Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис


БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУДА ӚЗІНДІК ЖҦМЫСТАРЫН


Download 6.22 Mb.
Pdf ko'rish
bet70/266
Sana17.08.2023
Hajmi6.22 Mb.
#1667691
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   266
Bog'liq
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021

БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУДА ӚЗІНДІК ЖҦМЫСТАРЫН 
ҦЙЫМДАСТЫРУДА ДЕРБЕСТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ 
А. М. Дүйсебекова – техн. ғ.к., аға оқытушы 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ. 
 
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған үндеуінде 
ұлттық білім беру жүйесінің дүние жүзілік стандартқа сай, қазіргі кездегі талаптарды 
қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең маңызды мәселе ретінде қаралып, 
студенттердің таным-білім белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту- 
бүгінгі жоғары білім берудің негізгі міндеттерінің бірі. Студент алған білімін ӛзінің 
жұмыс тәжірибесінде ғана қолданып қоймай, оны ғылыми негізде жүзеге асыруға 
дағдылануы тиіс. Сондықтан да, оқу процесінде студенттердің ӛзіндік жұмыстарын 
ұйымдастыру ең маңызды рӛлге ие. Білім деңгейін кӛтеруге бағытталған мемлекеттің 
стратегиясын іске асыруда студенттердің ӛзіндік жұмысын белсендіру болашақ кәсіби 
маман әзірлеуде, аса маңыздылыққа ие болуда [1].
Ӛзіндік жұмыс бойынша оқыту процесінің әр түрлі жағынан алып қарастырған, 
Ресейлік, Қазақстандық және Қырғызстандық ғалымдар мен зерттеушілерден 
Ю.К.Бабанский, 
Б.Л.Есипов, 
И.Я.Лернер, 
П.И.Пидкасистый, 
В.П.Беспалько, 
Б.Г.Иоганзен, И.П.Подласый, А.Е.Әбілқасымова, М.Е.Есмұхан, У.Маканов, И.Б.Бекбоев, 
Э.М.Мамбетакунов, К.Л.Сахно, Г.Г.Филимонова, Т.С.Жданова, Б.А.Қадырбаева, 


117 
А.К.Садыкова, Г.К. Нұрмуханбетоваларды атауға болады. Аталған зерттеулерде 
студенттердің дербестілігін дамыту, ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың қандай да бір 
аспектісі, студенттер бойында ӛзіндік жұмыс арқылы белгілі бір икемділік, іскерлік, 
дағдыны қалыптастыру сияқты мәселелер қаралады [2]. 
Болашақ мамандардың ӛз бетімен жұмыс істеу дағдысы олардың дербес білім алу, 
ӛз бетімен жұмыс жасап, іздену және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жұмысымен ұштасып отыруы 
тиіс. Жұмыс барысында студенттердің ӛз бетімен ғылыми тұжырым жасау, алынған 
деректі жүйелеп қорытындылау, оларды бір негізге келтіру, ӛз ойын тұжырымдау, 
проблемалық жағдайларды шығармашылықпен шешу дағдысы қалыптасады. 
Қазіргі білім беруде жоғары оқу орындарындағы оқыту процесі студенттердің 
дербестігін күшейту, білімдерін ӛздігінен толықтыру мәселесіне аса кӛңіл аударып отыр. 
Дербестіліктің нәтижесінде олардың алған білімін практика жүзінде еркін қолдана 
білуінен байқалады. Ал, дербестілікке қол жеткізу студенттердің ӛзіндік жұмыстарын 
тиімді ұйымдастырумен тікелей байланысты [4]. 
Қазіргі кезеңде биология мамандарын дайындау ісінде арнаулы курстары арқылы 
студенттердің ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негізін жасау 
қажет. Студенттерді аудиториядан тыс сабақтардың және ғылыми әдебиеттердің оқу 
әдістемесімен таныстыруға арналған мазмұнды түсіндіру жұмыстары – олардың оқу 
әрекетіндегі белсенділігіне елеулі әсер етеді. Соған орай, ынталы және кӛп жұмыс 
істейтін студенттер білімді ӛз бетімен меңгерудің әдістері мен тәсілдерін терең түсіне 
отырып, ӛзінің аудиториядан тыс жұмыстарын одан ары жетілдіруге қол жеткізеді [6]. 
Биологиядан білім беруде әр тараудың теориялық және практикалық тұстарын 
күшейту мақсатымен арнаулы курстар тақырыбын анықтап, оның бағдарламасын 
дайындап, сол бойынша ұйымдастырылған ӛзіндік жұмыстардың мазмұнын, 
құрылымын, жүйесін, әдістемесін берсек, студенттердің психологиялық ерекшеліктерін, 
даралық сипатын ескере отырып, ӛзіндік жұмыстардың инновациялық формаларын және 
жаңа технологиялардың тиімді түрлерін қолданып оқытсақ, онда студенттердің білім 
деңгейі жоғарылап, материалды саналы игеру барысында біліктілік дағдыларының 
қалыптасуына жағдай туады. Студенттерге биологиядан терең білім беру процесін 
нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуының қандай дәрежеде әзірленгеніне 
байланысты болады [5]. 
Пәннің әдістемелік тұрғыдан жабдықталуына оқу жоспары, бағдарламасы, 
студентке арналған оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Оқу-әдістемелік кешендер 
Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары 
білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық 
компонент пәнді оқытуға қажетті құралдарының толықтығын және оқытудың ұтымды 
әдіс-тәсілдерін қолданылуды керек етеді. Студенттерді оқытудың әр түрлі формаларын 
(дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), СӚЖ және СОӚЖ-ын дұрыс 
ұйымдастыруда олардың жеке бас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырманың мазмұны мен 
кӛлемін олардың деңгейлеріне қарай беру ӛте маңызды мәселелердің бірі [3]. 
Оқытушы студенттерге білім беру кезінде мемлекеттік білім беру стандарты және 
типтік бағдарлама талабына сай оқу-әдістемелік кешенді, оқу жұмыс бағдарламасын, 
жұмыс бағдарламасын құрастырады. Оқу-әдістемелік кешендер студенттердің 
мамандықтарына, мамандануына, оқылатын пәннің мазмұнына тікелей байланысты 
болады.
Оқытушы мен студенттің іс-әрекеті оқу жұмысының әр түрін іске асыруға 
бағытталады. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына дәріс, 
сарамандық сабақ, зертханалық жұмыс, семинар, студенттің оқытушы қатысуымен 


118 
ӛтетін ӛзіндік жұмысы жатады. Оларды дәрісханалық, дәрісханадан тыс деп жіктейміз 
[7]. 
Оқытушы қатысуымен жүргізілетін СӚЖ кредиттік жүйе жағдайында енгізілген 
оқыту формасы ретінде сабақ кестесіне қойылады. Сабақтың осы түрінде әр қилы 
белсенді 
әдістер 
қолданыла 
отырып, 
студенттердің 
ӛзіндік 
жұмыстары 
ұйымдастырылады.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында дәріс сабақтар барысында дәстүрлі емес 
жұмыс түрлерінің ұйымдастырылуы - студенттердің ӛзіндік жұмысын күшейтіп, тиісті 
материалды жартылай ізденгіштік әдіспен меңгеруге бағыттайды. Студенттердің дәріс 
барысындағы оқу еңбегі де бағаланып тиісті ұпайы қойылады. Кредиттік оқыту жүйесі 
жағдайында студенттердің ӛзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді 
оқу материалдарын қолдану арқылы, олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
Білімді бақылап, бағалаушы компонентте - кредиттік оқыту жүйесі жағдайында 
студенттердің ӛзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол 
траекторияның жүзеге асуы блокты-рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық 
қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мӛлшерде 
жиынтығы болуына, электрондық оқытушы-тексеруші бағдарламалардың болуына және 
оқытушы тарапынан кӛмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Блокты-рейтингті оқыту жүйесі ӛзінің құрылымы, құралу сипаты жағынан 
объективті, нанымды жүйелі нәтижені ӛңдеу, диагностикалау, бағалауды қамтамасыз 
етеді. Рейтингтік жүйе-жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік ӛлшеулерге 
негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды [8]. 
Студенттерге биологияны оқыту барысында жүйелі әрі сапалы білім негізінде пәнді 
тереңдетіп оқыту кезінде ӛзіндік жұмыстарды тиімді ұймдастыру арқылы жүзеге 
асырудың ұтымды екендігін кӛрсетеді.
Ғылыми зерттеулерге сәйкес, биологияның арнаулы курстарында ӛзіндік 
жұмыстарды белсенді жолмен ұйымдастыруды іс-тәжірибеге енгізу арқылы студенттер 
білімін тереңдетуде, олардың зияттылық және шығармашылық дамуын арттыруда негізгі 
мақсатқа лайық екендігін кӛрсетіп отыр [3]. 
Студенттерге биологиядан арнаулы курстарда білім беруде олардың дербестілігі 
мен білім деңгейінің СӚЖ және СОӚЖ арқылы қалыптасу дәрежесі білім сапасының 
артуынан кӛрінді. Студенттердің білім сапасы «Тірі ағзалардағы жасушалардың 
ерекшеліктері», «Ӛсімдіктердің ортаға бейімделу ерекшеліктері» мен «Фенологиялық 
зерттеулердің маңызы» модульдеріне арналған тапсырмаларды орындау нәтижесі 
айқындалып отыр. 
Педагогикалық тәжірибелер биологияның арнаулы курстарында студенттердің 
ӛзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің тиімділігін кӛрсетіп отыр [9]. 
Қорытындылай 
отырып, 
студенттердің 
биология 
пәні 
бойынша 
ұйымдастырылатын ӛзіндік жұмыстарына керекті құрал жабдықтардың толық еместігі, 
биологияның арнаулы курстары бойынша орындалатын ӛзіндік жұмыстардың мазмұны 
мен құрылымы және әдістемесінің жоқтығы, сонымен қатар биологияның арнаулы 
курстарының теориялық мазмұнының айқындалып, ондағы ӛзіндік жұмыстар жүйесінің 
сараланбауы сияқты жағдайлар студенттердің ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға 
кедергі болатындығы байқалады. Осыған орай, бүгінгі күнде жоғары білім беру 
аймағына кредиттік оқыту жүйесінің енуіне орай студенттердің ӛзіндік жұмыстарын 
белсендіру терең зерттеуді керек етуші мәселеге айналуда. Туындап отырған мәселенің 
шешімін табу үшін ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың белсенді түрлері мен әдістерін 
анықтау қажеттігі анықталып, зерттеу жұмысында биологияның арнаулы курстарында 


119 
студенттердің ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін ұсыну үшін ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалуы қажет.

Download 6.22 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   266




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling