Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Сонымен, әр топтағы көрсетілген тәрбие методтары екі жақты тәр-бие ықпалын сипаттайды


Download 1.31 Mb.
bet78/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Сонымен, әр топтағы көрсетілген тәрбие методтары екі жақты тәр-бие ықпалын сипаттайды: бір жағынан, бұл методтар жеке адамның әлеу-меттік адамгершілік ережелердi саналы меңгеруіне ықпал жасайды. Екiншi жағынан, тәрбиеленушілердің әртүрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта, қарым-қа-тынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттiгінен туындайды.


3.1.4. Тәрбие методтарын дұрыс таңдау және олардан тиімді пайдалану.
Тәрбиенің түрлі методтарын таңдау мұғалімнің творчествосына, педаго-гикалық шеберлiгiне байланысты. Себебi тәрбие методтары – тұтас педагоги-калық процестің заңды бір құрамы.
Тәрбие методтары тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, принциптерiне жә-не нақтылы педагогикалық жағдайлардағы міндеттерді шешуге бағынышты болады.
Мұғалім барлық жағдайға бірдей тәрбие методы болмайтынын білуі ке-рек. Бір жағдайда оң нәтиже берген әдіс, басқа бiр жағдайда балаға тiптен те-ріс әсер етедi. Сондықтан тәрбиеші методтарды қолдануда педагогикалық-психологиялық талаптарды білуі қажет.
Бала тәрбиесінде олардың дара және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйене отырып ұйымдас-тыру керек.
Тәрбиешi жеке адаммен, топпен, оқушылар коллективiмен жұмыс жүр-гізгенде тәрбие процесінің ұзаққа созылатын үздіксіз әpi комплексті ерек-шелігін ескеруі қажет.
Тұтас педагогогикалық процесте тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолдану тиiмдi болып табылады.


Бақылау сұрақтары:
1. Тәрбие методтары мен тәсілдері дегенiмiз не?
2. Тәрбие құралдарына не жатады?
3. Тәрбие методтарын топтастырудың (классификациялаудың) шартты-лығы неде?
4. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру методтарына не жа-тады?
5. Оқушыларда іс-әрекетті ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және қо- ғамдық мінез-құлықты қалыптастыру методына не жатады?
6. Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерiн ынталандыру метод-тары қандай?
7. Мінез-құлық, іс-әрекетке бақылау жасау, өзiн-өзi бақылауды ұйым- дастыру және өзiне-өзi баға беру методтарын сипаттап бер.
8. Тәрбие методтарын таңдауға қойылатын талаптар.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling