Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Оқыту процесінде бақылау мен есепке алудың функ-циялары


Download 1.31 Mb.
bet54/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

2.5.3. Оқыту процесінде бақылау мен есепке алудың функ-циялары.
Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі - бақылау мен есеп-ке алу. Оқытушы оқыту барысында бақылау мен есепке алуды дұрыс ұйым-дастырса, онда оқыту процесінің тиімділігі артады. Бұл үшін ол оқушының оқу материалдарын меңгеруін анықтап баруы керек.
Бақылау түсінігі оқушының білім, дағды және іскерліктерін анықтау, өлшеу мен бағалауды білдіреді.Анықтау мен өлшеу есе тексеру деп аталады.
Тексеру бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде оқытушы мен оқушының арасында кері байланыс орнатуды, оқу материалын меңгеру дәрежесі туралы оқытушының анық хабар алуын, білімдегі кемшіліктер мен қателіктерді дер кезінде анықтауды қамтамасыз етеді.Тексерудің мақсаты тек оқушының бі-лім алғандық дәрежесі мен сапасын анықтау емес, оның оқу қызметінің көле-мін де анықтау болып табылады.
Тексеру системасындағы бірінші буын оқушының білім дәрежесін ал-дын-ала анықтау болып саналады. Әдетте, бұл оқу жылының басында яки жаңа тарауды бастаудан алдын оқушылардың алдыңғы алған білімдерін анықтау мақсатында өткізіледі.
Білімдерді тексерудің екінші буыны әрбір тақырыпты меңгеру бары-сында жүргізілетін күнделікті тексеру болып есептеледі. Күнделікті тексеру-дің міндеті - үйрету.
Оқушылардың білімін, іскерлігін тексерудің үшінші буыны - қайта тек-серу. Қайта тексеру білімдерді бекітуге көмектеседі.
Тексерудің төртінші буыны – оқтын-оқтын тексеру. Мұндай тексеру бір тарауды яки маңызды бір тақырыпты аяқтағанда жүргізіледі. Оның негізгі міндеті – системаға түсіру, қорыту.
Тексеруді ұйымдастыруда бесінші буын оқушылардың дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде алған білімдері мен іскерліктерін қорытынды тексеру және есепке алудан тұрады. Қорытынды тексеру әр ширектің соңын-да, оқу жылының аяғында жүргізіледі
Тексеруден тыс бақылау өз ішіне бағалауды және бағаны алады. Баға-лау дегеніміз білім, іскерлік және дағдыларды оқу программасында көрсе-тілген эталондармен (өлшеуіш) салыстыру. Баға дегеніміз бағалаудың балл формасында көрініс тапқан сан жағынан өлшемі.
Оқытушы оқыту барысында оқушылардың үйреніліп жатқан материал-ды қалай қабылдауын, түсінуін, есте сақтауын, оны іс жүзінде қолдана алу іскерліктерін есепке алып отыру керек. Есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту.
Мектепте есепке алудың өзіндік ерекшелігі бар, ол мұнда оқыту және тәрбиелеу мәніне ие. Есепке алудың нәтижесінде оқытушы да, оқушы да өз-дерінің кейінгі жұмыстарының формасын, мазмұнын белгілейді. Үлгерімді есепке алу оқушылардың танымдық қызметін ынталандырып отырады, бел-гілі бір әрекеттерді орындау үшін оның ерік-жігерін тәрбиелейді.
Үлгерімді есепке алу оқытушының да жұмысын ұйымдастырады. Дұрыс ұйымдастырылған есепке алу нәтижесінде оқытушы оқушылардың үлгерімін дәл бағалай алады, олардың өз білімін жетілдіруге ынтасын оятады, ақыл-ой-ының және моралдық қасиеттерінің дамуына көмектеседі.
Үлгерімді есепке алудың мынадай түрлері бар: күнделікті есепке алу, тақырыптық есепке алу, кезеңдік есепке алу, қорытынды есепке алу
Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерге көңіл бөлу керек:
- тақырыпты үйрену барысында оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты бақылау керек;
- әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы то-лық қорытынды шығару керек;
- оқушылардың үлгерімін орта арифметикалық мәліметтерге сүйеніп ба-ғалауға болмайды;
-оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу жылын-дағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.
Жоғарыдағыларға сүйеніп айтатын болсақ, бақылау және есепке алу ба-қылау, оқыту, тәрбиелеу және дамыту функцияларын орындайды.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling