Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бiрлiкте болу принципі


Download 1.31 Mb.
bet64/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бiрлiкте болу принципі дегенiміз баланы жан-жақты білу, оның қасиеттерi мен мүмкіндiк-терiн, күшті және осал жақтарын айқындау және оның жағымды қасиеттері-нің дамуына педагогикалық қолайлы жағдай туғызу, ықпал жасау болып та-былады. Балаға жоғары талап қою, оған сенім көрсетумен ұштасуы керек. Жеке басын сыйлау, оған тым қамқорсымай, ілтипатпен қарым-қатынас жа-сауды талап етеді.
Сана мен мінез-құлықтың бірлiк принципі адам бойында ар-ождан, талғам, мәдениеттi мінез-құлық, адамгершілік қадір-қасиеттepдің үйлесiмдi дамуын қажетсiнедi.
Балалардың жас және дара ерекшелiктерiн есепке алу принципі. Мұнда тәрбиенің нақты міндеттері мен оқушыларға қойылатын талап олар-дың жас және дара ерекшелiктеріне, тәрбие деңгейіне тәуелдi болуы керек.
Тәрбие жұмысында адамның жақсы қасиеттеріне арқа сүйеу прин-ципі өте жоғары бағаланады. Бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жақсы қа-сиеттерін дамыту, оны жаман әдеттерден сақтандыру, оған сенiммен қарау деген сөз.
Тәрбие жұмысының табысты болуы үшін семья мен мектеп әрекетінің бірлігі принципінің де үлкен маңызы бар. Егер мектеп пен семьяның балаға беретiн тәрбиесінде керегарлық болса, онда бала моралдық негіздерді игере алмайды.
Сонымен, тәрбие процесiнде барлық тәрбие принциптерінің негізінде педагогикалық ықпалдың бiр-бірімен байланыстылығы, сабақтастығы принципі жүзеге асырылады.


Бақылау сұрақтары:
1. Тәрбие нің мәні неде?
2. Тәрбиенің мақсаты қандай?
3. Тәрбиенің міндеттері неден тұрады?
4. Тәрбиенің мазмұны дегеніміз не?
5. Тәрбиенің салалары және олардың мазмұнына сипаттама бер.
6. Тәрбие процесі дегеніміз не?
7. Тәрбие процесінің ерекшеліктері қандай?
8. Мектепте тәрбие процесінің бағыттары қандай?
9. Өзін-өзі тәрбиелеу не үшін керек?
10. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерiне сипаттама бер.


3.2. Балалар тәрбие коллективі – тұтас педагогикалық процестің негізгі формасы



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling