Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet265/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
жарық көрді. Монографияда қазақ ономастикасының даму тарихы, ономастиканың 
антропонимдер, топонимдер, этнонимдер, космонимдер мен зоонимдер сияқты 
бөлімдерінің сипаты берілген еді. Жалқы есімдердің құрылымдық-сөзжасамдық 
модельдері, жалқы есімдер мен жалпы есімдердің өзара байланысы көрсетіліп, олардың 
байланысын тарихи диалектология, әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарастырады. 
Монография материалдарын ономастиканы оқыту барысында пайдалануға болғанымен, 
оқу құралы емес еді. Ғылыми – зерттеу нәтижелері алынды, бірақ оқу үдерісіне енбеді.
Арада жиырма жыл салып, қазақстандық және ресейлік ономаст ғалымдар Г.Мәдиева 
мен В. Супрунның кредиттік оқу технологиясына негізделе жазылған «Теория и 
практика ономастики» (2003) атты еңбектері - жоғары оқу орындары студенттеріне 
арналған бірден бір оқу құралы. Қазақстан - ресей ономастарының бірлесе жазған оқу 
құралы үш модульге: «Ономастика ғылым ретінде, Ономастарының разрядтары, 
Ономастиканың теориялық және қолданбалық мәселелері» атты үш модульге бөлінген. 
Әр модульде екі-үш тақырып, ол тақырыптар өз ішінен бірнеше тақырыпшаларға 
бөлінген. Ғылым және оқу пәні ретіндегі қазіргі жайы (қазіргі жайы дегенде, оқу құралы 
шыққанға дейінгі), оның басқа ғылым салаларымен ара қатынасы, ономастиканың 
ғылым саласы ретіндегі өзекті мәселелері, ономастикалық лексиканың ерекшеліктері, 
жалқы есімдердің семантикасы, жалқы есімдердің қызметі, ономастикалық кеңістік, т.б. 
теориялық материалдар қамтыды. Оқу құралында он үш практикалық сабақтың 
тапсырмалары мен өзіндік жұмыс тапсырмасы беріледі. Г.Мәдиева., С.Иманбердиева., 
Д.Мәдиева авторлығымен 2016 жылы шыққан «Ономастика: зерттеу мәселелері» оқу 
құралының кіріспесінде : «Аталмыш оқу құралы Г.Б.Мәдиеваның «Теория и практика 
ономастики» атты кітабы негізінде нақтыланып, толықтырылып жасалды» делінген [ 
4,6]. Жоғарыда атап өтілген оқу құралы мазмұны «Ғылыми зерттеу тақырыптары, 
Ономастиканың қысқаша сөздігі, жалқы есімдер кестесі, Жалқы есімдер туралы 
айтылымдар, Сөзжұмбақ, Жалқы есімдер туралы жұмбақтар, Жалқы есімдердегі 
жұмбақтар, Мақал-мәтелдердегі жалқы есімдер, Жалқы есімдердегі мақал-мәтелдер» 
атты қосымшалармен толықтырылған. Аталған оқу құралдарынан өзге жоғары оқу 
орындары студенттеріне арнайы жазылған оқулықтар мен оқу құралдары жоқ десек, 
қателеспейміз. Өкінішке орай, оқу құралы болғанымен, ономастика жоғары оқу 
орындарында оқытылмады. Ономастика жеке пән ретінде оқытылмағандықтан, оқулық, 
оқу құралдарының қажеттілігі болмады. Оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешен, 
дидактикалық материалдары жоқ, сәйкесінше, оқыту әдістемесі дұрыс жолға 
қойылмаған.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында туған жер, туған ел, ұлы 
даланың табиғаты, салт-дәстүрі негізінде жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу 
керектігіне баса назар аударылған. Ал қазақ ономастикасы - осы ретте таптырмайтын
тәрбие, тәлім көзі. Ономастика - «ұлттық идеяны» қалыптастырудағы құнды фактор. 
«Жалқы есім қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерден көрініс береді, тарихи 
реалийлерді өзіне жинақтап сақтайды. Олар, негізінен, тілдің көне қалпынан бастап 
көрініс береді.Жалпы есімдерде жасырын сақталған көптеген фактілер жалқы есімді 
талдау барысында ашылуы мүмкін, себебі соңғысы өте көне болып есептеледі.» [5,9]. 
«Атау белгілі бір қауым ішінде практикалық қатынасты тізуі үшін индивидтік атау 
қызыметіне ғана ие болмайды, сонымен бірге, олпрдың мәдени жағдайынан күрделі 
түрде көрініс береді және сақтайды» [6,3]. Атау- өркениет, мәдениет, тарих нышаны. 
Сондықтан атау – ел тарихы, «халықтың өткендегі ата – бабаларынан бермен қарай 
бастан кешкен не бір сапырылысқан болмыс, танымның ең бір талмау тұсы сол халық 
авторлығымен қойылған елді мекен, жер атаулары деп қаралады» [7,368]. Бойында бүкіл 
бір елдің тарихы мен болмысын сақтаған ана тілі бірліктерінің сыр – сипатын, тарих 
қыртысында, жаңа қолданыстар көлеңкесінде қалып келген жалқы есімдерді ономастика 
ғылымы негізінде болашақ қазақ тілі мен әдебиетінің мамандарына оқыту арқылы, 


247 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling