Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet55/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Бақылау функциясы оқушылардың білім, дағды және іскерліктерінің дәрежесін анықтау мен бағалаудан тұрады. Бұл оқу материалдарын үйрену-дің кейінгі басқышына өту мүмкіндіктерін анықтайды және оқытушының оқу методтарын, тәсілдерін дұрыс таңдағанын бақылайды. Бақылау міндеті оқу материалдарын үйренудің дұрыс жолдарын табумен байланысты болады.
Оқыту функциясы оқушылардың білімін тексеруде анық көрінеді. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде яки үй тапсырмаларын тексеруде оқушылар үшін өтілген тақырыпты қайталауға, түсініксіз болған жағдайларды біліп алуға мүмкіндік туады. Себебі сыныпта жауап беріп тұрған оқушының пікірлерін басқа оқушылар көңіл бөліп тыңдауы арқылы алдыңғы білімдерін бекітеді, оны қосымша мағлұматтармен байытады. Жолдастарының жауаптарына қосымша жасауға яки шешілмей қалған сұрақтарға жауап беруге дайында-луда олар өтілген тақырыпты анықтауға әрекет етеді.
Бақылаудың тәрбиелеу функциясына оқушылардың тексеруге дайын болуы үшін сабақты өз уақытында орынындауы, бос уақыттарынан үнемді пайдалануы, тәртіпке үйренуі жатады. Сондай-ақ, тексеру мен бағалау оқу-шының өз білімі мен қабілетін өзі анықтауына да жәрдем береді. Өзіндегі кемшіліктерді көре білуге және оны жоюға көмектеседі. Бірақ оқытушы оқу-шының білімін бағалауда әділетсіздік жасаса, оқытушы мен оқушының ара-сында келіспеушілік пайда болады. Үй тапсырмаларының шамадан тыс көп болуы да оқушылардың сабақ дайындауға немқұрайды қарауына әкеп соқты-рады.
Егер бақылаудың оқыту және тәрбиелеу функциялары дұрыс орындалса, онда оқушының ақыл-ойын дамытуға, сезімдері мен моралдық қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік туылады. Бұл өз-өзінен бақылаудың дамытушы функциясы саналады.
(Жоғарыдағыларды И.П.Подласыйдың «Педагогика» (М.,2001) оқулы-ғынан пайдаланып жаздық.)


2.5.4. Оқушылардың оқу-таным қызметін бақылаудың түр-лері, формалары және методтары.
Қазіргі дәуірдің педагогикалық тәжірибесінде оқушылардың оқу-таным қызметін бақылау төмендегі түрлер бойынша жүзеге асырылады:
күнделікті бақылау КБ.
аралық бақылау АБ.
қорытынды бақылау ҚБ.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling