2.5.5. Білім, іскерлік және дағдыларды бағалау критерий-лері.
Оқушылардың білім, дағды және іскерліктерін бағалау критерийлері әр-дайым да даулы мәселе болып келген. Біріншіден, бағалау критерийлері пе-дагогикалық әдебиеттерде әртүрлі көрсетілген. Екіншіден, бағалау, баға қою көп мемлекеттерде біркелкі емес. Бірақ барлығын қорытындылай келе, оқу-шылардың білім, дағды, іскерліктерін бағалау критерийлері әр бір пәннің мақсат-міндеттерінен, сондай-ақ оқушылардың үлгерімінен келіп шығады десек болады.
«5» баға – а) оқушы программа материалдарын толық меңгерген болса; б) үйренілген тақырыптағы негізгі пікірлерді ашып бере алса; в) меңгерген білімдерді іс жүзінде пайдалана алса; г) тақырыпты баяндауда, жазбаша жұ-мыстарда қате жібермесе қойылады.
«4» баға – а) оқушы үйренілген тақырыпты білсе; б) оқытушының сұ-рақтарына қиналмай жауап берсе; в) меңгерген білімдерді іс жүзінде пайда-лана алса; г) ауызша жауапта шамалы қате жіберіп, оқытушының қосымша сұрақтары арқылы қатесін түзетсе, сондай-ақ жазбаша болмашы қате жібер-се қойылады.
«3» баға – а) оқушы үйренілген тақырыпты меңгерген, бірақ өз бетінше түсіндіруде оқытушының айқындаушы сұрақтарына қажеттілікті сезсе; б) сұ-рақтардың логикалық желісін өзгертіп бергенде, жауап беруге қиналса; в) жазба жұмыста қателері болса қойылады.
«2» баға – а) оқушының үйренілген тақырып туралы түсінігі бар, бірақ тақырыпты меңгермеген болса; б) жазбаша жұмыста маңызды қателер жі-берсе қойылады.
«1» баға – а) үйренілген тақырып бойынша түсінігі жоқ болса; б) жаз-баша жұмыста өрескел қателері болса қойылады.
Барлық оқу пәндерi бойынша бағалау критерийлерi жалпы орта білім берудің мемлекетік стандарты талаптарына сай белгіленеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Оқушылардың білім алғандығын диагностикалау дегеніміз не?
2. Диагностиканың бағалау мен тексеруден айырмашылығын айт.
3. Бақылау мен тексеру түсініктерін сипатта.
4. Тексеру системасы қадай буындардан тұрады?
5. Бақылаудың тексеруден басқа қадай түрлері бар.
6. Оқушылардың меңгеру нәтижелерін есепке алуда неге көңіл бөлу керек?
7. Бақылау және есепке алудың міндеттері қандай?
8. Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалауға қойылатын талаптар қандай?
10. Оқу қызметі нәтижелерін есепке алудың қандай методтары бар?
11. Рейтинг системасы не?
12. Бағалау критерийлерін түсіндір.
Do'stlaringiz bilan baham: |