Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис
Download 6.22 Mb. Pdf ko'rish
|
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021
Литература
1. Державний стандарт початкової освіти. Режим доступа: URL: https://zakon.rada.gov.ua/laws/show/688-2019-п#Text (Дата обращения 10.04.2021) 2. Типова освітня програма, розроблена під керівництвом Савченко О.Я. доступа : URL:https://mon.gov.ua/storage/app/media/zagalna%20serednya/programy-1-4- klas/2019/11/1-2-dodatki.pdf ( Дата обращения 10.04.2021) 3. Дубяга С.М. Педагогічні технології в початковій школі: навч.-метод. посібн. – Мелітополь, 2015. – 160 с. 4. Ручкина, В. П. Курс лекций по теории и технологии обучения математике в начальных классах [Электронный ресурс]: в 2 частях: учеб. пособие. Екатеринбург, 2019. – Ч. 2. Режим доступа : https://core.ac.uk/download/pdf/237680484.pdf (Дата обращения 10.04.2021) МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ САБАҚТАСТЫҒЫ Н.П.Албытова – п.ғ.к., доцент Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті ӛтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.Ә. Бидосов былай деген ―Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату‖ [1]. Балабақша – білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып табылатын, мектепке дейінгі бабаларды тәрбиелеу мен оқытуды іске асыратын мемлекеттің қырағы бақылауындағы ұйым. Сондықтан да ол мемлекеттік стандарт негізінде дайындалған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын орындайды. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы [2]. Демек, негізгі нысан балабақша баласын біртіндеп мектепте оқуға дайындау және тәрбиенің негізін қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Тәрбие жұмысының негізін Елбасының адамгершілік мұрасы – "Болашаққа кӛзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақалалары құрайды. "Туған елге тағзым" жалпыреспубликалық экспедициясын қамтитын "Ұлы дала мұрагерлері" жобасы, "Тарих тағылымы" (қалалар мен ауылдардың, кӛшелердің тарихын және мемлекеттің дамуына үлес қосқан тұлғаларды зерттеу) және "Қазақ мәдениетінің антологиясы" (ақындар, жырау, күйші шығармашылығы арқылы ұлттық фольклорды зерттеу) әлеуметтік жобалары жалғасатын болады – деп, осы материалдардың білім алушылардың "моральдық компасты" – дұрыс пен бұрысты ажырата білу сезімін және 305 бақытты ӛмір сүруге қажетті берік мінез-құлықты бойға сіңірудегі пайымын айқындайды, кӛшбасшылық қасиетін қамтамасыз ететіндігін нақты кӛрсеткен [3]. Яғни, бала тәрбиесінде жалпыадамзаттық мәдениетке жетудің сара жолы ретінде ұлттық тӛл таным негізіндегі тәрбиеге мән беріледі. Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізгенге дейінгі уақытта білім беру жүйесі орталықта бекітілген, «болашақ коммунизмнің іргетасын қалаушыларды тәрбиелейміз» деген ұрандағы мақсатты кӛздеген бір ғана бағдарламамен қызмет жасауға мәжбүр болған. Дегенмен, ұлттық таным, сабақтастық, ұлттық негізде тәрбиелеу проблемалары бойынша Х.Арғынбаев, К.Біржанов, М.Мұқанов, К.Сейсенбаев, А.Сембаев, Т.Тәжібаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин және т.б. ғалымдар ауқымды ғылыми деректер жинаған. Бүгінгі күнгі Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, А.Қасабаев, Ж.Алтаев, Ш.Шүлембаев, А.А.Айталы, Т.Әбжанов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев [4] сынды ғалымдар осы ақпараттардың заңды жалғасы ретінде философиялық, психологиялық, педагогикалық бағыттарда зерделі зерттеулер жүргізіп, монографиялар мен диссертациялық ғылыми еңбектер қорғалуды, олардың бірқатары ӛмірде кең практикалық қолданысқа ие. Әрине, Қазақстан Республикасындағы социализмнен кейінгі даму – дәстүрлі және бүгінгі ұлттық болмысымызбен араласып жатқан күрделі, қайшылықтарға толы процесс. Елбасы: «Әлеуметтік, экономикалық реформалар тереңдеген сайын ұлттық жаңарудың ӛркениеттік ерекшеліктері мен келбеті де айқындала түседі. Ұлттың мәдени және басқа этникалық тӛлтума ерекшеліктері жаңа мәнге ие болып, дәстүрі мен тілін жағартуға деген ынта-ықылас ӛседі. Ұлттық қайта түлеу – этномәдени қазынаны ұлт мүддесіне жарату, оның жасампаздық жақтарын айқындап, этнос санасының даму тірегіне айналдыру. Рухани байлықтар – ұлттың ӛзін-ӛзі тануының және танытуының, ұлттық жігер мен қайратты жұмылдырудың, оны белсенді әлеуметтік іс-қимыл, әрекетке араластырудың құралы» - дейді [5]. Тарихта орын алған сыңыржақ мақсаттарды қайта қарап, ұлттық негізде адамзат қолжеткізген жетістіктермен тәрбиелеу, оқыту арқылы дамыту бағытында арнайы тәлім- тәрбие, этномәдени білім беру тұжырымдамалары, олардың негізінде «Атамекен», «Елім-ай», «Кәусар бұлақ» сынды т.б. бағдарламалармен жұмыс жасау қарқынды жүрді. Бүгінгі таңда сол идеяларды мазмұны жағынан байытып, кеңейтіп «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негіздеген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатын іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. Тәрбиені ерте жастан бастаудың тиімділігі туралы ғылыми-практикалық дәлелдерді кӛптеп келтіруге болада. Сондықтан жастар тәрбиесіне қатысты мемлекет қойып отырған мақсаттар мен міндеттерді балалақ кезеңнен бастау тиімді. Қайта құрылған мектепке дейінгі ұйымдар балалардың еркін де жүйелі дамуын тұтас педагогикалық процесте «ұйымдастырылған оқу қызметі» арқылы жүргізетін болды. Оның мазмұнын анықтайтын «Бағдарламаның міндеттері: баланың ӛмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру. Бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің кӛрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді» [2]. Осыдан, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным» «Шығармашылық» білім беру салаларының мазмұны баланың ана тілінде сӛздік қорын дамытуды, балалар фольклоры жанрларын баяндау, 306 сахналау, анимациялауда т.б арқылы тыңдау мәдениеті мен пікірді ашық, толық жеткізу сияқты коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруды басқа білім салаларымен кіріктірумен жетілдіруді қамтамасыз етеді. Мәселен, қарапайым математикалық ұғымдарды үйретуде геометриялық материалдарды пайдаланып, қолдың ұсақ қол моторикасын дамыту үшін бейнелеу ӛнерінде олармен ою-ӛрнектер салып, түстерді үйлестіруге, дидактикалық мақсаттарға орай жұмбақ құрастыру, тақпақ жаттау жұмыстарын ұлттық мазмұнда ұйымдастыру қисыны бар. Баланың жас және жеке ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, қарапайымнан күрделіге кӛшу, жүйелілік және сабақтастық қағидаларын сақтау қажет. Сонымен қатар, баланың субьектілік дәрежесін арттыруға мүмкіндік беруде заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды ұтымды пайдалану ескеріледі. Мысалы, ертегілерді баяндап беру, ауызша айтқызудан гӛрі оларды аннимациялау, театрландырылған қойылымдар қою, тіпті ертегіні терапия ретінде қолдану психологиялық жағынан үйлесімді пайдаланылуда. Әсіресе, осы бағытта тілдерді меңгеруге де бағыттау ұтымды жүреді. Сонымен, балаларды балабақшаның дайындық топтарында арнайы жаңыртылған білім мазмұнымен 1-сыныпта оқуға дайындау бағдарламалар сабақтастығын сақтауды талап етеді. Десек те, осы жастағылардың ақыл-ойының, денсаулық, физикалық дамуы мен әлеуметтенуін кешенді түрде қарайтын тӛл танымның орны ерекше. Мектепке дейінгі жастағы балаларды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарды тӛмендегідей бағыттарда кіріктіріп жүргізуді ұсынуға болады: - тілдер үйрету: ана тілін, шет тілдерін үйрету; - туған ел тарихына назар аудару: «Менің елім Қазақстан», «Менің туған ауылым (қалам)»; - туған елдің табиғаты (Менің елімдегі ӛзен-сулар, таулар; - ұлттық эстетика, этика («Ұлттық ӛнер», бесік жыры, ұлттық салт-дәстүр). Сонымен, Тәуелсіз елдегі бала тәрбиесі ӛзіндік ұлттық дара мақсат-міндеттер мен адамзат қол жеткізген жетістіктерді тұлға бойына сіңіріп, Егемен Елімізді мәңгілік етуді ӛмір мәніне айналдырған ұрпақ қалыптастыру бағытын ұстанады. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты күшейту шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын әлі де жетілдіре түсуді талап етеді. Download 6.22 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling