Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис


Download 6.22 Mb.
Pdf ko'rish
bet73/266
Sana17.08.2023
Hajmi6.22 Mb.
#1667691
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   266
Bog'liq
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021

Адабиѐтлар 
1. Гершунский Б.С. Философия образования М. «Флинта», 1998. 
2. Гусинский Э.Н., Турчанинова Ю.И. Введение в философию образования. М. «Логос», 
2000.
3. Дж.Дьюи. Демократия и образование. М. 1992. 
4.Ниязымбетов М. Таълим модели жамиятнинг цивилизацион тараққиѐтининг омили 
сифатида // Замонавий малакали кадрлар – тараққиѐт омили: Кадрлар таѐрлаш миллий 
Дастури қабул қилинганлигининг 10 йиллигига бағишланган Республика илмий-услубий 
анжуман материаллари. – Ташкент, 2007. 
5. Айзек Азимов. «Ўқитувчи одам булган экан...». // Авто+ газетаси, 2012, 22-март сони. 
6. Моисеев Н. Природный фактор и кризисы цивилизации. // Общественные науки и 
современность. 1992. №5. – С 92. 
ОТБАСЫНДА МӘДЕНИ ҚҦНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Н.П.Албытова – п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар
факультетінің «Әлеуметтік педагогика және ӛзін-ӛзі тану»
кафедрасының профессоры (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 
Бекжігіт Назым Қайырбекқызы - Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар
факультетінің 7М01823 – «Әлеуметтік педагогика және ӛзін-ӛзі тану» 
мамандығының 2 курс магистранты (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 
 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Білім берудің барлық 
деңгейлеріндегі тәрбие мен оқыту жүйесі бірыңғай идеологиялық және құндылық 


125 
тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптарды: отбасын, білім беру 
ұйымы мен қоғамды кеңінен тарта отырып, кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Бұл ретте 
білім беру ұйымдары білім алушылардың ата-аналарымен және заңды ӛкілдерімен 
тұлғааралық ӛзара іс-қимылдарды кеңейтуге және ӛзара жауапкершілік қағидаты 
бойынша ынтымақтастық құруға назар аударған жӛн» - деп кӛрсетілген [1]. Осыдан, 
қоғамда басты мәселелелердің бірі де бірегейі болып саналатын тәрбие мәселесін 
отбасынан бастау және оған кәсіби түрде қолдау кӛрсету қажеттігі туындайды. 
Қазіргі таңда біздің қоғамда жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі барынша ӛткір де 
ӛзекті болып отыр. Білім беруді ізгілендіру тұлғаның үйлесімді дамуы мен рухани 
тәрбиесін қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық жағдайларды іздестіру қажеттігіне 
себепші болды. Бұл ретте қазіргі тәрбиенің басым бағыттарының бірі болып табылатын 
ұлттық мәдениет маңызды рӛл атқарады және ұлттық құндылықтарда, салт-дәстүрлерде, 
салт жораларда ӛзінің кӛрінісін табады. Олар халықтың ұлттық ерекшелігі мен ділін 
(менталитетін) қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Менталитет халықтың ұзақ тарихи 
дамуы барысында қалыптасады және экономикалық, әлеуметтік мінез-құлықтың ұлттық 
сипатын, ұлттық үлгісін айқындайды, сол немесе ӛзге халық пен қоғамның ақыл-ой 
құралы болып табылады. 
Бүгінгі күні К.Д.Ушинскийдің, халықтың ӛзі құрған және халықтық бастамаларға 
негізделген тәрбие абстрактілі идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алынған ең 
жақсы жүйелерде жоқ тәрбиенің күші бар деген сӛзі ӛзекті болып отыр [2]. 
Адам дайын ұлттық сипатпен туылмайды, ол белгілі бір ұлттық және әлеуметтік 
ортада, атап айтқанда, отбасында тәрбиелеу барысында нақты этникалық 
қауымдастықтың ӛкілі болып қалыптасады. Отбасы – тәрбиенің әлеуметтік институты, 
бұл отбасылық құндылықтар мен мінез-құлық стереотиптерін тасымалдаудан тұратын 
ұрпақтар сабақтастығын, балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Белгілі психолог 
Л.С.Выготский «отбасы дамудың әлеуметтік жағдайының маңызды элементі болып 
табылады деп жазды. Отбасында әлеуметтену неғұрлым табиғи және ауыртпалықсыз 
ӛтеді, оның негізгі механизмі-тәрбие»- деп жазды [3]. Яғни, отбасы, ең алдымен, 
халықтың рухани байлығын ӛскелең ұрпаққа ешқандай мәжбүрсіз, физикалық күш 
жұмсамай, бірақ, жүйелі жеткізеді. Оның мүмкіндіктері мен тікелей қызметіне кӛп 
жағдайда ӛсіп келе жатқан ұрпақтың нені және қалай меңгеретіні, яғни оның қандай 
болатыны байланысты. 
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 
Кодексінде отбасы - некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала 
асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың ӛзге де нысандарынан туындайтын 
және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және 
жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы ретінде 
айқындалған [4]. 
Біздің зерттеу аспектімізде отбасы - бұл ең алдымен этномәдени дәстүрлерді 
сақтаушы. Отбасы тәрбие контексінде ұлттық дәстүрлер мен халықтың менталитетін 
ескере отырып, материалдық тарихи-мәдени құндылықтардың мәні мен құрылымын 
елдің мәдени және тарихи мұрасының ажырамас бӛлігі ретінде қарап, оларды тәжірибеде 
пайдалануды тұрақты түрде зерделеу нысанына айналдыру қажет. 
А.С.Макаренко: «Жақсы отбасы да, нашар отбасы да бар. Отбасы баланы дұрыс 
тәрбиелеуді қамтамасыз етуі мүмкін емес. Отбасы біз қалағандай тәрбиелей алады деп те 
айта алмаймыз. Біз отбасылық тәрбиені ұйымдастыруымыз керек, ал мемлекеттік 
тәрбиенің ӛкілі ретінде мектеп ұйымдастырушылықтың бастамасы болуы керек» деген 


126 
[6]. Яғни, осы ұстанымнан біз. Педагог мамандары ретінде әлеуметтік педагогтың ата-
аналармен жұмысының негізгі міндеттерін нақты анықтап алуды белгіледік: 
- ата-аналарға жүйелі түрде педагогикалық білім беру, яғни бала тәрбиесіндегі 
заманауи зерттеулер негізіндегі ой-тұжырымдармен таныстыру, жаңа әдіс – тәсілдерді 
ұсынып отыру; 
- ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді қатысуға тарту; 
- ата-аналардың ӛздігінен білім алу қажеттілігін қалыптастыру; 
- пән педагогтерін отбасылық тәрбиенің әртүрлі әдістерімен таныстыру, үздік 
тәжірибені іріктеу және жалпылау. 
Демек, әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс барысында «жеке тұлға-отбасы-
қоғам» жүйесіндегі ӛзара қарым-қатынастарды реттеу қағидалары арқылы отбасы мен 
балаларға кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз етеді. Отбасымен жасалатын жұмыстардың ең 
маңыздызы да, бірегейі, бұл әлеуметтік – мәдени жұмыс. Әлеуметтік педагогтің 
әлеуметтік-мәдени жұмысы деп –адамгершілік және зияткерлік мотивтеріне сай мәдени 
құндылықтарын дамыту болып табылады. 
Әлеуметтік педагог: 
- отбасымен әлеуметтік-мәдени жұмыстың теориялық негіздерін білу; 
- жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіндегі отбасының орны мен рӛлін түсіну, 
әлеуметтік-педагогикалық 
жұмыстың 
әдіснамалық 
негіздерін, 
оның 
мәнін, 
заңдылықтарын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын білу; 
- отбасының педагогикалық процесінің тәрбиелік механизмдерін, оның 
заңдылықтары мен қозғаушы күштерін білу және түсіну; 
- тұлғаны қалыптастыру процесінде қызметтің рӛлін түсіну, осыған байланысты 
тәрбие процесінде отбасы мүшелерінің ӛзара іс-қимылын ұйымдастыру; балаларды 
тәрбиелеу процесінде отбасының бос уақытын тиімді ӛткізу және оның ерекшеліктері 
туралы хабардар болуы қажет [7]. Десек де, қазіргі заманғы отбасындағы балалар ӛз ата-
аналарымен бірге әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасқа, салт-дәстүрге, бос 
уақытты тиімді ӛткізуге, әралуандыққа, тіпті ата-ана махаббатына, ата-әже тәрбиесіне 
мұқтаж. Отбасының адамгершілік дәстүрлерін қайта жандандыруға, балалар мен ата-
аналар арасындағы рухани жақындықты нығайтуға, отбасы ішіндегі "аға ұрпақ – ата-ана 
– бала" коммуникациясының басты желісін қалпына қалай келтіруге болатынын, 
балалардың бос уақыттарын қалай пайдалы, әрі тиімді пайдалануға болатыны жайында 
«Ұлттық салт-дәстүрлер мен халықтың менталитетін ескере отырып, отбасылық тәрбие» 
атты республикалық әдістемесінде нақты кӛрсетілген. Ы.Алтынсарин Ұлттық білім 
академиясының деректері бойынша, отбасы тәрбиесін былай деп жіктейді [8]: 
Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие;
Отбасындағы ұлттық тәрбие; 
Отбасындағы патриоттық тәрбие; 
Отбасындағы еңбек тәрбиесі; 
Отбасындағы дене тәрбиесі; 
Отбасындағы эстетикалық тәрбие; 
Отбасындағы интеллектуалдық тәрбие; 
Отбасындағы құқықтық тәрбие; 
Отбасындағы жыныстық тәрбие; 
Отбасындағы экологиялық тәрбие. 
Жіктемеде кӛрсетілген отбасыда атқарылатын барлық бағыттардың ӛзегі ретінде 
отбасындағы ұлттық тәрбие деуге боларлық. Бұл ӛз ұлтына деген мақтаныш сезімі, ӛз 
тіліне, тарихына, табиғатына құрметпен қарау, тӛзімділік, патриотизм, мінез-құлық 


127 
ережелері мен этикет нормалары, ӛз мәдениетін терең білу және т.б. бастауы. Оны 
халықтық мерекелері, халық дәстүрлерін (әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер) анықтау 
бойынша шығармашылық іздестіру жұмыстары, ұлттық аспаптарда ойнау, музыкалық 
фольклор, халық ойындары, халық ауыз әдебиеті шығармалары (ауызша айту, аңыздар, 
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ӛсиеттер), елдің қасиетті жерлерін зерттеу, мұражай 
дәстүрлері, экрандық мәдениет қалыптастыру, отбасылық кітап оқу дәстүрі, отбасының 
ұжымдық еңбек күндері, шежіренің күші, халық билері туралы аңыз, әңгімелермен 
отбасы арқылы қалыптастыра аламыз. 
Сондай-ақ, аса маңызды дүние – рухани тазалық, ұрпақтар алдындағы 
жауапкершілік десек, отбасында жыныстық тәрбиеге мән берілуі керек. Балаларға 
ӛнегелі жыныстық тәрбие беру жалпы тәрбие берудің кӛрнекті бӛлігі. Бұл ӛз алдына 
бӛлек зерттелетін үлкен және маңызды мәселелердің бірі. Осы маңызды жұмыс 
әрқашанда балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізіліп отыруы тиіс. «Рухани таза 
болсаң, денең де таза болады» – деген қағиданы ұстану ажет.«Ұлдың ұяты - әкеде, 
қыздың ұяты - шешеде» демекші бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке 
аса мән беріп қарастырған жӛн.
А.Сейдімбектің: «Ӛзіндік қасиеттен айырылған ұлт ӛледі. Ұлтты ӛлтірмейтін – 
оның тӛлтума мәдениеті ғана. Бұл жолда еткен еңбек пен тӛккен терді Тәңірдің 
сыбағасына балай жүріп, ӛткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы 
үшін қол жалғап жіберуіміз қажет» [9]. Демек, білім нәрімен сусындатып, адамгершілік 
рухта бағыт-бағдар беретін ұстаздар қауымы мен отбасында ата-әже, әке-шеше балаға 
тәлім-тәрбие беріп, бойына жақсы қасиеттерді дарытып, рухани азық берсе, кейінгі 
ұрпақ та дұрыс бағытталып, үлкен індеттен сақтанады.
Қорыта келе, отбасы тікелей әлеуметтік ӛзгерістерге байланысты. Қазіргі заманғы 
отбасында біртіндеп отбасылық құндылықтарға, ұлттық дәстүрлерге атүсті қарап, 
ұрпақтар сабақтастығы жаһандық интеграцияға ұласып жатыр. Осыдан мектепте 
отбасындағы балалардың құндылық бағдарларының дамуында қиындықтар кезедесуде, 
материалдық және рухани мәдениеттің негіздері толық кӛлемде игерілмейді. Бұл 
факторлар отбасының тәрбиелік әлеуетін тӛмендетеді және тәрбиелеудің жаңа тиімді 
тетіктерінің, оның ішінде тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуындағы отбасының 
рӛлін қайта пайымдаудың қажеттілігін тудырады. Сол себептен де, білім беру 
мекемелерінде педагогтер, әсіресе әлеуметтік педагогтер ата-аналарға дұрыс кеңес, 
бағыт-бағдар беру арқылы, отбасымен әлеуметтік-мәдени жұмыс түрлерін сауатты 
қалыптастыру керек.

Download 6.22 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   266




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling