Пән аты: «Тігін өндірісінің материалтануы» «Киім тігуде қолданылатын материалдар»


Download 46.23 Kb.
bet1/4
Sana03.02.2023
Hajmi46.23 Kb.
#1153303
  1   2   3   4
Bog'liq
Төм Фариза


Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі

Пән аты: «Тігін өндірісінің материалтануы»


«Киім тігуде қолданылатын материалдар»
Мазмұны:

  1. Тоқымашылық өрімдер

  2. Маталарды әрлеу

  3. Маталардың қасиеттері

  4. Матаның ассортименті

Қызылорда 2015-2016 оқу жылы



Тоқымашылық өрімдер
Мата – өзара перпендикуляр орналасқан жіптердің екі жүйесімен – матада тігінен орналасқан негіздік және көлденең орналасқан арқаулық, түзілген көпбұрышты және шаршы ұяшықтардан тұратын торлы кеңістік.Мата тоқудағы өрімдер төрт топқа бөлінеді:
1) Тегіс біртекті жоғары қабат түзетін қарапайым (тегіс) өрімдер;
2) Түрөзгерушілік тегіс өрімді күрделендіру және араластырудан түзілген ұсақ пішіндерден тұратын ұсақ өрнекті өрімдер;
3) Негіз бен арқаулық жіптің бірнеше жүйесінен түзілген күрелі өрімдер;
4) Ірі өрнекті – матада түрлі ірі өрнектер түзетін; қарапайым ірі өрнекті суреттер бір негіз бен арқаулықтың бірнеше жүйесінен түзіледі. Өрімнің суреті – оның графикалық бейнесі. Өрім раппорты (R) – аяқталған тоқымашылық суретке қажет болатын жіптердің минималды саны.
Полотнолық өрім. Полотнолық өрім матаның екі бетінде бірдей болатын тегіс жоғары қабат түзеді. Барлық өрімдердің арасында y2= x теңдеуіне жауап беретін полотнолық өрім раппорты ең аз болатын негіз бойынша екі жіп және арқаулығында екі жіп және арқаулығында екі жіп,бұдан раппорт айқасуларының жалпы саны
R Ry=2·2 =4. Полотнолық өрім негіз бен арқаулық жіптің жиі өрімделуімен, матаның жоғары қабатында шахматтық өрнекпен орналасқан негіз бен арқаулық айқасудың болуымен сипатталады. Осындай айқасумен аса жұқа, жоғары қабатында тегіс, беріктілігімен ерекшеленетін, бірақ үйкеліске төзімділігі төмен және құрылымы қатқыл маталар өндіріледі.
Негіз бойынша матаның беріктігін арттырғанда жіптер тік бағытта, ал арқаулық бойынша арттырғанда – көлденең бағытта жиырылады. Осының салдарынан полотнолық өріммен түзілген ұяшықтар симетриалы болмайды. Полотнолық өрім ең кеңінен тараған өрім болып табылады.
Полотнолық өріммен мақта – маталықтар: шыт, миткаль, мадаполам, муслин, коленкор, бөз, ақтық маталар, көптеген көйлектік маталар; зығырлық маталар – полотно, кендір(парусина), бортовка, сондай-ақ табиғи жібектен алынған маталар, химиялық талшықтардан алынған маталар өндіріледі. Тығыздығы жоғары жүн маталар өндіруде полотнолық өрім сирек қолданылады.
Саржалық өрім. Саржалық өрімде матада арқаулық жіптің әрбір аттаған сайын тоқу өрнегі бір жіпе жылжитындығынан пайда болатын қиғаш диагонал жолақтар түзіледі. Саржалық өрім раппортта үш және одан да көп жіп болуы мүмкін RR3.Диагонал жолақтардың ені өрім раппортына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Саржалық өріммен алынатын барлық маталардың диагоналдары оң бағытта болады. Саржалық өрім раппортын бөлшек санымен белгілейді, оның бөлімі негіз жіптерінің санын, алымы раппорттағы әрбір жіптің арқаулық айқасуының санын көрсетеді. Өрім раппорты шағын саржаның ұсақ жолдары (рубчики) ұсақ болады; раппорт артқан сайын ұсақ жолдар ірілеу және бедерлі болады.Саржалық өрім yR=x теңдеуіне сәйкес болғандықтан, оның диагоналы 45°бұрыш жасай орналасуы керек.
Саржалық өрім раппорты неғұрлым аз болса,байланыстар соғұрлым жиі, матаның бірігуі соғұрлым артық және оның құрылымы соғұрлым қатқыл болады. Тығыз маталарды өндіргенде үлкен раппортты саржалық өрім қолданылады.Саржалық өрім раппорты артқан сайын матаның беріктігі азаяды.Астарлық маталар негізінен саржалық өріммен өндіріледі, матаның оң бетінде негіздік жіп басым.Саржалық өрім матаның жоғары қабатында тегістік, үйкеліске төзімділік береді. Саржалық өріммен алынған маталар жұмсақтығымен эластиктілігімен,әсіресе диагоналы бойынша созылғыштығымен сипатталады.
Атластық өрім.Аттластық (сәтендік) өрімде жоғары қабаты тегіс, негіз бен арқаулық жіптердің сирек өрімделуі салдарынан жылтырлығы жоғары.Атластық өрімнің оң беті негіздік жіптердің төсемінен тұрады.Әрбір негіздік жіп раппортта арқаулық жіптің астынан бір рет өткізіледі.Атластық өрім yR=ax теңдеуіне сәйкес келеді.Атластық өрімнің R раппорты 5-тен кіші бола алмайды.Раппорты 5,8 және 10 болатын атлас пен сәтен кеңінен тараған.
Өрімнің өрнегі айқасудың әрбір келесі көлденең қатарындағы раппорттың екі жіптен кем емес жылжуы есебінен құрылады.Раппорт бөлшек санмен:бөлімінде раппорттағы жіптердің саны, алымында жіптердің жылжуының саны беріледі.Мысалы, 5/2, 7/2, 7/3, 8/3, т.с.с.
Атластық өрім құрғанда бұрыштық коэффициент пен жіптердің жылжуы төмен болады: 1<а<(R-1).Жылжу раппорты жіптің санымен еселенбеуі керек және онмен ортақ бөлгіші болмауы керек.Сәтен және атластық өрім маталары тығыздығының жоғарылығымен сипатталады:біреулері-арқаулық бойынша,екіншілері-негіз бойынша.Матаның оң бетіндегі жіптің тығыздығы үлкен,яғни сәтенде(арқаулық атлас)-арқаулық жіптер,атласта-негіз жіптері.Сәтендік өріммен сәтен,ластик,жібек маталар(атлас,сәтен-дубль,астарлық сәтен),т.б маталар өндіріледі.Бұл жағдайда тоқу станогында матаны оң бетін төмен қарата өндіреді.
Жүннен өндірілген тарақталған(гребенной) маталар үшін атластық өрім сирек қолданылады;кейде сәтендік өріммен қарпу мен түктеу жүргізілетін шұғалық жүн маталар өндіріледі.
Ұсақ өрнекті өрімдер.Ұсақ өрнектілер тобына жататын өрімдер екі топқа бөлінеді:тегіс кластың туынды өрімдері,аралас өрімдер.
Туынды өрімдер.Полотнолық,саржалық,атластық өрімдерді күрделендіру және түр өзгертушілікпен алынған өрімдер туынды өрімдерге жатады.
Рогожка - негіз бен арқаулық бойынша айқастырады, күшейту (ұзарту) арқылы түзілген қосарлы немесе үштік полотнолық айқасу. Дұрыс пішіндегі шатыраштар (шашки) алу үшін матаның негізі мен арқаулығының тығыздығы, жіптердің жуандығы бірдей болуы шарт. Негіз бен арқаулық бойынша иірудің бағыты бірдей болғанда шатыраштар бедерлі болады, мата жұмсақтығын сақтай отырып, тығыз болып өндіріледі.
Саржалық өрімнің туындылары алуан түрлі. Оларға күшейтілген саржа, күрделі, сынық (ломаная), кері, т.б. жатады. Раппорт жіптерінің санын арттырған сайын жолақтардың ені үлкейеді. Күшейтілген саржалық өріммен киім тігуге арналған мақта – маталықтар, көйлектік маталар, костюмдік жүн маталар, пальтолық маталар өндіріледі.
Күрделі және жолақшалы саржа. Матада ені алуан түрлі болатын жолдар (рубчики) түзеді.
Сынық (ломаная) саржа. Диагоналдың бағытын өзгерте отырып, күшейтілген немесе күрделі саржаның негізінде құрылады, нәтижесінде тісшелер түріндегі өрнек түзіледі. Диагоналы оңға немесе солға қарайеңіс болатын саржаның жарықты түрліше өзгертуі матада жолақтар түзеді.
Сынық саржаның бір түрі – кері (обратная) саржа, оның айырмашылығы – түрлі бағыттағы диагоналдар бір-біріне қатысты бірнеше жіпке жылжыған: көрші жатқан жолақтарда негіздік айқасуларға қарсы арқаулық айқасулар, арқаулық айқасуларға қарсы – негіздік айқасулар болып, сол арқылы жолақтар анық көрінеді.
Атластық өрім туындылары – күшейтілген сәтен (күшейтілген арқаулық атлас).
Аралас өрімдер. Аралас өрімдерге крептік, бедерлі, селдір (просвечивание), сондай-ақ матада тік және көлденең жолақтар, тор көздер түзетін өрімдер жатады. Крептік өрімдер жібек маталарда крептік иірудің жіптерімен жасалатын ұсақ дәнді жоғары қабат түзеді. Өрім негіздік және арқаулық жіптердің түрлі тіркестердегі айқасуларымен түзіледі.
Бедерлі өрімдер негіз бен арқаулық жіптерінен матаның жоғары қабатында бедерлі сурет түзіледі. Бедерлі өрімдерге вафлилік, диагоналдық, ұсақ жолды (рубчатые) өрімдер жатады.
Диагоналдық өрім, сондай-ақ, атлас базасында әрбір негізгі айқасуға қосымша айқасулар қосу арқылы да алынады.
Ұсақ жолды өрім (жалған пике). Матаның жоғары қабатында дөңес тік жолақшалар түзеді. Өрімнің әрбәр раппортында екі жолақшадан алынады.
Күрделі өрімдерге қосарлы, түкті және есілмелі (өрнекті) өрімдер жатады.
Қосарлы өрімдер. Қосарлы өрімдер қосбетті (двухлицевые), қаптық (мешковые(, қосқабатты болады. Қосбетті (біржарым қабаттық) өрім қос өрімдер тобындағы ең қарапайым өрім; оны алу үшін бір негіз бен екі арқаулық немесе екі негіз бен бір арқаулық жіп керек.
Пике өрімі. Пике өрімі – қосқабатты матаның бір түрі.
Өрімді алу үшін екі негіздік пен екі арқаулық жіп қажет. Матаның оң беті полотнолық өріммен алынады.
Түкті (ворсовые) өрімде. Түкті өрімдермен алынған матаның жоғары қабатында қиылған талшықтардан (қиылған түк) немесе жіптердің ілмектерінен (ілмектік түк) түзілген түктері болады.
Махерлік өрім матаның жоғары өабатында биіктігі алуан түрлі түктер түзеді.
Есілмелі (перевивочный) өрім. Өрім селдір, өрнекті маталар өндіруде қолданылады. Өрімді алу үшін негіздік жіптердің екі жүйесі мен бір арқаулық қажет. Есілмелі өрім алуан түрлі, олар матада түрлі өрнектер түзеді.
Ірі өрнекті өрімдер. Ірі өрнекті өрімдер деп матада түрлі өрімдердің тіркесімен алынған орнаменттерден өрнек түзетін өрімді айтады. Күрделі ірі өрнекті өрімдер бірнеше негіз бен арқаулық жүйелерден тұратын маталарда өрнектер түзеді. Олар қосбетті, қосқабатты және түкті ірі өрнекті өрімдер деп бөлінеді.

Download 46.23 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling