүйене отырып педагогикалық басқару мен оқушылар жағынан өзінің қызметін басқарудың рационал ара қатынасын та-буға болады. Педагогикалық процесс барысындағы жедел кері байланыс педагогикалық өзара әрекетті икемдейтін дер кезіндегі түзетулерді енгізуге әсер етеді.
Педагогикалық процестің циклі қол жеткізген нәтижелерді талқылау этапымен аяқталады. Ол келешекте қателіктерді қайталамау үшін, алдыңғы-дағы тиімсіз жағдайларды кейінгі циклде ескеру үшін қажет. Таңдағыш талдау мен өзін-өзі талдау – педагогикалық шеберлікке жетудің тура жолы.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling