Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. қалыптасқан терең жар – шатқал. Ақтау шатқалы, Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы екінші қабаттағы жаға жайылымында орналасқан. Ол Атынэмель табиғат паркінің батыстан шығысқа созылған 20 кв. км астам алқабын алып жатыр, жардың жалпы биіктігі 1000 м. Бұл бір жерде орналасқан эоцен кезеңінен (56 млн жыл) плейстоценге (2,5 млн жыл) дейінгі тұнба қабаттары сақталған, тек Қазақстанда ғана емес бүкіл құрлығымызда сирек кездесетін, ғылыми маңызды ерекше жер. Бұл жерден ертедегі омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың сүйектері, өсімдіктердің жапырақтарының таңбалары, хара балдырларының гирогониттері көп табылған [5]. Алғаш рет ертедегі жануарлар сүйектері (мастодонт Anancus sinensis) 1948 жылы Бұлақ сайының жоғарғы жағында табылған, ал 1950 жылдардан бастап Зоология институтының палеонтологтары көптеген зерттеулер жүргізді (Бажанов, Костенко, 1958, 1961 т.б.). Алғашында Ақтаудың тұнба қабаттарынан табылған жануарлар: шошқа тәрізділер – Suiformes; мүйізтұмсық тәрізділер – Ergilia, Indicotheriidae; халикотерилер – Chalicotheriidae және тасбақалар мен крокодилдер - Testudinidae, Trionychidae, Crocodilia сүйектерін бір геологиялық кезеңге (олигоцен) жатқызып Ақтау свитасы деп аталды. Кейінірек табылған көптеген жануарлар сүйектерімен, зерттеулер нәтижесінде тұнба қабаттарының геологиялық жасы бірнеше рет қайтадан анықталды [6]. Соңғы зерттеулер бойынша Ақтаудың тұнба қабаттары, табылған жануарлардың тіршілік еткен уақыттарына қарай, бір біріне жалғасқан, бірнеше геологиялық кезеңдердің 8 свиталарына жатады. Олар: эоцен кезеңінің ақбұлақ свитасы; төменгі және жоғарғы олигоцен кезеңінің бетпақдала және айдарлы свиталары; төменгі, орта және жоғарғы миоценнің ақтау, шөладыр және санташ свиталары; плиоценнің іле, хоргос свиталары (Nigmatova et al., 2018). Сонымен, жоғарғы қабаттағы ақшыл-сары балшық, алеврит тұнбаларынан табылған Anancus sinensis мастодонтының сүйектері Іле свитасына жатады. Төмен қарай, қызғылт, көкшіл балшықтармен алевролит тұнбаларынан табылған Planorbis sp., Coretus corneus моллюскаларының сүйектері келесі санташ свитасы деп белгіленді. Келесі көкшіл-сұр балшықтан тұратын тұзды қабат тұнбаларынан табылған Limnaea robustus, Gyraulus gredleri, Guraulus sp., Planorbis sp., P. youngi моллюскалары және Testudo kegenica тасбақаcы шөладыр свитасына жатады [7]. Келесі Ақтау свитасының негізінен балшық, алевролит аралас қызғылт сары түсті ұсақ тас қоспаларынан тұратын тұнба қабаттарынан, 23 млн жыл бұрынғы миоцен кезеңінің басында тіршілік еткен көптеген омыртқалы жануарлардың сүйектері табылды: ертедегі бұғылар - Lagomeryx vallesensis Crusaf et Vill., 1955, Procervulus gracilis Vislobokova, 1983, Stephanocemas aralensis Beliajeva; ертедегі керіктің бір түрі – Prepalaeotragus aktauensis Godina, Vislobokova, Abdrakhmanova, 1993; мүйізтұмсық - Diaceratherium (Brachypotherium) aurelianense (Nouel), 1866; жойылып кеткен жануарлардың бір түрі халикотерий - Chalicotheriidae (Borissjakia sp.) және мастодонт - Gomphotherium angustidens (Cuvier), тасбақа тағы басқа жануарлар (Абдрахманова, Байшашов, Костенко, 1989; Година, Вислобокова, Абдрахманова, 1993; Байшашов, 2005, т.б.) [7; 8]. Осы тұнба қабаттарынан сол кездерде өскен, бұрын Орталық Қазақстандағы Күшік қазба орнынан белгілі, өсімдіктердің жапырақтарының сазға түскен таңбалары да көп табылды. Олардан 27 тұқым тармағының 43 туысына жататын 56 түрі анықталды – Osmunda minutus, Picea actauca, Laurophullum tianshanicum, Thuja sp., Nelumbo protospeciosa, Cocculus sp., Berberis sp., Ulmus miopumila, Celtis japeti, Quercus lavrovii, Quercus sp.2, Q. suber, Q. katutauca, Pagus sp., Caprinus sp., Betula sp., Juglans lavrovii, Rumex sp., Populus actauensis, P. orlovskiae, P. lavrovii, P. zongarica, Salix varians, S. lavateri, S. ulkensaica, S. cf. angusta, S. cf. tenera, Cydenia sp., Pyrus sp., Spiraea sp., Cotoneaster praracemiflora, Gliditsia allemanica, Cytisus sp., Chesnya actauensis, Amorpha kazakhstanica, 74 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling