Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис


Download 6.22 Mb.
Pdf ko'rish
bet169/266
Sana17.08.2023
Hajmi6.22 Mb.
#1667691
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   266
Bog'liq
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021

Әдебиеттер
1. 
Сабақтастық жұмыстары және оны жүзеге асыру — (yaneuch.ru)
 
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 
бұйрығы. 
3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 
жылғы желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген. 
4. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1994.-172б. 
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың ӛсіп-ӛркендеуі, 
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 
Егемен Қазақстан. 11 қазан, 1997 жыл. 
 


307 
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ КРЕТИВТІЛІГІН ДАМЫТУ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТЫ ШАРТ 
 
С.К.Кожаева - п.ғ.к доцент
Л.П.Жуматаева - магистрант 1 курс, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қаласы 
Жаңа технологиялардың дамуы мен таралуы инновациялық ӛмір дәуірінде адам 
еңбегінің табиғатын қайта қарастыру қажеттілігін туындатты. Жұмыстың жаңа әдістері 
мен формалары мамандардың жоғары білім деңгейіне, олардың құзыреттеріне, сондай-ақ 
шығармашылық және инновациялық қызметтеріне кӛбірек сүйенеді. Бүкіл әлемде болып 
жатқан ӛзгерістердің ауқымы мен жылдамдығын сезіну және болашаққа деген жалғыз 
кілт – бұл тұлғаның шығармашылық және инновациялық әлеуетін дамыту екенін ұғыну 
болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі білім беру кеңістігінде кӛрініс тауып отыр. 
Педагогтар сұранысқа ие маман болу үшін ӛз мамандығында бәсекелестік 
артықшылықты сақтау керек екендігін, біліктілік деңгейін қолдау және арттыру 
қажеттілігін түсінуде. Мемлекеттік білім беру стандарттарындағы ӛзгерістерге тез ден 
қою қажеттілігі, жұмыстың жаңа әдістері мен нысандарын енгізу (болашақ 
педагогтардың оқу жоспарларындағы ӛзіндік практикаға бағытталған қызмет үлесін 
арттыру) білім алушының құндылықтарын жеке тұлғаның икемділігі мен бейімділігі 
бағытына ауыстыруға баса назар аударды. Бұл қасиеттердің маңыздылығын түсіну 
болашақ педагогтың кәсіби дайындық процесіндегі креативтілігіне назар аударуды 
талап етеді.
ҚР Президентінің 11. 11. 2013 №689 Жарлығымен Қазақстан Республикасын 2020 
жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта, 
техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-
learning)» енгізілетін болады» [1], - деп қарастырылған. Осы нормативке сай 
инновациялық және қашықтықтан білім беру жағдайындағы болашық педагогтардың 
креативтілігін дамыту баса назар аударылуы керек мәселеге айналды. 
Креативтілік кӛбінесе адам жеке немесе әлеуметтік құндылыққа ие жаңа нәрсе 
жасайтын 
құбылыспен 
байланысты. 
Шығармашылықты 
зерттеуге 
ғылыми 
қызығушылық әртүрлі салаларда – психология, педагогика, әлеуметтану, философия
экономика, инженерия және басқа ғылымдарда да байқалады. Нәтижесінде 
шығармашылықты зерттеудің кӛптеген анықтамалары мен тәсілдері пайда болды.

Download 6.22 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   266




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling