Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис


Download 6.22 Mb.
Pdf ko'rish
bet74/266
Sana17.08.2023
Hajmi6.22 Mb.
#1667691
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   266
Bog'liq
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021

Әдебиеттер 
1. Қазақстан Республикасында Білім мен Ғылымды дамытудың 2020–2025 
жылдарға арналған бағдарламасы 145 б. 
2. Ушинский К.Д. Избранные педагогические произведения. – М., Просвещение
1968, с.371. 
3. Выготский Л.С. Психология развития ребенка. SBN: 5-699-13731-9. 2005.-512 с. 
4. Неке және отбасы туралы заң http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518 
5. Беляев В.И. Педагогика А.С. Макаренко: традиции и новаторство. -М.: Владос, 
2000.-200с. 
6. Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. - М.: Владос,1997. -300 с. 
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы 
Ұлттық білім академиясы «Ұлттық дәстүрлер мен халықтың менталитетін ескере 
отырып, отбасылық тәрбие» республикалық әдістемесі 
8. Сейдімбек А. Қазақтың күй ӛнері . - Астана : Күлтегін, 2002. – 831б. 


128 
ҦЛТТЫҚ ҚҦНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН «ӚРКЕНДЕУ» 
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ 
Ф.Н.Жумабекова - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің профессоры, п.ғ.к.
З.М.Иманбаева - №36 «Балапан» балабақшасының меңгерушісі,
Қазақстан. Нұр-Сұлтан қ.
«Қазақстан Республикасында 2020-2025 жылдары білім беруді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі ӛзгерту, жастардың 
бойындағы адамгершілік рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген 
сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу міндеттері 
белгіленген [1.б.4.]. 
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде 
«Ӛркендеу» 
жобасы 
жаңаша 
бағытта 
Нұр-Сұлтан 
қаласының
№51 
мектеп-гимназиясында
Алматы 
қаласының 
Қ.А.Яссауи 
атындағы
№123 мектеп-гимназиясында, М.О.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін 
мектепте және Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы «Қ.Орымбетов атындағы орта 
мектеп» коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарында ұстаз, оқушы, ата-ананың 
үштік одағы құрылып жүзеге асырылуда. 
Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры 
У.Нұрпейісов, Білім басқармасы басшысы міндетін атқарушы Г.Айтжанова бекіткен 
«Ӛркендеу» жобасы Нұр-Сұлтан қаласының 9 мектебінде (№51, №56, №79, №40, №67, 
№68, №52, №54, № 64) жүргізілуде. Атадан балаға мирас болған қазақы ұлттық тәрбиені, 
озық салт-дәстүрлерді «Ӛркендеу» ұлттық тәрбие мектептері «Ата мектебі», «Әже 
мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» арқылы жас 
ұрпаққа үзбей үйретіп, бойына сіңіреді.
Мектеппен балабақшаның сабақтастығын сақтау мақсатында №36 «Балапан» 
балабақшасының ұжымымен бірлескен ұлттық құндылықтарға негізделген – «Ӛркендеу» 
бағдарламасы және оның оқу-әдістемелік кешендері дайындалып, жаңа жоба ретінде 
ұсынып отырмыз. Осы бағдарламаның вариативтік бӛлігі бойынша №75 «Балалық шақ» 
балабақшасы «Рухани тәрбие» әлемі, №46 «Самал» балабақшасы «Ел тану әлемі», №59 
«Аққанат» балабақшасы «Зияткер әлемі», «Ӛнер әлемі» №36 «Балапан», №27 «Балауса» 
балабақшасы «Салауат тану» әлемі бағыты бойынша эксперимент алаңдары ашылып 
зерттеу барысы ӛз нәтижелерін кӛрсетуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Педагогика және білім беру 
менеджменті кафедрасы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
Әлеуметтік педагогика және ӛзін-ӛзі тану кафедрасының ғалымдарымен бірлескен 
зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 
«Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры 
мәңгі болады» – деген идеяны ескере отырып, отбасында атасы мен әжесі, әкесі мен 
шешесі балаға озық салт-дәстүрді үйретуде білім беру ұйымдары ӛзара тығыз байланыс 
орнатады. Балабақша – бала тұлғасын қалыптастырып, білім нәрінің бастау алатын 
алғашқы білім ошағы. Балаларды балабақшадан бастап ақылдылыққа, алғыр ойға, тілдік 
шешендікке, ісмерлікке баулу – ұлттық тәрбиенің басты мақсаты. Балабақша қоры 
ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт [2; б.5]. 


129 
Жетістіктерге жетудің бір тетігі жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға негізделген 
«...біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі, әрі 
сыйлы ӛз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр. Отаншылдық 
сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, ӛлшемі. Мектепте ұлттық тәрбиені сіңіріп ӛскен 
түлек студенттік ортада да барынша қазақы тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді. 
Үздік оқитын белсенді студенттер жақсы оқитын жоғары сынып оқушыларын қазақ 
тілі мен әдебиеті, тарих, математика пәні бойынша «Ӛркендеу» олимпиадаларына 
дайындап, бейім талантты оқушыларды ӛз факультеттеріне студент болуға шақырады. 
Осылайша студенттер мектеп оқушыларына «Аға мектебі» бойынша ағалық қамқорлық 
кӛрсетеді. Осылайша балабақша – мектеп жоғары оқу арасында сабақтастық байланыс 
орнайды. Студент жігіт оқу бітіріп ұстаз болып жұмысқа орналасты делік, ӛзін 
тыңдайтын, әке-шешесі мен ата-әжесін сыйлайтын инабатты, иманды қызбен некелі 
отбасын құрғанда ғана, берік отбасы қаланып, ажырасу мүлдем болмайды, сәбилері де 
тәтті балалық шақпен ӛмір сүреді де, енді олардың сәбилері балабақшаға барады. 
«Балаңды ӛз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ӛз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген 
дана халқымыз. Ӛмірдің ӛзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа 
жаршы болу үздіксіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан 
басталғаны орынды.
Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ата-анасы және отбасы мүшелері оны алғаш 
рет ӛмірмен, ӛзін қоршаған ортамен және мінез-құлық нормаларымен таныстырады. 
Отбасының басты мақсаты мен темірқазығы – бала тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі - тәрбие 
алудың негізгі іргетасы. Ал, мектеп табалдырығын аттаған соң әр оқушының ата-анасы 
мектеппен тығыз байланыс орната отырып, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен 
әдет-ғұрыптардың асыл мұрасын бала бойына сіңіріп ӛсіруді мақсат тұтса, ұсынылып 
отырған «Ӛркендеу» жобасы баланың келешекте саналы азамат болып ӛсуіне негіз 
болатын баспалдақ болмақ. 
«Ӛркендеу» ұлттық тәрбие мектептерін ашып, ұлттық тәрбие беру. Ұлттық 
ойындар ойнату. Ұлттық ойыншықтармен, ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор ұлттық 
мультфильмдермен қамтамасыз ету. «Ұлттық бұрыштар» жасақтап, ата-аналар жасаған 
ұлттық бұйымдарды балаларға таныстыру. «Үштік одақ» мүшелері аптасына бір рет 
кездесіп, сайыстар мен қойылымға дайындалады, үйренгенін қайталайды. Мектепке 
дейінгі бүлдіршіндерді мектептегі бастауыш білім берумен сабақтастығын сақтап 
мектепке даярлайды. Балабақша ұжымы отбасымен ӛзара тығыз байланыс орнатып
ынтымақтасты сақтайды. 
Қазіргі кезеңдегі мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сыныптағы тәрбие мен 
білім беру мазмұнын жаңарту, сабақтастығын сақтау, әдістемелік бағыттарын жетілдіру 
және оны ұлттық құндылықтарға негіздей отырып іске асыру маңызды мәселе.
Ӛйткені 21 ғасырдың азаматтары бүгінгі балабақшадағы бүлдіршіндер, бастауыш 
сыныптағы оқушылардың санасын ұлттық менталитетке бағыттай отырып 
қалыптастыруда жаңаша мақсат, міндеттер, жаңартылған мазмұн, жаңа әдістер мен 
құралдар және алуан түрлі формаларды түрлендірудің маңызы зор [3; б.118-126]. 
«Ӛркендеу» бағдарламасының құрылымы тӛрт бӛлімнен тұрады. Мақсаттық 
бӛлімінде: бағдарламаның түсінік хаты, мақсаты, міндеттері және құрылымы, негізгі 
тұжырымдамасы мен қағидалары берілген. Бағдарлама мазмұнын іріктеудегі әдістемелік 
тұрғылары мен басты ерекшеліктері және жаңашылдығы, оны жүзеге асыруда күтілетін 
нәтижелер кӛрсетілген.
Мазмұндық бӛлімінде: «Рухани тәрбие әлемі», «Елтану әлемі», «Зияткерлік әлемі», 
«Ӛнер әлемі», «Салауат тану» бағыттарының 3-6 жас аралығындағы мазмұндық 


130 
сипаттамасы ұсынылған. Сондай-ақ, бағдарламаға арнайы ата-аналармен жұмысты 
ұйымдастыру бӛлімі енгізіліп, отбасы құндылықтары мен мектепке дейінгі ұйымдардың 
ӛзара ынтымақтастығы ашып кӛрсетілді. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен 
стратегиялары, жұмыс жоспарлары берілді. Бағдарламаны жүзеге асырудың 
технологиялық бӛлімінде күнтізбелік жоспарлар, білім беру бағыттары бойынша 
дидактикалық жүйесі, заттық кеңістік ортаны жабдықтау және тәжірибеде пайдалану 
жолдары, бағдарламаны жүзеге асыруда пайдаланатын инновациялық технологиялар 
мен педагогикалық қызметті ұйымдастыруда білім сапасын басқару мәселелері 
қарастырылған. 
Бағдарламаның мақсаты: ұрпақ тәрбиесін ұлы дала даналарының іліміне негіздеу, 
баланың толық дамуы мен рухани әлеуетін ашуға жағдай жасау, әлеуметтік тұрғыдан 
ӛзгермелі ӛмірге бейім, рухани-адамгершілік қасиеттерді, ұлттық құндылықтар мен 
мәдени дәстүрлерді сақтауда отбасымен ынтымақтастық орнату, тәрбиелеу мен білім 
беруді дамытудың инновациялық-әдістемелік жүйесін қалыптастыру [4; б.48-55]. 
Бағдарламаның міндеттері: 
баланың рухани әлеуетін ашу, толық дамуына жағдай жасау, жайлы және қауіпсіз, 
дамытушы білім беру ортасын құру, рухани-адамгершілікке, ізгілік пен жомарттыққа, 
жағымды, кӛркем мінез-құлыққа тәрбиелеу; 
қоршаған орта жайлы ұғымдарды қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға, елін, 
жерін сүйуге, отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтей білуге, ізгілікке 
тәрбиелеу;
зияткерлік ойлауды дамыту, қарапайым зерттеу іс-әрекеті дағдыларын 
қалыптастыру, еркін, дербес әрекет ету, командада жұмыс істей білу дағдыларын 
қалыптастыру;
бейнелеу және музыка ӛнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезіну, эстетикалық 
талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жағымды кӛтеріңкі кӛңіл-күй 
дағдыларын қалыптастыру; 
Ӛркендеу бағдарламасының басты жаңашылдығы: 
1. Ұлы дала даналарының ілімдеріне негізделген - балалық шақ құндылығын сезіну, 
жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін 
ескере отырып, жайлы және қауіпсіз, дамытушы білім беру ортасын құру кӛзделеді.
2.Ұлттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік тәрбие беріледі, кӛркем 
мінез қалыптастырады, отансүйгіштікке, мемлекеттің рәміздерін құрметтей білуге, 
ізгілікке тәрбиелеуге басымдық беріледі. Тәрбиелеу мен білім беруде және қоршаған 
ортаны, табиғатты сүйе білуге, аялауға, қамқорлық жасауға, «ұят болады», «обал 
болады», «жаман болады», «жақсы болады» деген ұғымдарды түсіндіреді, оларды 
балалардың санасына сіңіруге баса назар аударады. 
3. Отбасы-балабақша ынтымақтастығын орнықтырады және отбасы мектебін 
қалыптастыруға бала тәрбиесіне бағытталған отбасылық құндылықтарды сақтауды 
қамтамасыз етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи әдіс-тәсілдер: бақылау, зерттеу, 
тәжірибе жасау, жобалау, анықтау, мәліметтермен бӛлісу, ӛзара пікір алысу, шағын 
топтармен жұмыс жасау арқылы ӛзара түсіністік таныту және келісу, жағымды кӛңіл-күй 
орнату, ойын-жаттығулар, қызықты тапсырмалар орындауға тәрбиешіге нақты бағыт 
кӛрсетеді. 
4. Баланың жеке басын құрметтеу мен дамытуды олардың ӛмірін, психологиялық 
саулығын, денсаулығын нығайтады, салауатты ӛмір салтын сақтауға бағыт береді. 
Бағдарламада отандық ӛнім дидактикалық құралдар пайдаланылады, балалармен 
жүргізілетін тәрбиелеу мен білім беру мазмұны ықпалдастыра жүргізіледі. 


131 
5. Баланың зияткерлік ойлауын дамытады, еркін, дербес әрекет етуге, ұжымдық, 
топтық жұмыс істей білуге дағдыландырады, шығармашылық таңдауға жағдай 
жасалады. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытады, шығармашылықпен 
әрекет жасуға, ӛздігінен дербес тәжірибе жасауға бағыттайды, дамытушы ортада
зертханаларда, ашық алаң, кітапхана, таным алаңы, ӛнер алаңында іс-әрекетті түрлендіре 
отырып ӛткізіледі. 
6. Мектепке дейінгі ұйымдардағы сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етеді, 
жас ерекшеліктеріне сай қоршаған ортаға деген танымдық қызығушылықтарын, 
дүниетанымдық кӛзқарастарын дамытуға ықпал етеді. Оқу қызметін ұйымдастыруда 
тәрбиеші педагогтардың жаңаша ойлауын қалыптастырады. Мектепке дейінгі және 
бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығы сақталады, дамытушы инновациялық 
әдіс-тәсілдер жүйесін қалыптастырады, ойын белсенді әдістері және оны 
ұйымдастырудың жаңа формалары пайдаланылады [5; б.10-14]. 
Ойымызды қорытындылай келе, аталған бағдарлама жаңаша педагогикалық 
ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісіне 
жылдық жұмысын жоспарлаудың құрылымы және ұсынылған қағидаларға сәйкес 
ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыптарын жаңартылуына бағыт береді. 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы жаңаша тӛрт кезеңнен тұрады: ой толғау, 
еркін, дербес әрекет және ой қорыту бӛлімі мен шығармашылық бӛлімдер арқылы 
ізденіске, тәжірибелі мамандардың еркін ой бӛлісуіне, жас мамандарға дағды 
қалыптастыруға бағыт беруге, тәжірибе алмасу арқылы жаңа тың идеяларды бекітуге 
арналған. Бұл құрылым тәрбиешілердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты 
оқу қызметін ұйымдастыруда шығармашылықпен, ӛздігінен әрекет етуге мүмкіндік 
береді.

Download 6.22 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   266




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling