Егер студент оқып жатқан пәніне қызығушылықпен қараса, онда тез және терең меңгере алады


Download 193.5 Kb.
bet7/11
Sana01.03.2023
Hajmi193.5 Kb.
#1242710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Bog'liq
file LAB 6 (1)

2.3.2 HTML тiлiнiң қызметi.


Web-беттердiң компьютер экранында форматталған түрде пайда болуына қарамастан HTML тiлi құжаттарды форматтауға арналған. Себебi құжаттарды форматтаудың дәл түрде берiлуi және дәлдiк позициялау мәтiн элементтерiн оларды интернетте қолдануға жарамсыз етедi. Мысалы бiздер мәтiндi Word процессоры арқылы жасағанда құжаттың қандай қағазда қандай принтерде қандай түрде шығатынын анық бiлемiз.
Бiздер құжатты интернетке орналастырғанда оның қандай компьютердеқайпрограмма арқылы көрiнетiндiгiн ешқашан бiле алмаймыз. Мүмкiн бiздiң құрған құжатымыз Web жүйесi арқылы жұмыс iстейтiн қазiргi заманның броузерi арқылы көрiнуi мүмкiн. MS DOS жүйесiнде жұмыс iстейтiн мәтiндiк броузер немесе мүгедек адамдарға арналған арнайы құрылғы көмегiмен шығарылуы мүмкiн. Осыған байланысты интернетте құжаттарды әр түрлi құрылғыларға шығару үшiн HTML тiлi құжаттың форматын белгiлеудi қолданбайды. HTML тiлi құжаттың функционалдық бөлiктерiн белгiлеу үшiн яғни мәтiн фрагменттерiн қызметтерiн анықтау үшiн ғана қолданылады. Мысалы, мәтiнде тақырып кездессе HTML тiлi мәтiннiң бұл бөлiгiн тақырып екендiгiн белгiдейдi. Көру программасы броузер кодталғаннан кейiн тақырыпқа не iстеу керектiгi жайлы өзi шешедi. Ол, яғни броузер оны үлкен қарiппен шығаруы, экран ортасына орналасуы немесе дыбыс ситезаторы құжаттың мәтiнiн оқып тұрған дыбысты күшейтiп сәйкестi интонация немесе пауза ұстауы мүмкiн.


2.3.3 Macromedia Dreamweaver программасы


Дипломдық жұмысымның программалық құралы ретінде Macromedia Dreamweaver программасының көптеген мүмкіндіктерін пайдаландым. Macromedia Dreamweaver программасы қазіргі уақытта Интернеттің стандарттарын қолдайтын ең мықты программа және де қиын есептердің шешілуін жеңілдетеді. Сонымен қатар оның құрамына алғаш қолданушыларға жұмысқа тез арада кірісіп кетуге мүмкіндік беретін дамыған түсіндірме жүйесі бар. Macromedia Dreamweaver жүйесі – гипермәтіндік құжаттардың визуалды редакторы. Қуатты кәсіби программа Macromedia Dreamweaver кез келген күрделілікті және масштабты HTML беттерінің генерациясы үшін барлық қажетті құралдарға ие. Ол визуалды жобалау (WYSIWYG) режимін қамтамасыз етеді, web – құжаттардың бастапқы мәтінмен өте таза жұмыспен ерекшеленеді, үлкен желілік жобаларды қолдаудың кірістірілген құралдарына ие болады. Dreamweaver визуалды гипертекстік құжат редакторы болып табылады. Ол кез келген текстілік ақпаратты Internet Explorer-дың HTML форматындағы файлдарға аударуымен танымал. HTML – бұл гипермәтiндiк номерленген тiлi (HyperText Mazkup Language), бiрақ бұл түсiнiк ауқымды, бұған интернет және ауқымды желi, гипермәтiндiк құжаттардың безендiру түрлерi, гипермәтiндiк редактор, дизайн және тағы басқалары кiредi. Алайда бұл программада текстіден басқа графикалық және дыбыстық форматты файлдарымен жұмыс істеу алуы қарастырылған, яғни сол программада ашылған файлдың ішіне текстіден басқа әр түрлі екі өлшемді, үш өлшемдік файлдар және дыбыстық файлдарды үйлестіруге болады. Көптеген HTML визуалды редакторлар гипермәтіндік кодтармен тиімді жұмыс істемейтіндігі белгілі. Бұл, олардың артық ақпаратқа, ірі бастапқы мәтінге, конструкциясының жүктеоген күрделі тілдерінен туындайтындығын білдіреді. Берілген кластың басқа да программалар арасынан Dreamweaver жүйесі HTML кодымен дұрыс қатынас жасаумен ерекшеленеді, ол көмекші дескрипторлар мен ірі қызметтік комментарий болмайтын таза икемді бастапқы мәтіннен туындайды.
Macromedia Dreamweaver программасын ең алғаш іске қосқанда бірнеше мәзірден және көптеген панельдерден тұратын жұмыс терезесі ашылады, ол төмендегі суретте көрсетілген.
2.3.4 Adobe Photoshop пакеті
Adobe Photoshop(АР) программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. (АР) – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. (АР) программасының басты беті сурет 4-де келтірілген.



  1. MACROMEDIA FLASH ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Flash векторлық анимацияны қолдана отырып, интерактивті интерфейс жасау мүмкіндігі.


Macromedia Flash программасы 1996 жылы шықты. Flash сөзiн ағылшын тiлiнен аударғанда – бұл өте тез және өте көрнекi дегендi бiлдiредi. Екеуi де бiрдей жүредi, мысалы, найзағайдың жалт етуi. Векторлық графика негiзiнде бұл алғашында өте дөрекi құрылғы болатын.
Үшiншi версиясына дейiн векторлық графикамен жүргiзiлдi. Негiзiнен алғанда Flash-те жасалған программалар (аз ғана килобайт) көлемi өте кішкентай болады.
1999 жылы төртiншi версиясы, Action Script көрiнiстерiмен бұл программаға деген қызығушылықты арттырды. Flash-тің төртінші версиясында алғаш рет программалау мүмкіндігі пайда болды және мұнда айнымалыларды жақтау, шартты логика және объектілердің қасиеттерін динамикалық өзгерту енгізілді. Программалаумен толық таныс емес қолданушыға логиканың құрылған механизмі түсінікті болды, бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі болды.
2000 жылы тамыз айында бесiншi версиясы шықты. Ендi Action Script-ті Flash программасының негiзгi киттерiнiң бiрi десек те болады.
Flash-тің бесінші версиясында программалау тілі көп-көрім кеңейтілген. Енді ActionScript – JavaScript-ті еске түсіретін, сценарий жазудағы жаңа тілдің синтаксисі. Объектілі бағдарланған программалау және бесінші версиясында пайда болған smart-clip объектісі тасымалдауға арналған компоненттерді(яғни, жаңа проект жасағанда универсалды модуль ретінде пайдалануға болатын компоненттер) қолдануға мүмкіндік береді.
Flash программасымен өзіңіздің Web-бетке қосатын қарапайым анимацияланған фильм құруға болады. Дайын Web-бет құруға немесе узел және оған мәтін, графика, интерактивті батырмалар немесе анимация қосуға болады.

  1. Векторлық графика.

Графикалық форматта диаметрі 100 пиксель болатын дөңгелек аз дегенде 10 килобайт 100х100 пиксель орын алады. Векторлық форматта көрсету үшін оның радиусын беру жеткілікті және оған көп дегенде 2 байт жеткілікті. Расторлық графикте өлшемін өзгерткенде анықтылығын жоғалтады.Векторлық бейнелеуде жасалған кескін оригиналға нақты сәйкес телініп тұрады

  1. Расторлық графика.

Расторлық графикте басқа графикалық программалардағы барлық мүмкін болатын операцияларды орындауға болады: созу және қысу, өлшедерін өзгерту, бұру және түсін өзгерту т.с.с. Расторлық кескіндерді әртүрлі детальдау дәрежесімен вектрлеуге болады. Басқа графикалық және векторлық пакеттерде: *.EMF, *.WMF, *.EPS, *.DXF, *.DIB, *.JPG, *.GIF,*.PNG жасалған расторлық кескіндерді клипке импорттуға болады.

  1. Дыбыс.

Flash-клиптерде *.WAV форматында дыбыстық файлдарды қолдануға болады. Дыбыстарды әр сценалардың көріну мезетіне қосуға болады немесе батырмаларды және мәзірдің бөлімдерін тандағанда басқанда, сонымен қатар тышқанды басқанда немесе жібергенде, орнынан қозғалтқанда қосуға болады.

  1. Анимация

Барлық объектілер өзінің траекториясымен тандалған формада қозғала алады, жай қозғалып қоймай, қажет болғанда түсін, түрін, өлшемін өзгерте алады және масканың астына «тығыла алады» немесе «шыға алады». Анимацияны жүктеу немесе тоқтату және қайталау санын клипті жасарда пайдаланушы өзі шешеді.

  1. Трансформациялар

Векторлық объектілер автоматты түрде өзінің пішінін өзгерте алады.Ол үшін бастапқы және соңғы пішін мен трансформация болатын уақытты беру қажет. Трансформация орын ауыстырумен қатар жүре алады.

  1. Арнайы эффектілер

Арнайы эффектілерді жасау үшін арнайы техникалар қолданылады. Сонымен қатар маска-қабаттарды да қолдануға болады. Дыбыстық арнайы эффетілердің жай ойнатуымен қатар бөлек сол немесе оң каналда дыбыстың қосылу мүмкіндігі бар және бір каналдан екіншісіне ауыса алады.

  1. Дизайнның белсенді элементтері

Кез-келген графикалық элемент белсенді түрде пайдланушымен өзара байланыста болады. Клиптің жеке сценалары арасындағы ауысуларды басқара алады. Дыбысты қажетті уақытта қосып, ажырату, URL-ресурстарын батырма немесе мәзір түрінде бейнелеп жүктеуге мүмкіндік береді.

  1. Клиптің өлшемі

Басқа графикалық форматпен салыстырғанда векторлық форматты қолдану және объектілермен жұмыс істеу клип файлдарының өлшемін айтарлықтай кішірейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бір мезетте әріптің дөңгелекке айналып, қайта қалына келіп, түсінің өзгеруінің Flash-клипі небары 892 байт орын алады. Анимацияланған GIF-қа экспорттау 27 килобайт, ал AVI-ға 8 мегабайт орын алады. Flash бейненің вектолық форматын қолданады және расторлық пен дыбыстық файлдарды қысып, файлдың өлшемін азайтады және жүктеу уақытын жылдамдатады.

  1. Клиптің ойнатылуы

Жасалынған Flash-клип-ті тек қана интернет желісінде ғана емес, сонымен қатар дербес арнайы ойнатқыш бағдарламалардың көмегімен көруге болады. Windows-та дикеттен немесе презентациялық CD-ROM-нан қосуға болатын дербес ЕХЕ-модуль жасауға болады және презентацияның сыртқы бейнесі интернеттегі нұсқасымен сәйкес келеді.
Macromedia Flash компьютерлік анимацияларды құруға арналған программалық жабдықтардың ішіндегі ең тиімділерінің бірі болып табылады.
Жалпы Macromedia Flash–тің жаңа мүмкіндігінің бірі ол интернет сайттарын жасау болып табылады. Себебі, Macromedia Flash қолданбалы программасында жасалынатын Web беттердегі анимацияларды және мәлімет алмасуларды ұйымдастыру тез, әрі оңай іске асады. Сонымен қатар интернет сайттардағы графикалық дизаиндарға баса назар аударатын болғандықта Macromedia Flash мұндай жұмыстардың шебер, әрі көркем нұсқаларын ұсына алады.
Flash-пен бұрын жұмыс жасап көрмеген адамдар неге осы Flash-ке сонша таңданады деп ойлауы мүмкін. Біріншіден, Flash-те графиканы өңдеу таңдандырады. Web-ті пайдаланған әрбір пайдаланушы кеңінен тараған GIF және JPEG форматтарымен жақсы таныс. Суреттің бұл типтері растрлық графика ретінде белгілі. Бұл типтегі графикада бейне боялған нүктелер немесе пикселдердің дискретті тізбегінен құралады. Бейнені үлкейткен кезде, бейнені құрушы жеке квадраттар байқалып қалады, бұл эффект пикселизация ретінде белгілі.
Macromedia компаниясы құрған Flash программасы ең керемет Web-узелдарда пайдаланатын программалық жабдықтарды ұсынады. Flash Web үшін анимацияланған файл құруға тағайындалған өте күшті жүйені ұсынады.

  • Flash фильмін құру; ол үшін алдымен графикалық бейнені құрып алып, одан кейін оны нақты уақыт аралығына анимациялау керек.

  • Flash, Publish командасын пайдалану арқылы, фильмді Flash-тің ойнатылатын фильміне айналдыруға болады. Бұл кезде Flash Web-беттер құру үшін қажетті HTML кодын құрады.

  • HTML кодын HTML құжатына қоссақ, онда ойнатылатын Flash файлына сілтемесі бар Web-бет құрылады. Бұл процесс Web-бетке графика қосуды еске түсіреді, немесе HTML кодын жаңа Web-бет құру үшін пайдалануға болады.

  • Web-бетте өңделген HTML құжатын және ойнатылатын Flash файлын жүктеуіңізге болады.

  • Броузер терезесін ашып, өзіңіздің Web-бетіңізді көруіңізге болады.

Flash эффектілерін көру үшін арнайы көру программасы қажет. Қазіргі уақытта көптеген компьютерлік жүйелер мен броузерлерде Flash файлдарын көру программасы орнатылғандықтан, пайдаланушылар Flash файлы бар Web-узелдерді арнайы программаларды орнатпастан, жүктеместен көре алады. Flash эффектісі бар Web-узел бейнеленгенде сіздің жүйеңіз анимацияланған файлдарды ойнатуға арналған программаны пайдаланады. Flash файлдардарды көрудің Встроенный программасы жоқ пайдаланушылар www.macromedia.com адресінен жүктеулеріне болады.
Web-узел уақыт өткен сайын күрделеніп барады. Анимацияларды және арнайы эффектілерді пайдалану Web-узел-ды көптеген кәдімгі беттердің ішінен ерекшелендірп тұрады. Анимация қосу өте күрделі емес, тек ол үшін сурет өнерінен хабар болу керек.
Қазiргi кезде Macromedia Flash MX программасы – интерактивтi векторлық анимация жасайтын, web-сайттарды жасауға арналған жетiлдiрiлген программа болып табылады.
Flash МХ – алдыңғы версиялардан көп ілгері, мүмкіншілігі өте жоғары. Мұнда сенімді және тез жүктелетін Web-қосымшаларын құруға арналған көптеген жаңа мүмкіндіктер қосылған. Flash МХ-тің жаңа мүмкіндіктері Flash күштілігін және шығармашылық потенциалын кеңейтеді.
Flash МХ-тің жақсартылған жұмыс алаңы жаңа және тәжірибелі дизайнерлер оңай меңгеруге және басқаруға қолайлы. Кәдімгі қолданылатын қасиеттер енді көптеген басқа тақталарға және сұхбат терезелерге қатынас жасау қажеттілігінен босататын, объектілердің жанама-бағынышты бір инспекторында пайда болады. Енді экрандағы орынды экономдау үшін, қажеттілігіне қарай қосылып, ажыратылатын, қайырылатын тақталар пайда болды. [18]



Download 193.5 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling