Егер студент оқып жатқан пәніне қызығушылықпен қараса, онда тез және терең меңгере алады
«ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА» КУРСЫНА ДАЙЫНДАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Download 193.5 Kb.
|
file LAB 6 (1)
2.«ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА» КУРСЫНА ДАЙЫНДАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ2.1 Қазіргі уақыттағы электрондық оқулықтардың дайындау жағдайыАқпараттық технологиялар аясында жылдам прогресс дербес компьютерлерді оңтайлы оқыту құралы ретінде пайдалануға рұқсат береді. Білім беру үрдісін автоматтандыруды компьютерлік оқыту бағдарламалары және электрондық оқулықтар арқылы қол жеткізуге болады. Осыған байланысты өте маңыздысы әр түрлі оқу пәндері бойынша электрондық оқулықты құрудың концепцияларын өңдеу. Қарапайым кітаптардың басты кемшіліктеріне дәстүрлі қолданатын сызықты ретті алға тарту (себеп-салдар) және мәселелерді баяндаудың жоқтығы. Мұндай кітапты оқу салдарынан оқушыда білім алуға деген құштарлығын тудырмайды. Оған қоса, қарапайым кітап пайдаланғанда кері байланыс ұйымдастыру және білім алу үрдісін басқару мүмкін емес. Белгіленген кемшіліктер электрондық оқулықтар пайдалану арқылы алынып тасталынады. Электрондық оқулық оқыту үрдісінің оңтайлылығын біршама арттыруға негізделген. Оны студенттің дербес жұмысын әдістемелік дұрыс ұйымдастыруды және олардың үйренгені мен іскерлігін дамытуға рұқсат беретін қосымша ғылыми-методикалық құрал ретінде қарастыруға болады. Электрондық оқулық әдістемелік дұрыс құрылуы, айқын логикалық құрылымды болуы, зерттеліп жатқан материалдың базалық көлемін құруы, ғылымдағы жаңа тенденцияны және жақын болашақтағы технологияларды ескеруі керек. Осыған байланысты электрондық оқулыққа материал таңдау техника ғылымының перспективті даму бағытын анализдеу негізінде болуы керек. Электрондық оқулық тармақталған компьютерлік оқытушы бағдарлама принципі бойынша жасалуы мүмкін. Бірінші – төменгі – базалық деңгейі пән баяндалуы мен осы түсініктер мен анықтамалардың иллюстрацияларын алатын негізгі түсінігі болуы керек. Оқулықтың жалпы көлемінің ширегінен асырмай құрағанда бұл деңгей, қанша дегенмен, пәннің біткен толық суретін беру керек. Екінші – негізгі деңгей оқу материалының шамамен жартысынан тұрады және оқу курсы бағдарламасының барлық сұрақтарының нақтырақ берілгенінен тұрады. Ақыры үшінші деңгей өзінің білімін берілген сұрақ жүзінде кеңейткісі келетін студенттерге терең мағыналы берілген бөлек сұрақтардан тұрады. Үш әртүрлі қиындық деңгейдің болуы материалдың берілгендігі, келесі электрондық оқулықтың құрылым ерекшеліктеріне алып келеді: оқулықта материал «үздікті» берілуі керек. Оқулықтың әр тарауы оқу үрдісі кезінде кері байланыстың осының көмегі арқылы болатын тексеру сұрақтармен бітуі керек; оқулық материалындағы мәселелерді алға тартудағы студент оқу мәселелерін шешуге ұсынылған бағыт варианттары дербес пайдалану керек. Себебі студент оқу мәселелерін шешуге өзі қатысады, ол оқулықтың авторласына айналғандай болады; оқулықтағы материалдың баяндалуы оқулық материалының маңыздылығы бойынша әртүрлі бөлігін бөліп алуға болатындай, яғни анықтамалар, қорытындылар, таблицалар, суреттер және т.б. болуы керек. Бұлар гипермәтін режимінде оңай орындалады; мультипликациялар және видеотехникалар құралдарын пайдалану арқылы динамикалық режимде оқулық материалын нақты мысалдармен құрау қажет. Химия курсында, мысалға, компьютер қолдану арқылы химиялық эксперименттер өткізілуін ұйымдастыруға, әртүрлі заттар алудың өндіріс әдістерінің көрінісін және т.б.; жоғарғы курстарға арналған оқулық ғылыми монографияларға жақын болуы керек, сол уақытта кіші курстар үшін оқулық ортаңғы жағдай мектеп оқулығы мен монография ортасын алуы керек. Оқылған материалды игеру мен одан алған білімді біраз уақыт өткеннен кейін қолдану арасында тәуелділік бары бұрыннан белгілі. Егер материал дауысты болса, онда адам ондағы ақпараттың төрттен бір бөлігін есіне жақсы сақтайды екен. Егер материал көзге көрінетін болса(мысалы бейне баян), онда адам ақпараттың үштен бір бөлігін есте қалдырады. Екеуі бірдей берілген жағдайда (дауыс және видео) ақпараттың жартысынан көбін есте сақтаймыз. Ал егер адам материалды игеру барысында қызығып, процеске араласса (мысалы зертханалық жұмыстарда), онда ақпараттың 70 пайыздан астамын есіне сақтайды екен. Сондықтан электронды оқулық құу барысында соңғы әдісті қолдана білу үлкен жетістікке жеткізеді. Электронды оқулық пен қарапайым баспа оқулығының арасындағы негізгі айырмашылық ол – студент пен компьютер арасындағы интерактивті қарым-қатынас . Электрондық оқулықтың түрлері өте көп. Олар бір-бірінен дидактикалық бағытталғандығымен, тиімділігімен және көптеген техникалық сипаттамаларымен айрықшаланады. Электрондық оқулық құрғанда мыналарды анықтап алған жөн: материалды қалай ұсыну; алынған білім деңгейін бақылау; электрондық оқу құралын қолдану әдістемесі; электрондық оқу құралындағы мультимедиялық артықшылықтар; материалдың есте қалуына көмектесетін гипермәтін, гипермедия, графиктердің болуы. Download 193.5 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
ma'muriyatiga murojaat qiling