Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Феноменологикалық (гуманистік) парадигма (А.Мааслоу, А.Комбс, К.Роджерс, Л.С.Выготский, т.б.)


Download 1.31 Mb.
bet29/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Феноменологикалық (гуманистік) парадигма (А.Мааслоу, А.Комбс, К.Роджерс, Л.С.Выготский, т.б.) оқушыны өмірдің субъекті ретінде, өзін-өзі дамытуға қажеттілік сезінетін дербес және рухани жеке адам ретінде қарайды. Бұл парадигма баланың ішкі әлемін дамытуға, адамдар арасындағы қатынасқа, диалогқа, жеке өсуіне көмектесуге бағытталған. Білім берудің феноменологикалық (феномен – гррекше «phainomenon» - жұрттан ерекше, ерен қабілеті бар адам) моделі білім алушылардың индивидуал-психология-лық ерекшеліктерін есепке алып, оқытуға жекелік сипат беруді, олардың қызығуы мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды ұйғарады. Бұл парадигма өкілдері оқушыны ғажайып тұлға деп есептейді және оның дербес даму мен білім алу құқықын жақтайды. Гуманистік парадигма аясында білім берудің әртүрлі моделдері болып, оларды балаға және оның балалығына құндылық ретінде қарайтын көзқарас біріктіреді. Олардың пікірінше, мектеп баланы ақыл-ой, мінез-құлық, дене, эстетикалық жақтан дамыту керек. Гуманистік бағыттылық оқушының да, оқытушының да еркін болуын және творчество-сын қуаттайды.
Гуманистік бағыттылық 1991 жылдан кейін Өзбекстанның білім беру кеңістігіне кіріп келді. Бұл парадигманың ядросы оқушыға адамилық қаты-наста болу, өмірге даярлау және қоғамға бейімделуге үйрету болып табыла-ды. Гуманитарлы білім беру парадигмасының орталығында дайын білімдерді игеріп алатын оқушы емес, шындықты танитын АДАМ тұрады. Оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы диалог, ынтымақтастық, бірлесіп жарату, өзінің позициясын таңдауда біргеліктегі жауапкершілік сияқты принциптер негізінде құрылады.
Адамның қоршаған ортамен өзара әрекетінің бұдан да жоғары дәрежесі бар. Бұл эзотерикалық (грекше «esoterikos» - ішкі, сырлы, жасырын, тек ар-наулыларға ғана тиісті) парадигмада белгіленген. Бұл моделдің мәні сонда, ақиқат мәңгі, өзгермес екенін ұқтыруында. Парадигманы жақтаушылар ақиқатты біліп болмайды, оған тек пайымдау арқылы жету мүмкін дейді. Педагогикалық қызметтің ең жоғары мағынасы санадан тысқа шығу үшін космоспен қатынаста болуға оқушылардың табиғи күштерін босату және дамытудан тұрады. Мұнда, әсіресе, оқытушының оқушыны құлықтық, дене, психикалық жағынан даярлау және бар күшін дамыту үшін қорғаушылық функциясы аса қажет.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling