Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Орта мектеп жасындағы оқушыларға тән қасиеттер


Download 1.31 Mb.
bet19/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Орта мектеп жасындағы оқушыларға тән қасиеттер: жеткiншектер үдемелi қарқынмен өседі, әсіресе қыздар 14-15 жасқа дейiн бойының өcyi жағынан балаларды басып озады. Балалардың тез өcyi 13 жастан басталып 16-ға дейiн созылады.
Бұл кезеңде жүрек екі есе ұлғаяды, ал дене бір жарым есе ғана үлкейедi. Бұл қан алмасуын күшейтедi. Осыдан жеткiншек тез шаршағыш болады.
Жеткіншектік жаста жыныстық пісіп-жетілу кезеңі де басталады, ал қыз-дар тез жетіліедi.
Бұл дене дамуының күрделілігі мен қарама-қайшылығы жеткіншектің психикалық дамуының ерекшеліктеріне әсерін тигізеді.
Жеткіншектер өздерiнің есейгенiн сезіп, дербес болуға әрекет жасайды. Қарсыласқыш, өзімшіл, сын таққыш, өкпелегіш, ашуланғыш болып қалады.
Бұл кезде олар өздерінің сырт көріністерiне көбірек көңіл бөледi. Басқа-ларға еліктегіш келедi. Өздерiне сын көзбен қарайды. Кемшiлiктерi болса, содан намыстанамын деп жүріп, кейде асырып жібepeдi.
Жеткіншектерге сыртқы жағдай әсіресе кітап, радио, телевидение, жол-дастары күшті әсер ете бастайды. Достық және жолдастық қарым-қатынас мәселелері басты тақырыптары болады.
Жеткіншектердің дамуы мен мінез-құлқындағы осындай ерекшеліктерді білу мұғалімre аса қажет. Мұнда мұғалімнің аса ұстамдылығы, үлгілі болуы үлкен роль атқарады.
Жоғары класс оқушылары. Жасөспірiмдiк шақ ең жауапты кезең. Көпшілігі үшін тәрбиешілердің арнайы, бағдарлы мақсат көздеп ықпал жа-сауы аяқталады. Енді оларды өмірдің өзі тәрбиелей бастайды.
Бұл жаста денелерiнің дамуындағы теңсіздік дерлiк аяқталады. Қоғам-дық көзқарас қалыптасады. Танымдық қабілеті дамиды. Білімнің кейбiр сала-сына тұрақты қызығушылық пайда болады. Бұл көбінесе белгілі бiр маман-дыққа, еңбек саласына деген мүдденің пайда бола бастауына байланысты. Әр түрлі өмірлiк проблемалар бойынша өзiнің пікірiн айта алады. Кейде acығыс-тық та болады. Жас өсіпрімдер мен қыздар өзiн-өзi тәрбиелеуге ұмтылады. Достық қарым-қатынастары берiк болады. Махаббат сезімi оянады. Таңдап, талғап киінеді. Өзіне идеал іздей бастайды.
Бұл жастағы оқушылармен мұғалімдер тең дәрежеде қарым-қатынаста болғаны абзал. Оқытушыларының да, ата-аналарының да өздерін түсінуін, дос болуын қажет етеді.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling