Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Бiлім берудің үздiксiздiгi және бiрiздiлігi принципі


Download 1.31 Mb.
bet3/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Бiлім берудің үздiксiздiгi және бiрiздiлігi принципі Республикада үздік-сіз білім беру жүйесінің барлық басқыштары өзара байланысты қызмет көрсе-туін белгілейді. Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу программалары академиялық лицей және кәсіптік коллеждердің, өз ретінде олардың оқу прог-раммалары жоғары оқу орындарының оқу программаларымен үйлесімді түзі-ліп, кейінгісі алдыңғы басқыштағы мағлұматтарды кеңейтеді және дамытады.
Жалпы орта, сондай-ақ орта арнаулы, кәсіптік білімнің мiндеттілігi принципі, біріншіден, оқушылардың пәндер бойынша үздіксіз білім алула-рын, олардың білім алуға деген ынтасын, негізгі оқу-ғылыми және жалпымә-дени білімдер мен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік қасиеттерін, творчестволық ойлау, еңбек ету, мамандық таңдау дағдыларын қалыптастыруды; екіншіден, оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығуларын есепке алып, олардың интеллектуал дамуын, тереңдетіл-ген, салаландандырылған, дифференцияланған, мамандандырылған білім алуын қамтамасыз етуді; үшіншіден, оқушылардың мамандыққа бейімділігі бойынша білім мен дағдыларын, таңдаған кәсібінің бірнеше бағыттағы ма-мандықтарын меңгеру мүмкіндіктерін жасауды көрсетеді.
Орта арнаулы, кәсіптік білімнің бағытын академиялық лицейде яки кәсіптік коллежде таңдаудың ерекшелiгі принципінің мәні оқушылардың жаңа түрдегі оқу орындарында білім алу бағытын ерікті түрде таңдау құқықы-на ие екенін білдіреді. Бұл екі түрдегі 3 жылдық арнаулы білім беру бағытта-рын өз қабілеттері және қалауларымен таңдайды. Осылайша оқушылардың академиялық білімдерін жетілдіруі, белгілі бір кәсіпті игеруі үшін жағдай жа-салынады.
Білiм беру системасының зиялылық сипатта болу принципі білім бе-рудің өркендеуі ғылыми негіздерге ие болып, ол ғылым мен техниканың, мә-дениеттің жетістіктерімен бірге дамуын назарда тұтады.
Адамзат өмірбойы өркениетке қарай ұмтылады, соның нәтижесінде жаңа ғылыми жетістіктерге қол жеткізеді. Білім беру системасы осы ғылымдағы жаңалықтарды жеткізіп беруін қамтамасыз етеді. Бұл білім беру системасы-ның ғылыми болуын талап етеді.
Мемлекеттік білім стандарттары шеңберінде білім алудың барлығына ашықтық принципі Өзбекстан Республикасының «Бiлiм беру туралы» Заңының 4-бабында белгіленгеніндей, азаматтар ұлты, тілі, жынысы, жасы, діни сенімі, әлеуметтік келіп шығуы, дәрежесі, қызмет түрі, мекені және Өз-бекстан Республикасында қай уақыттан бері жасауына қарамастан білім алу құқықына ие екенін ашып береді.
Жоғарыда көрсетілген бабта, сонымен бірге, шет елдік азаматтардың Өзбекстан Республикасы территориясында халықарылық бітім негізінде бі-лім алу құқықына ие екені белгіленген.
Өзбекстанда жасайтын азаматтығы болмаған жеке адамдардың Өзбек-стан Республикасы азаматтарымен бірдей білім алу құқықына ие екені бұл принциптің адам және оның мүдделеріне қызмет ететінін көрсетеді.
Республикамызда оқыту өзбек, орыс, қарақалпақ, қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беру мекемелері бар. Бұл барлық ұлттардың теңдік негізінде білім алуларын көрсетеді. Сонымен бірге республикамыздың барлық жерінде «жексенбілік мектептер» ұйымдастырыл-ған, онда әрбір ұлт өкілі демалыс күндері өз еркімен ана тілінде білім алуы мүмкін.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling