НЕГІЗГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР СӨЗДІГІ
Абстракты ойлау – маңызды емес екінші дәрежелі белгілерден аулақтнып,
жалпы және маңыздыларын бөліп алу, сөйтіп осы негіз-
де абстракты ұғымдарды тұжырымдау іскерлігі.
Адамгершілік тәрбиесі – жас ұрпақта адамгершілік мінез-құлық нормала-
рын қалыптастыруға; семьяға, Отанға адал болуды тәр-
биелеуге; халықтар достығын құрметтеуге, адамгерші-
лік парызын сезінуге бағытталған арнайы педагоги-
калық қызмет.
Адамның дамуы – оның дене күші мен психикасының сан және сапалық
жағынан өзгерiстерге ұшырауы.
Адамның мұраты – адамның өмірге ұмтылуы, талаптануы, мақсаты.
Азаматтық тәрбие – әлемнің бiрлiгi мен өзара байланыстылығы, бейбiтші-
ліктi сақтау және карусыздандыру, экологиялық мәсе-
лелердi шешу, әлемдiк өнер мәдениетiн сақтау, эконо-
микалық, ғылыми, мәдени қатынастарды орнату және
қоғамдық белсенділiк сияқты түсінiктердi қалыптас-
тыруға бағытталған арнайы педагогикалық қызмет.
Академиялық лицей – білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқу-
шылардың қызығулары мен қабілеттері есепке алынған
түрде олардың жедел интеллектуал дамуын, тереңдетіл-
ген, дифференцяланған, мамандыққа бағытталған білім
алуын қамтамасыз ететін орта арнаулы оқу орны.
Алгоритмдік ойлау – белгіленген нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекет-
терді қатаң орындауға нұсқау беру арқылы жұмысты
орындау іскерлігі.
Анализ – бүтінді бөлшектерге бөліп, жеке-жеке талдау.
Аномал балаларды оқыту және дамыту – бұл білімдер, дағдылар, іскерлік-
тер және өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі тәсілдерін
беру мен меңгертудің мақсатқа бағытталған процесі.
Аномал балаларды тәрбиелеу – дефектің дәрежесі мен құрылымына қарай
қолайлы методар мен тәсілдерді пайдаланып, оларды
белсенді қоғамдық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық
сапаларын қалыптастыру процесі.
Do'stlaringiz bilan baham: |