Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі


Download 1.18 Mb.
bet12/60
Sana01.04.2023
Hajmi1.18 Mb.
#1315630
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Bog'liq
О У- дістемелік кешені (сп о К)

4 дәрістің тест сұрақтары.
1. Автоматты жүйелерді реттеудің динамикалық теңдеулері қалай құрастырамыз
+А) олардың құрылымдық схемаларына және динамика теңдеулері немесе оның жеке элементінің өтпелі функциясы бойынша
Б) динамика теңдеулері
В) өтпелі функциалар бойынша
Г) сипаттамалар бойынша

2. Жай жүйенің жұмысы қалай зерттеледі


А) статикалық сипаттама құрастыру арқылы
+Б) өтпелі сипаттама құрастыру арқылы
В) динамикалық сипаттама құрастыру арқылы
Г) дұрыс жауабы жоқ

3. Орнықты обектінң қайсы ретімен және қай реттеуішінен тұратын өтпелі сипаттама экспоненциалды түрде болады?


А) екінші ретті және ПИ реттеуіш
Б) екінші ретті және ПИД реттеуіш
В) бірінші ретті және ИД реттеуіш
+Г) бірінші ретті және П- реттеуіш
4 Динамикалық. өтпелі сипаттамасын құру үшін жүйелердегі теңдеулерді шешудегі........ сатылы сыртқы әсер қажет.
+А)бірлік
Б)екілік
В)дискретті
Г) үзіліссіз

5. АРЖ –нің блок схемасы неден құралған


А) объект реттеуіш ОР
Б)өлшеуіш түрлендіргіш ӨП, автоматты реттеуіш
В) орындаушы құрылғы ОҚ.
+Г)жоғарыдағының барлығы
5 дәріс. Өлшеу түрлендіргішінін және басқарушы әсерлердің реттелетін шамаларын таңдау. Реттеудің көпконтурлы жүйелері. Төтенше реттеу жүйелері.

Химия өнеркәсібінде шығарылатын өнімнің сапасы процестің қалыпты өтуін анықтайтын бірқатар шамаларға байланысты. Сол себептен автоматтандырылған реттеу жүйелерін құру кезінде ең алдымен, бақылауға және реттеуге жататын шамаларды анықтау, сондай-ақ басқарушы әсерлері енгізу нүктелерін және олардың обьект арқылы өту арналарын табу қажет.


Осы мақсатпен обьект шамаларының өзара әрекеттесу схемасын құрады, белгілердің негізгі және қосымша өту арналарын бөліп шығарады, содан кейін ауытқулардың әсерін қалпына келтіретін жекелеген реттеу сұлбаларын құрастырып, қажет болған жағдайда негізгі реттеу сұлбаларын бір-бірімен байланыстырады.
Бақыланатын шамаларды олардың саны барынша аз, бірақ технологиялық процестің ағымы туралы толық түсініктеме берілетіндей етіп сұрыптап алады.
Басқарушы әсерлерді материалдық және жылу ағымдарын өзгертетін атқару құрылғыларының көмегімен енгізеді. АРЖ жасау кезінде процестің тиімділігінің бір немесе бірнеше көрсеткіштерін таңдап алады, қажетті шектеулерді орнатады, реттеу обьектісінің статикалық және динамикалық сипаттамаларын тауып алады. Статикалық сипаттамаларға жасалатын талдау бір шамалардың екінші шамаларға әсер ету дәрежесін бағалауға және процеске барынша көп әсер ететін реттелетін шамаларды айқындауға мүмкіндік береді. Егер обьектте бірнеше тәуелсіз шама бар болса, оларды тиісті реттеу сұлбаларын енгізе отырып, бөлек енгізеді. Реттелетін тәуелді шамалары бар обьекттерде басқарушы белгілердің реттелетін шамаларға әсер ету дәрежесі ескерілетін реттеу сұлбалары қолданылады.
Динамикалық сипаттамалар бойынша басқарушы әсерлердің реттелетін шамаларының өзгертуінің ең жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз ететін нүктелерді таңдап алады. Мысалы, ректификациялық бағаннан шыға берістегі дистилляттың құрамын әдетте бекітуші бөліктегі бақылау тәрелкесіндегі сұйықтықтың температурасы бойынша реттейді. Бұл температураға флегманың немесе қыздырушы будың шығынын өзгерте отырып әсер етуге болады. Алайда, іс жүзінде дистилляттың құрамын флегманың шығынын өзгерту арқылы реттейді, себебі ол көбінесе бағанның үстіңгі бөлігінің температурасына әсер етеді.
Өлшеу түрлендіргіштерін мен өлшеу құрылғыларын таңдау кезінде ең алдымен, өрт және жарылыс қауіптілігі, ортаның агрессияшылдығы мен уландырғыштығы, сондай-ақ заттектердің басқа да физикалық-химиялық қасиеттері ескеріледі. Жұмыс істеу шарттары бойынша пневматикалық, электр немесе гидравликалық өлшеу құралдары қолданылады. Өлшеу түрлендіргіштерін обьекттің бақыланатын немесе реттелетін шамалырының өзгеру шектеріне және шығарғыш аспаптарының белгілі шкалаларына байланысты таңдайды. Бұл жағдайда өлшенетін шаманың номиналды мәні немесе реттелетін шаманың берілген мәні олардың ең жоғарғы өзгерісінің 50%-дан 70% дейінгі аралықта болу керек.
Дәлдік пен сезгіштік тобы бойынша, қолданылатын өлшеу түрлендіргіштері мен өлшеу құралдары технологиялық талаптарға сәйкес болу керек. Реттеу сапасына қойылатын талаптарға сәйкес, түрлендіргіш мен өлшеу құралдарының инерциялығы ескеріледі.
Нақты бір жерді бақылау үшін қарапайым және сенімді құралдары қолданылады, себебі олар, әдетте, қолайсыз жағдайларда болады (температура мен ылғалдықтың едәуір өзгеруі, шаңдатылғандығы, дірілдігі және т.б.).
Технологиялық шамаларды дистанциялық өлшеу кезінде олардың ағымдағы мәндерінің көрсетілу, тіркелу немесе интеграциялану қажеттігі ескеріледі.

Download 1.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling