Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетiн ынталандыру методта-ры. Бұл топқа мадақтау, жазалау, жарыс жатады. Олар мектеп оқушылары-ның қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау және айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Мадақтау – оқушылар тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.
Мадақтаудың түрлерi: мақұлдау, алғыс айту, мақтау, силық беру, мара-паттау. Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, өзiнің мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзiн-өзi тәрбиелеуге көмектеседі. Жақсы iстердi жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны тepіс әpi келеңсiз iстерден сақтандырып отырады.
Жазалау – педагогикалық ықпал етудің бiр жолы. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына ерекше ептілікпен әpi ойланып қарауы тиіс. Жазалау бала-ның жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетi теріс екендігін түсіндiру, жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және осыларға қынжылу мақсатын көздейдi.
Оқушыны жазалағанда құрметпен қарай отыру керек, баланы кемсiтуге, қорлауға болмайды. Әдеппен, әділеттілікпен жазалау керек.
Жазаның түрлерi оқушылардың жас және дара ерекшелiктерiне сай бо-луы керек. Жазаның түрлерi: ескерту, сөгіс, мектептен шығару.
Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзiн-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді жүзеге асыру методтары. Бұл топқа педагогикалық байқау, тәрбиелiліктi анықтауға арналған әңгіме, сұрақ-жауап, шығарма жазу, өзiн-өзi бақылау, өзін-өзi сендіру (аутотренинг), жат-тығу, оқушылардың іс-әрекеттерiнің нәтижесiне талдау жасау методтары жа-тады.
Тәрбиенің бұл топтағы методтары тәрбие процесiн жетілдiру талаптары мен оның барысында, нәтижесiнде объективті баға беру үшін қолданылады.
Тұтас педагогикалық процесте оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әреке-тiне педагогикалық байқау, бақылау жүргізу, олардың өзін-өзi тәрбиелеуін ұйымдастыру тәрбие жұмысы нәтижелерiнің көрсеткіші болады.
Осыған орай тәрбие методы ретінде педагогикалық байқау, тәрбиелiктi анықтауға арналған әңгімелер өткізу, ауызша және жазбаша анкета тапсыру, тестілер ұйымдастыру, тәрбиелiк мақсат көздеген шығармалар жазу, оқушы-ларды өзiн-өзi сендiруге үйрету, оқу-тәрбие процесiнің барысындағы оқушы-лардың барлық іс-әрекеттеріне талдау жасау, қорытынды шығару методтары айқындалған.
Do'stlaringiz bilan baham: |