Ӛзбекстан республикасы жоқары ҩӘм орта арнаўлы билимлендириў министрлиги әжинияз атындағы нӛкис


Download 6.22 Mb.
Pdf ko'rish
bet90/266
Sana17.08.2023
Hajmi6.22 Mb.
#1667691
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   266
Bog'liq
Топлам КОНФЕРЕНЦИЯ 2021

Адабиѐт  
1. Моянов Ы. Қорақалпоқ халқ мусиқаси асосида ўқувчи-ѐшлар маънавий-ахлоқий 
фазилатларини шакллантиришнинг ҳусусиятлари: педагогика фанлари бўйича фалсафа 
доктори (PhD) . … дис. – Тошкент, 2019. – 153 б. 
2. Қуронов М. Мактаб маънавияти ва миллий тарбия. – Т.: ФАН, 1995. – 118 б. 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА 
ТИІМДІЛІГІ 
А.Ж. Еримова - аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ. 
ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық 
қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс 
-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы 
мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рӛл атқарады. 
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты - Қазақстан 
Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық 
технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік 
білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады [1]. 
Жалпы білімнің жүйесі - қоғамдық ӛрлеумен бірге дамып, сонымен бірге үнемі 
ӛзгеріп отырады. Ол әр елдің ӛзіне тән тарихи, әлеуметтік, экономикалық 
ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үздіксіз жетіледі, барған сайын күрделене береді. 
Қай қоғамда болмасын білімнің міндеті – жас ұрпақтың дүниетанымын, жалпы дамуын 


167 
қамтамасыз ету және оқушыға белгілі бір мамандықты меңгеруіне іргелі негіз болатын 
жалпы білім беру [1]. 
Кӛптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында 
ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттар әлемін (олардың құрамын, 
құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық 
қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен 
сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары 
деңгейдегі кӛрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, 
аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын 
кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша 
материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана 
қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тест 
тапсырмаларын орындайды. Компьютер кӛмегімен оқыту оң нәтижелер береді. 
Химиялық формула - химиялық тілдің ең маңызды бӛлігі болып есептелінеді, себебі сол 
заттың химиялық құрамын ажыратып береді [2]. 
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға ӛз бетімен 
немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, ӛз 
жұмысының нәтижесін кӛріп, ӛз ӛзіне сын кӛзбен қарауына және жеткен жетістігінен 
шабыт алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім ӛткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай 
білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат - оқушының сабаққа деген 
қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті ӛтуі 
біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, 
сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, тӛртіншіден мұғалім мен оқушының 
кӛңіл-күйінеде байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті ӛткізе білу мұғалімдер 
қауымынан кӛп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. 
Сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғы шарттары бар, атап айтқанда, сабақтың 
тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау; тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін 
түрлендіріп отыру; қосымша материалдарды тақырыпқа сай іріктеп ала білу; 
дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы 
сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану; сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-
тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану. Бұл орайда инновациялық 
технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді 
болатынына зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет [3]. 
Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау 
тиімді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық 
танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, 
соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды ӛткізген кезде қолдану қажет. Сабақта 
интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды 
тыңдап қана қоймай, кӛздерімен кӛріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті 
тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған 
кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. 
Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін 
құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін 
бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім 
деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. 
Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын 


168 
арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Ақпараттық 
технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық, ол бұл 
дидактикалық әдіс тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген 
түбегейлі жүйе болып, оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. 
Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік 
кӛмекші құралы да болып табылады [4]. 
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, 
ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық 
технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау 
қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы 
оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін 
дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың 
тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта 
мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. 
Мультимедиялық технологиялар кӛбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі 
уакытта сабақ материалына байланысты кӛптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі 
химия сабағын компьютердің кӛмегіне сүйеніп ӛткізуге кӛп мүмкіндіктер жасалған. 
Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды 
кӛздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік 
графикалық материал презентациялық монитор кӛмегімен кӛрсетіледі [4].
Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың 
интеллектуалдық танымын арттырады. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, 
яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас 
ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен 
шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.Компьютер және ақпараттық 
технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау 
қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға, 
нәтижесінде ӛздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі 
таңдағы 
ақпараттық 
қоғам 
аймағындағы 
оқушылардың 
ойлау 
қабілетін 
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан 
тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары. 

Download 6.22 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   266




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling