Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- Айнамен шағылыстыру »
- «айна» концепциясы
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 ынталандырушы. Зәкірді орнату үшін сұхбаттасушыдан қажетті тәжірибені еске түсіретін жағдайды еске алуды сұрау керек. Сол сезімнің толық көрінісін бақылай отырып (мысалы, адам қорыққан сәтті еске алған кезде ерін жұқарып, бет жүзі бозарып, тынысы тарылады) осы сезімді байланыстыратын ынталандыруды енгізіңіз. Ынталандыру ретінде саусақпен шерту немесе сипау әрекеттерін қолдануға болады. Егер осы сезімді зәкірлеу қолыңыздан келген болса, ынталандыруды қайталаған кезде сол жағдайға қатысты сезімді бастан кешесіз. Сол керекті ішкі жағдайды орнату, сезу үшін психолог сол ынталандыруды нақты орындап сезуге көмектесу керек. «Айнамен шағылыстыру». Біз айналамызға қарағанда ғана бағалаймыз. Бұл бағалар бізге қоршаған адамдар мен заттар туралы айтады. Егер осы бағалар өзіміз жайлы ақпарат берсе, қалай болар еді! Міне, осы «айна» концепциясы деп аталады. Оның әрекеті шамамен мынадай болады: бізді қоршаған адамдар мен заттар және өзімізге қатысты ақиқат. Өзімізден тыс баға берген кезде біз не істейміз? Біз айнаға қараймыз; айна бізге өзіміз жайлы ақппаратты қайтарады. Бастапқыда бұл концепция шындықтан алыста сияқты көрінеді. Бірақ оны қолдана бастағанда, оның тамаша екендігіне көз жетеді. Айнадан өзіңді көру жиі жағдайда ұнамайды, кей кезде ол адамға дискомфортта әкеледі, бірақ өзіңді қаншалықты жылдам білгің келсе, өзіңді адамдар және заттар айнасында қарау – бұл үшін құнды құрал. Өзіңді алғаш рет бейнетаспадан көрген кезде, дауысыңызды естіген кезде қандай сезімде болғаныңызды еске түсіріңіз. «Менің дауысым мұндай емес!», «Мен өзімді олай ұстамаймын!». Соған қарамастан сіздің достарыңыз «Жоқ, бұл сенің дауысың. Жоқ, сен өзіңді дәл осылай ұстайсың» дейді. Бейнетаспаны қайталап көрген кезде адам өз бейнесін қабылдай бастайды және өз бейнесіне өзгертулер енгізеді (Оны жетілу деп есептейміз). Өмір айнасымен де дәл осылай. Адамға айнадан көргендері ұнамауы мүмкін, бірақ айнаға қарамасаң өзіңді білмейсің және өзгертулер енгізе алмайсың. «Айна» – бірінші сөзімізге мақұлдап келісетіндей бастаймыз. Мысалы, бүгінгі күніміз сәтті болды ия?, - деп. Кішкенеден кейін «Қоқысты қазір апарып саласың ба немесе он минуттан кейін бе?», -десек онда келіспеске амалы қалмас. Өйткені адам санасы келісіп тұрған сәттен тез ауыса алмай қалады. «Белгі беру» – жұмыста келіспеушілік орын алса, жұмыс уақытылы орындалмай жатса, өзіңіздің жүйкеңіз таусыла бастаса, онда сіз ұжымға кемшіліктерін айта отырып, «біз бәріміз ақылды, саналы жандармыз» деген сияқты мақтау айтсақ, онда түпсаналарында ақылды, саналы деген ойлары жаңғырып, жұмыс тез қарқынмен жүріп кетеді. «Детектор лжи» – серігіңіздің шындығын анықтау. Дене қимылы мен ойының үйлесімділігіне мән беру керек. Ол сенімді сөйлеп тұрып, басын шайқай ма? Денесін қозғалтып, көз қарашығын оң жаққа апара ма? Яғни ол өтірік айтып тұр деген сөз. Егер көз қарашығы сол жаққа қараса, онда ойда шомылып отыр. «Рефрейминг техникасының» - мағынасы – ол мәселелердің атын өзгерту, ол үшін назарды мәселенің басқа жақтарына алмастырып, жаңа көзқарас беру жеткілікті. Мысалы, мәселені (проблеманы) тапсырма деп өзгертуге болады, сонда ол жүк болмайды. Адамдар тапсырмаға қарағанда проблемаға көп мәнмен қарайды. Мысалы, артық салмағы бар адамды ол сезім адам емес, тек денсаулығы мықты, мәдениетті, көрнекті адам деп қабылдаса болады. Рефреймингтің мәні – сол бір жағдайдың екінші жағын көрсету. «Ассоциация (байланыс) және диссоциация». Ассоциация (байланыс) – қосылу, бірігу процесі болып табылады. Диссоциация – бөлініп, жекелену жағдайы. Осы техниканы қолдану тәсілдерін қарастырайық. Өмірде өте қатты, өте күшті жағдайды бастан кешірген тәжірибелер кездеседі, ондай жағдайда сондай дәрежеде күшті позитивті сезімді қарсы қою мүмкін болмайды. Бұл кезде зәкірлеу (якорь) техникасы (тәсілі) жұмыс істемейді. Сонда сол бастан кешкен |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling