«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
25-26 қазан, 2019 ж.
таныту арқылы мектеп оқушыларына білім беру мүкіндігі туары анық. Сондықтан
ономастиканы оқу орындарында оқыту- осы күннің талабы. Екіншіден, Елбасының
«Рухани жаңғыру (Туған жер) Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айқындалған
міндеттерге қол жеткізуді жүзеге асыратын - мектепке баратын болашақ маман. ҚР
білім және ғылым министрлігінің нұсқауы бойынша республиканың орта мектептерінде
2018-2019 оқу жылынан бастап, «Өлкетану» курсының оқытылуы міндеттелді әрі бұл
пәнді жүргізу тарих және қазақ тілі мен әдебиетінің мұғаліміне жүктелген. Ал қазақ
ономастикасын пән ретінде оқып, ономастика ғылымының әлеуметтік лингвистикалық
мәнін түсінген; ономастикалық бірліктердің лексика-грамматикалық, семантикалық,
этимологиялық сипатын танып, ажырата білетін; ономастиканың халық тілін, ділін,
тарихын танытудағы рөлін түсіндіре алатын; ономастикалық бірліктердің ел танудағы
қызметін анықтай және оқушы тәрбиесінде пайдаланатын құзіреттіліктер
қалыптастырмаған маман аталған курсты толыққанды жүргізуі мүмкін емес.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, кезек күттірмейтін міндеттер
айқындалды. Біріншіден, ономасиологияны оқытудың әдіснамасын (философиялық,
педагогикалық, психологиялық негіздерін) жасау; Екіншіден, білім мазмұнын анықтау:
оқу бағдарламасын жасау; Үшіншіден, жоғары оқу орындарында таңдау курсын енгізу;
Төртіншіден; оһытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, педагогикалық шарттарын анықтау;
қалыптастыратын құзіреттілік жүйесін жасау; Алтыншыдан, пәннің оқу құралын,
оқу-әдістемелік кешенін жасау.
Қорыта келгенде, тарихи реалийлерді бойына сақтап кеген ономастикалық
бірліктер мектептен бастап оқытылса, білім мен тәрбие ұштасып, ұтарымыз мол болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Жанұзақов Т.Қазақ ономастикасы. I том. Астана, 2006.
2. Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
3. Қазақ ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени аспектісі. ATAU kz.
4. Мәдиева Г., Иманбердиева С., Мәдиева Д. Ономастика: зерттеу мәселелері.
Алматы, 2016.
5. Суперанская А.В. Эволюция теории имени собственного в Европе. // Вопросы
филологии.- 2002.-№3.
6. Митрошкина А Г Бурятская антропонимика. Новосибирск, 1987.
7. Мырзахметұлы М. Қазақ елі қалай орыстандырылды? Алматы, 2011.
Do'stlaringiz bilan baham: |