Өзін-өзі тәрбиелеу – өз мінез-құлқына өзі баға бере алуды, басқалар-мен салыстыра алуды көздейдi. Бұл жағдайда адам субъектке айналады. Өзін-өзі тәрбиелеу жасөспірiм шақтан басталады. Тәрбиешi оқушыға өзін-өзі тәр-биелеуде көмек беріп, жеке программаларын жасауда басшылық жасайды.
Тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күштерi тәрбие тиімді-лігін арттыруда өте қажет екенiн білу – әрбір тәрбиешiнің мiндетi. Себебі бұл процесс тәрбие жұмысының бағыттылығын арттырады, мұғалімдер мен оқу-шылар коллективтері қызметтерiн жандандырып, олардың қоғамдық белсен-дiктерi мен еңбекке құштарлықтарын дамытып, педагогикалық еңбектің соң-ғы қорытынды нәтижесін көре білуге мүмкіндiк береді.
3.1.4. Тәрбие заңдылықтары. Тәрбие принциптерi.
Тәрбие процесінің заңдылығы педагогикалық құбылыстар мен процес-тердің бір-бірінен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталады.
Тәрбие процесінің бipiншi заңдылығы – тәрбие процесінің мазмұны қоғамдық ортаның объективтік және субъективтiк факторларымен тығыз бай-ланыста болуы.
Екіншісі – жеке адам тәрбиесi мен дамуының бiрлiгi және өзара байла- ныстылығы
Үшіншісі – тәрбие процесінің мазмұны жеке адамның ішкі позициясы-на жасаған ықпалының жоғары болуы.
Tөртіншісi – тәрбие процесiнің қорытынды нәтижесi бүгінгi өмір тала-бына сай болуы.
Бесіншісi – тәрбие мен тәрбиелеу бірлігі.
Тәрбие принциптері дегенiмiз – тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдас-тырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер, алғы шарттар, талаптар және бағыттаушы қағидалар жиынтығы.
Тәрбиенің мақсаттылық принципі. Педагогикалық жұмыстың жемістi болуы үшін тәрбиенің мақсат-мiндетi анық, айқын болуы керек. Тәрбие жұ-мысының мақсаттылығы, идеялық бағыттылығы тәрбиелiк iс-әрекеттi бағдар-сыздықтан, кездейсоқтықтан сақтандырады.
Тәрбиенің өмірмен байланыстылық принципі. Оқушыларды қазіргі өмірдiң барлық саласынан хабардар болуды, өз елiнің, халқының өткенi мен бүгінгісiн білуді, жалпыадамзаттық қадір-қасиеттерді меңгерудi талап етеді.
Do'stlaringiz bilan baham: |