Егер студент оқып жатқан пәніне қызығушылықпен қараса, онда тез және терең меңгере алады
Электрондық оқулық құруда қолданатын программалар
Download 193.5 Kb.
|
file LAB 6 (1)
- Bu sahifa navigatsiya:
- 2.3.1 HTML -гипермәтiндi белгiлеу тiлi.
2.3 Электрондық оқулық құруда қолданатын программаларҚазіргі уақытта кітапханалар, жоғары және орта оқу орындары жаңа технологиялардың жарқын көрінісі болып табылатын электронды оқу құралдарын көптеп пайдалануда. Себебі ол өте тиімді, әрі ыңғайлы болып отыр. Электронды оқу құралдары бірнеше парақтық кітаптардың орнына келген қысқартылған оқулық түрі, яғни электронды оқу құралы “қысқы, әрі нұсқа” жазылған оқулық болып саналады. Әрбір электронды оқу құралының негізі – керекті сілтемелер жасау, сол себепті электронды оқу құралдарын жасауда сілтемелерді дұрыс ұйымдастыра білу ең басты және де маңызды мәселе болып табылады. Мен электронды оқу құралын жасау барысында бірнеше программаларды пайдаландым. 2.3.1 HTML -гипермәтiндi белгiлеу тiлi.Ол жәй мәтiндi Web-беттер түрiнде көрсетудiң ережесiн анықтайды. HTML-дiң орындайтын жұмысы-құжат тақырыптарын, абзацтарды белгiлеу және гипермәтiнге белгiлер орнату. Web-бет – кiшiгiрiм мәтiн не үлкен мәтiннiң бiр бөлiгi. Әдетте үлкен көлемдi құжат бiрнеше блоктарға бөлiнiп, әр блок бiр Web-бет ретiнде қарастырылады.Мысалы, жоғарғы оқу орны үшiн Web-беттердi мынадай түрде дайындау мүмкiн: факультет атаулары, мамандықтар; кафедралар, олардың қызметкерлерi жөнiнде мәлiметтер. әр жылда оқу орнын бiтiрушi студенттер тiзiмi. Web-те бiр тақырыпқа арналған Web-беттердi ретiмен не оларды байланыстырып, тұтас көрсету де мүмкiн. Соңғысын Web-түйiн деп атайды. Web-беттерге сiлтеме ретiнде тақырыпқа байланысты басқа Web-беттiң адресi де енгiзiлiп қойылады. Оны гиперсiлтеме деп, сiлтеме мазмұнын гипермәтiн деп атайды. Экранда көрiнген Web-бетте гиперсiлтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетiледi.Сiлтемеде оның қысқаша мазмұны жазылып қойылуы да мүмкiн. Гиперсiлтеме бойынша келесi Web-беттi экранға шығару үшiн сiлтемеге көрсеткiштi әкелiп, ол сұқ саусағы мәтiнге бағытталған қол түрiне айналған кезде, тышқан түймесiн шерту жеткiлiктi. Іnternet iшiнен керектi мәлiметтi iздеп табуға мүмкiндiк беретiн тағы бiр мүмкiндiктi қарастырып өтейiк. World Wide Web (WWW не Web) яғни “дүниежүзiлiк өрмек“ информация iздеп бүкiл дүние жүзiне “электрондық саяхат“ жасайтын гипертекстiк жүйе болып табылады.Қазiргi кездегi әр түрлi мәлiмет алуға болатын ең кең тараған жүйе ретiнде WWW есептеледi. Іnternet қалған бөлiктерiнен гөрi WWW жүйесiн пайдалану жеңiл,әрi ыңғайлы. Мұнда бiр-бiрiмен байланысқан сөздер арқылы iздеу жүргiзiледi. Өзiңiзге керектi тақырыпты таңдап алып, соған байланысты ақпаратты қарап шығасыз, сол ақпарат iшiнен тағы бiр тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәлiметтердi оқи бастайсыз. Осылай бiр тақырыптан екiншiсiне ауысып көре бересiз, бiрақ, қажет болса, кейiн оралуыңыз да қиын емес. WWW жүйесi байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипертекст деген не? Егер сiз Windows жүйесiнiң көмек беретiн мәлiметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерiнiң Hyper Card файлын көрсеңiз,сол гипертекст мысалы бола алады. Гипертекстiк құжат бiр ұғымнан екiншi ұғымға текстiк байланыс арқылы (мазмұн арқылы) тез көшудi қамтамасыз етедi (links).Бiр текстiң бөлiгiн ғана оқып,сонан кейiн сол бөлiкпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам көше аласыз. Бұлай жылжу белгiленген текст фрагментiне курсорды алып барып тышқанды сырт еткiзу арқылы орындалып отырады. Download 193.5 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling