Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet32/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Мотив дегеніміз – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бей-нелейтін әрекетіне ішкі талаптануы. Егер мотив болмаса, іс-әрекет бейтарап іске айналады. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивацияның негізі болады. Мұқтаждық оқушылардың оқуға деген ынтасын көтереді.
Оқыту тәжірибесінде оқудың әртүрлі мотивтері болады:
1. Ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі.
2. Оқушы өзі көздеген мақсатына ұмтылушылығы, оған жататын мотив- тер: а) мамандық таңдау мен пәнге қызығушылығы; ә) мамандық таңдауға қатысы жоқ белгілі іс-әрекеттерге қызғыушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт).
Мотивтер жасына қарай өзгеріп отырады. Кіші сыныптарда тікелей та-лаптандыру мотиві, жоғары сыныптарда перспективті мотивтер үлкен роль атқарады.


2.1.7. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.
Оқыту табысты болуы үшін тек оқытудың мәнін, құрылысын білу ғана емес, оның заңдылықтарын да білу қажет.
Педагогикада заңдылықтар – бұл заңдар әрекетінің айқын жағдайлар-дағы көрінісі. Оқыту заңдылықтарының өзіне тән ерекшеліктері сол, олар педагогикада ықтималды-статистикалық сипатқа ие. Бұл оқыту процесінде барлық жағдайларды қарастыру және заңдардың іс жүзінде көрінуін дәл анықтау мүмкін емес екенін білдіреді.
Заңдылықтар негізінен эмпирикалық методтар, яғни тәжірибе арқылы пайда болады. Олар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
1. Оқыту процесінің сыртқы заңдылықтары оқытудың қоғамдық-әлеу-меттік, саяси-экономикалық процестер мен жағдайларға тәуелді екенін сипат-тайды.
2. Оқыту процесінің ішкі заңдылықтары оның компоненттері, яғни мақ-саты, мазмұны, тәсілдері, методтары, формалары арасындағы байланысты орнатады. Мұндай заңдылықтардан бірнешеуін санап өтейік:
- педагогтың оқыту қызметі көбінесе тәрбиелеушілік сипатта болады. Бұл заңдылық тәрбие мен оқытудың арасындағы байланысты білдіреді;
- оқытушы мен оқушының өзара әрекеті және оқыту нәтижелері арасында байланыс болады. Бұл заңдылық оқытушы мен оқушылардың бірлескен тұтас коллективі болмаса, оқыту процесінің болмайтынын көрсетеді;
- оқу материалын меңгерудің беріктігі өтілген тақырыптарды жүйелі түр-де қайталап отыру және оны жаңа өтілетін тақырыппен сабақтастыруға бай-ланысты болады.
Оқытудын бұл заңдылықтары дидактикалық принциптерде көрініс таба-ды. Дидактикалық принциптер дегеніміз – барлық оқыту процесінде және түгелдей оқу пәндерінде басшылыққа алынатын негізгі қағидалар, педаго-гикалық талаптар жүйесі.
Қазіргі заман дидактикасында принциптер жүйесi мыналарды қамтиды:
- оқытудың ғылымилығы;
- оқытудың көрнекiлігі;
- оқытудың саналығы және белсендiлігі;
- оқытудың түсініктілігі;
- оқытудың жүйелілігі және бiрiздiлігі;
- оқытудың берiктігі және тиянақтылығы;
- оқытуда теория мен практиканың байланыстылығы;
- оқытуда оқушыға білім беру, тәрбие беру және оны дамыту бiрлiгi;

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling