Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Рационалистік (бихевиористік) парадигма
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
Рационалистік (бихевиористік) парадигма (П.Блум, Р.Ганье, Б.Скин-нер, т.б.) басты назарын білімнің мазмұнына емес, оқушылардың әртүрлі білімдерді меңгеруінің тиіміді тәсілдеріне қаратады. Білім берудің рациона-листік моделі негізінде Б.Скиннердің әлеуметтік инженериясының бихевио-ристік (ағылшынша behavior - құлық) концепциясы жатады.
Олардың айтуынша, мектептің мақсаты – оқушыларды батыс мәдениеті әлеуметтік нормаларына, талаптарына, көздеген мақсаттарына сай келетін «құлықтық репертуарды»қалыптастыру. Рационалистік парадигма өкілдері оқыту процесінде шаблонға қарап әрекет етуді алға сүреді. Ал оқытушы қызметі тек оқушыларға тасып берумен шектеледі. Мұндай оқытудың негізгі методтары үйрету, тренинг, тестік бақылау, индивидуал оқыту, түзетуден ғана тұрады. Ғылымды құлық тіліне аударған американ педагогы Р.Мейджер де бұл концепцияны жақтай отырып, өзінің білімдерді толық меңгеру концепциясын істеп шықты. Бұл концепция шартының бірі оқыту мерзімінің шексіздігінде. Негізгі фазалары: жоспарлау, диагностикалау, рецептура, ұйымдастыру, оқыту нәтижелерін бағалау. Білімді үздіксіз меңгеру концепциясымен П.Блум концепциясы да байланысты болып, ол оқушыға оптимистік тұрғыдан қатынаста болуымен ерекшеленеді. Блум оқушылар тек үлгеріп қана қоймастан, табысты оқуы да мүмкін дейді. Ол білім алушыларды мынадай категорияларға бөлді: - қабілеті кемдер 5%-тей; - дарындылар 5%-тей; - дағдылылар 90%-тей; Блумның концепциясы 95% оқушылар, оқыту мерзіміне шектеулер алып тасталынса, оқу курсының барлығын меңгеруге жағдайы бар екенін көрсе-теді. Блумның методикасы: 1. Сынып яки курс үшін білімдерді толық меңгеру эталондарын, крит-рийлерін анықтау. Соның негізінде оқытушы оқытудың анық нәтижелер тізімін істеп шығады. Тесттер түзіледі 2. Оқу бірліктері – оқу материалының тұтас бөліктері белгіленеді.Одан кейін бұларды меңгеру нәтитжелері анықталады. Нәтижеде қорытында баға-лауға тәсір етпейтін ағымдағы тесттер түзіледі. 3. Толық меңгеруге бағытталған әр бір оқу бірлігін оқыту. Бұдан соң барлық курс бойынша материалдарды толық меңгергенін анықтау тесті өткізіледі. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling