Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі
Өлшеу құралдардың параметрлері мен статикалық сипаттамалары
Download 1.18 Mb.
|
О У- дістемелік кешені (сп о К)
- Bu sahifa navigatsiya:
- 6.3 Температура жайлы жалпы мағлұмат.
6.2 Өлшеу құралдардың параметрлері мен статикалық сипаттамалары
Статикалық тәртіптегі ӨҚ-нің басты сипаттамасы кіріс сигналының хабарлы параметірінің шығыс сигналының хабарлы параметіріне тәуелді болатын түрлендіру функциясы (теңдеу) болып табылады. Өңдеу кезінде ӨҚ кіріс және шығыс мөлшерлерінің арасындағы сызықтық байланысты қамтамасыз етуге ұмтылады; Y(t)=KX(t), мұнда К-түрлендіргіш коэффициент. График немесе кесте, формула түрінде берілген түрлендіру функциясы, өлшенетін мөлшердің мағынасын анықтау үшін,ӨҚ-дің көмегімен оның кіріс сигналының белгілі ақпараттық параметрі бойынша жұмыс жағдайында қолданады. Координаталар басы арқылы өтетін түрлендірудің сызықты функциялары, , К түрлендіргіштің коэффициентін анықтау жолы арқылы берілуі мүмкін. ӨҚ-дің кейбіреулерінде көрсеткіш вариациялары болады, өлшенетін шама мағынасының үлкен және кіші жағынан оған баппен келгенде өлшеу диапазонында бір нүктеде құрылғының әртүрлі көрсетулерімен түсіндіріледі ӨҚ-дің маңызды сипатамасы оның S сезгіштігі болып табылады, ол ΔY шығыс сигналының өзгеруімен анықталатын ΔХ оның өзгеруіне алып келетін кіріс сигналымен анықталады. Абсолютті S=ΔY̸̸̸̸ ΔХ және S=ΔY̸(ΔХ̸Х) салыстырмалы сезгіштік деп бөлінеді. Физикалық шаманың аздап өзгеруі, берілген өлшеу құралының бастапқы сезгіштігі болып табылады, осыдан бастап оны өлшеу іске асырылуы мүмкін. 6.3 Температура жайлы жалпы мағлұмат. Дененің қызу сатысын сипаттайтын физикалық шаманы температура деп атайды. Технологиялық процесстер мен заттардың түрлі қасиеттері температураға байланысты. Ұзындық, салмақ т.б. сол сияқты физикалық шамаларға қарағанда температура экстенсивті (параметрлі) емес, интенсивті (белсенді) шама болып табылпды. Егер гомогенді денені екі тең бөлікке бөлсек, онда масса жартыға бөлінеді. Термиялық тепе-теңдіктегі жүйенің кез-келген бөлігінің температуралары бірдей болады, интенсивті шама болып табылатын температура жүйе үшін бұндай бейімделу құрылысымен иеленбейді. Сондықтан экстенсивті шаманың эталонын құрастыру сияқты, температура эталонын құрастыру мүмкін емес. Қазіргі уақытта температураның екі шкаласы қабылданған: абсолютті термодинамикалық және халықаралық тәжірибелік. Термодинамикалық шкаланың санақ басы болып нөлдің абсолютті нүктесі таңдалып алынған, ал реперлік нүкте үшін судың үштік нүктесі алынған, ол 273,16 К-ға тең. Алайда термодинамикалық шкала, газдық термометрлердің көмегімен жүзеге асырудағы үлкен қиындықтарға байланысты кең практикалық қолданысқа ие бола алмады. Халықаралық тәжірибелік температуралық шкаласы(ХТТШ) өлшеуде өте ыңғайлы болып табылады, ол (негізгі реперлі нүктелер) заттың фазалық тепе-теңдік температурасын өндіруге негізделген. Негізгі реперлі нүктелер арасындағы температура интервалы интерполяциялық формула арқылы анықталады, ол халықаралық тәжірибелік температура шкаласының мәнімен эталондық құрылғылардың көрсеткіштерінің арасындағы байланысты орнатады. Негізгі реперлі нүктелер –259,34 (теңмассалы сутегінің үштік нүктесі) температуралар диапазонынан бастап 1064,43 ОС (алтынның қаттылану нүктесі) дейін. ХТТШ-да температура интервалы –259,34 бастап 630,74 ОС платиналық кедергілік температурасының эталоны бойынша өндіріледі, ал интервал 630,74-тен бастап 1064,43 ОС-ға дейін платинді-платиндіродилі термопараның эталоны бойынша. Download 1.18 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling