«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
25-26 қазан, 2019 ж.
жағдайдың интенсивтілігін жою әдісін табу керек. Ол егер клиент бөлектеніп
(жекешеленіп, оңашаланып), психикалық травмаға байланысты сезімнен байланыс үзсе
мүмкін болады. Ол үшін оған сол жағымсыз травма жасайтын жағдайды еске түсіріп,
бірақ өз-өзіне сырттан қарау керек (яғни сол жағдайды іштей бастан қайтадан өткізбеу
керек). Осындай эмоциялық байланыстардан арылу арқылы қорқыныш, ауыру, т.б.
сезімдер жойылады. Ал ассоциацияны тек жайлы, ұнамды жағдайларға ғана
байланыстыру қажет [5].
Аталған әдістерді қолданбас бұрын байланыс орнататын адамдар қай типке
жататынын анықтап алуымыз қажет: визуал - ақпаратты көзбен қабылдайды; аудиал –
естумен қабылдайды; кинестетик – жанасу және дәм арқылы қабылдайды. Оларды
ажырату үшін қарым-қатынас барысында өте мұқият болу керек. Мысалы: біріншісі
аспанға қарайды, екіншісі алдыға, ал үшіншісі төмен қарап байланыс орнатады.
Кинестетикке аудитория алдына шыққанда қандай қимыл-қозқалыста болу керек,
қалай сөйлеп, елдің назарын өзіңе аудару керек, сахнаға немесе көпшілік алдына қалай
шығып, қалай кету керектігін іс-қимылмен көрсетіп қайталатуға болады.
Қорыта келе, НЛБ техникасын өзі жақсы меңгерген адам ғана өзгеге әсер етіп,
жақсы жаққа өзгерте алады. Оқу-тәрбие барысында қолдану тиімді өйткені қазір адамдар
арасында қарым-қатынас орнату, олардың аудитория алдында өзін-өзі ұстауы маңызды
қажеттілік. Ал оларды дамытуға НЛБ техникасы өте тиімді. Сондықтан сіздің өміріңізді
жақсы жаққа өзгертуі мүмкін, өзіңізге немесе өзгеге қолданып көріңіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. А.Р. Лурия, Основные проблемы нейролингвистики, 2009. С 256.
2. М.Гринфельд, Р.Дилтс, Моделирование с помощью НЛП. Практикум по
психотерапии. Питер. 2001.
3. Маслоу А. Мотивация и личность.«Питер».2014 г.
4. Васильев В.К., Филимоненко Т.Ю. Суггестивная технология в политическом
лидерств, 2001, С 186.
5. А.Любимов. НЛП. Мастерство коммуникации. Питер. 2003
Do'stlaringiz bilan baham: |