Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Жеке адамда қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әре-кетті, ұйымдастыру методы


Download 1.31 Mb.
bet76/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Жеке адамда қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әре-кетті, ұйымдастыру методы. Бұл методқа педагогикалық талап орнату, үй-рету, қоғамдық пiкiрлер, жаттығу, тәрбиелеушілік ситуация туғызу методта-ры жатады. Бұл метод көмегімен оқушылардың еңбекке жауапкершілігі, қо-ғамдық мінез-құлқы, тәжірибесi, қарым-қатынас жасау дағдысы, белсенді өмірлiк позициясы қалыптасады. Мектепте оқытушы оқушылар өмірiн белгі-лі бір педагогикалық мақсатты көздеп ұйымдастыру арқылы қоғамдық мінез-құлыққа байланысты әдеттерді қалыптастыруы мүмкін.
Оқушылар іс-әрекетi мазмұнына ойын, қоғамдық пайдалы еңбек, түрлі тапсырмалар мен балалар режимдерiн кіргіземiз. Қоғамдық пайдалы еңбекте оқушылар ортасында әрбір оқушының индивидуал қасиеттерін есепке алу ке-рек. Қоғамдық пайдалы еңбекте оқушылардың қоғамдық ұйымдары, оқыту-шылар және класс жетекшілері басшылық етеді. Мектепте қоғамдық пайдалы еңбекте оқушылар мектеп айналасын тазартады, темір-терсек, маклатура жи-найды және тағы басқа жұмыстарды атқарады. Ал мектептен тыс қоғамдық пайдалы еңбекте оқушылар, әсіресе ауыл мектептерiндегi оқушылар, егін жи-науға, мақта теруге көмектеседi.
Оқушының мектеп және жанұядағы күн тәртiбi жаттығу және және үй-рету міндетін орындайды. Мектеп және жанұядағы күн тәртiбi, іс-әрекет түр-лерiнің уақыт бойынша анық белгіленуі оқушыларды өз қалауларын басқару-ға мәжбүр етедi (балалармен футбол ойнағысы келсе, алдымен сабағын орын-дағаны жөн), балаға бір- екi жұмысты орындаумен бірге жақсы әдеттер жүйе-сiн қалыптастыруда көмектеседi.
Тапсырма жүйесi де баланың әлеуметтік активтiгiн түрлендiруге көмек-теседі. Оқытушы балаларға мектепке келген күннен-ақ төмендегі тапсырма-ларды орындауға үндейдi.
«Кезекші, балаларға дәптерлерді таратып шық», Самиға, біз оқып болған кiтаптарды кітапханаға алып барып бер». Бұл сияқты тапсырмалар балада ең-бексүйгiштiк қасиетін дамытады. Оқушылар тапсырманың әлеуметтiк маңы-зын білулерi, коллектив оларға тапсырған жұмыстардың қажеттілігін түсіну-лері керек; тапсырмаларды әрбiр баланың қызығулары, мүмкіндік жағдайла-рына қарап беру керек; тапсырмаларды бөлiп берумен ғана шектеліп қоймай, әрбір оқушыны оларды орындауға үйрету керек.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling