3.1.2. Тәрбиенің мiндеттері мен мазмұны.
«Тәрбие» түсінігі өте кең, оны қоғамдық құбылыс, қызмет, процесс, құндылық, система, ықпал, өзара әрекет ретінде түсінуге болады.
Оқу-тәрбие мекемелерінде амалға асырылатын тәрбие кең педагогика-лық мағынада – бұл коллективтің, тәрбиешілердің тәрбиеленушіде белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие мекемелерінде іске асырылатын және барлық оқу-тәрбие процесін қамтитын, арнайы ұйымдасты-рылған, мақсатқа бағытталған, басқарылатын ықпал жасау, ал тар педагоги-калық мағынада тәрбие – бұл анық тәрбиелік міндеттерді шешуге бағыттал-ған тәрбиелік жұмыс процесі мен нәтижесінің системасы деп қаралады.
Оқу-тәрбие мекемелерінде берілетін тәрбиенің негізгi мiндеттерi:
дүниетанымы кең, ой-өpісi жоғары, жан-жақты дамыған адамның негізін қалыптастыру;
еңбек, қоғам, отбасы және уақытты пайдалана білуге әзірлеу;
кәсіп таңдауға, өз тағдырын өзi шешуге мүмкіншілiк жасау;
жастардың өзiн-өзi тәрбиелеуiне, өз бетімен білiм алуына мүмкіндік жасау.
Тәрбиенің мазмұны дегенде тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай оқушылар меңгеруі керек болған білімдер, сенімдер, дағдылар және жеке адамның сапалары мен келбеті, мінез-құлықтың тұрақты әдеттері түсініледі.
Тәрбиенің мақсаты тәрбиенің барлық сатысында алға қойған мiндеттер-ге сай, балалардың даму және жас ерекшелiктерi ескеріле отырып, тәрбие салаларының мазмұны арқылы іске асырылады.
Тәрбиенің салалары: ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық, экономикалық, құқықтық, экологиялық.
Ақыл-ой тәрбиесiнің мазмұнына оқушылардың ойлау қабілетін, дүние-ге ғылыми көзқарасын жетілдiру және қалыптастыру, ғылыми білiммен қару-ландыру жатады.
Адамгершілік тәрбиесі мазмұнына адамгершілік мінез-құлық нормала-рын қалыптастыру: семьяға, Отанға адал болуды тәрбиелеу, халықтар досты-ғын құрметтеу, адамгершілік парызын сезіну жатады.
Do'stlaringiz bilan baham: |