Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet269/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
отбасында, сосын сыртқы ортада қалыптасу барысында пайда болатын мінез, қарым-
қатынас. Рухани құндылықтар тұлғаның даму өзегі болып табылады. Қазақ халқының 
әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Халқымыздың тәлім-
тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты 
дәріптейді. Сонымен қатар, рухани құндылықтар адамның өмірдегі өз орнын табуға 
және рухани әлемінің дамуына себепші болатын, тұлғаның жетіле түсуін қамтамасыз 
ететін, дүниенің күрделі құрылымын түсіндіретін рухани даму өзектері, идеялары.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің 
ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық 
жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берген болатын. [3]. Олай болса
жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру – жоғары мектеп 
педагогтарының басты міндеті. Білім алушыларды тәрбиелеуге педагог тұлғасының 
рөлін бағалау қиын. Алайда, студенттің бойына рухани-адамгершілік құнды қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде толық мәнді педагогтар шешуші рөл атқарады. 
«Бүгінгі білімді студент – ертеңгі білікті ұстаз» деген ұстаным мен еңбек етіп келе 
жатқан оқу орнында өте өзекті, берік бағыты. Осы бағытта колледж қабырғасында 
тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді және келешекте де жалғасын таба бермек.
Еліміздегі қазіргі жастардың ұстанымына байланысты келешектегі идеясы өзекті 
қағидалары – рухани-адамгершілік құндылықтар қажеттілігі. Мұндағы алға қойылған 
басты мақсат – бүгінгі таңдағы жастардың білімі мен тәрбиесінде кездесіп жатқан 
кемшіліктерді жойып, тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматын, әсіресе 
студент жастарды өзінің қоғамдағы орнын саналы түсінетін және ел экономикасының 
бүгінгі сұранысына жауап беретін, жан-жақты дамыған, білімді, сауатты, рухани-
адамгершілік қасиеттерге бай, өнегелі тұлға ретінде қалыптастыру. «Рухани жаңғыру» 
мемлекеттік бағдарламасының да негізгі тәрбие бағыты – рухани-адамгершілік тәрбиесі 
болып табылады. [3] 
Әлемдік 
өркениет 
үлгісінде 
қарқынды 
түрде 
дамыған 
Қазақстан 
Республикасының саяси, экономикалық дағдарыс жағдайының тұрақсыздығы, 
тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтарының құлдырауы, зорлық-зомбылық 
пен қатыгездіктің белең алуы, ақпарат желісінің ұлғаюы және тағы басқа ұлт санасын 
бұлдырататын келеңсіздіктер студент жастардың адамгершілік тәрбиесіне кері ықпалын 
тигізуде. Сондықтан да қазіргі заман сұранысына сай студенттерді рухани-
адамгершілікке тәрбиелеуде, тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, формалары мен 
әдістеріне өзгерістер енгізу қажет екендігі анықталды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 
білім берудің мазмұны студенттерге тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын 
меңгертіп қана қоймай, студент тұлғасын дамытып, өмірлік мәселелерді өз бетімен және 
оңтайлы шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік беріп, 
тәрбие мен ғылымды біртұтас байланыстыра алуы тиіс. Сондықтан да білім беру 
ошақтарының да көздеп отырған мәселесі осы.
Жастар өміріндегі құндылықтарды сөз еткен кезде отбасы институтының рөлі 
ерекше екені анық. Отбасы – адам баласын адамгершілік тұрғыдан дамытушы күрделі 
әрі тұтас жүйе. Жастар үшін отбасы әке мен анаға, олардың түсінігі мен қолдауына, өз 
«мен» дегенін жүзеге асыруға және тағы басқа әлеуметтік және психологиялық 
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін таптырмас орын. Сондай-ақ, қоғамда болып 
жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер ең алдымен отбасыға ықпал етеді. 
Шын мәнінде, отбасы саласында соңғы онжылдықта дәстүрлі рөлдің, көзқарастардың 
және стереотиптердің әлсіреуі байқалады. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік 
қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән 
қасиет. Осы орайда қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық мамандығының 
студент жастарға рухани-отбасылық тәрбие алуына, кәсіби кемелденуіне ықпал 
ететіндігін атап айтқым келеді. Сонау Ескендір Зұлқар Найынның ұстазы болған 


250
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling