Оқытудың түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың білім дең-гейіне және жас ерекшеліктеріне сай болуын талап етеді. Я.А.Коменский бұл принципті «жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісіз-ге» бару деп түсіндіреді.
Оқыту оқушылардың денсаулығына зиян келетіндей аса жоғары интел-лектуалдық және эмоционалдық күш түсірмеуі керек. Бұдан оқыту жеңілде-тілсін деген де ұғым пайда болмайды. Тәжірибелі мұғалім оқушыларды оқу-дағы субъектив қиыншылықтарды жеңуге үйретеді, сол қиыншылықтардан
шығудың жолын табуға әрекет етеді. Ал аса дарында балалар үшін тереңірек
білім берудің әдіс-тәсілдерін қарастырады.
Оқытудың жүйелілік және бiрiздiлік принципі. Оқыту процесінің бар-лық элементінде жүйелілік және бiрiздiлік қажет. Программадағы материал-дардың орналасуы да, оқытушының білім беру қызметі де, оқушылардың оқу материалын үйренуі де, олардың білім, дағды, іскерліктерін тексеру де осы принциптерге сүйенеді.
Оқу материалдарының арасында логикалық байланыстың болатынын ес-керсек, тақырыптардың барлығын міндетті түрде оқып-үйрену керек болады. Оқу материалын бірізділікпен үйрену арқылы оқушылар өтілген тақырыптар-ды қайта еске түсіріп, жаңа материалдарды онымен байланыстырады. Жүйелі түрде атқарылған мұндай әрекеттер арқылы оқушыларда білімдер қоры жи-налады.
Оқытудың берiктік және тиянақтылық принципі оқытудың барлық принциптерімен тығыз байланысты. Оқушылар ғылыми білімдерді саналы түсініп, жүйелі түрде меңгерсе, онда бұл білім берік есте сақталынады.
Білімді меңгеріп, оны іс жүзінде қолдана алу үшін оқушылар тиянақты жұмыс істеуі керек. Сабаққа кеш келу; бір тақырыпты оқып, екіншісін оқы-мау; сабақта белсенділік танытып, үй жұмысына салғырт қарау сияқты әдет-тер тиянақты жұмыс істемеудің салдарынан пайда болады. Бұл оқушылардың оқу пәндерін толық меңгере алмауына әкеп соқтырады.
Қазіргі күндегі оқушылардың білімін рейтинг системасында бағалау оқытудың берік және тиянақты болуын талап етеді. Күнделікті бақылау ба-рысында оқушының берік болмаған білімі бағаланбай қалуы ықтимал. Бұл оның рейтинг көрсеткішіне әсер етеді.
Do'stlaringiz bilan baham: |