Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 М. Ю. Перфильева, Ю.П. Симонова, С.А. Прушинский, Т.Г. Туркина [5] денсаулықтың мүмкіндіктері шектеулі адамның өміріндегі проблемалар мен тосқауылдар қоғам құратынын және білім берудің қоғамдық жүйесінің жетілмегендігін айтады. Біздің ойымызша, ең алдымен инклюзивті білім беруге қатысатын педагогтарды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру қажет. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту білім беру мекемесінде штаттық педагог-дефектологтар, мұғалім-логопедтер, арнайы психологтар болғанда ғана тиімді болмақ. "Педагогтың кәсіби стандартында" инклюзивті мектептің қазіргі заманғы мұғаліміне қойылатын талаптар белгіленген. Инклюзивті білім берудің енгізілуіне байланысты педагогтың оқытуға арнайы тәсілдерді пайдалану және білім беру процесіне арнайы қажеттілігі бар оқушыларды, оның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу үшін міндетті дефектологиялық даярлығы болуы тиіс. Заманауи педагогтарға, ең алдымен, жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыратын педагогтарға қойылатын талаптар жаңа қызметтерді орындаумен байланысты: дене немесе интеллектуалды мүмкіндігі шектелген балалар болсын, қалада немесе ауылда тұратын әр түрлі әлеуметтік топтағы балалар болсын немесе басқа да әр түрлі білім беру топтарымен жұмыс істеуге болатын технологияларды өздігінен, шығармашылық түрде және адекватты таңдау мен қолдану қабілеті. Білім беруді реформалау жағдайында ағымдағы әлеуметтік-педагогикалық үрдістерді түсінетін жаңа тұжырымдамалық ойлау жүйесі бар педагогтарды дайындау қажеттілігі туындап отыр. Жұмысы тек дені сау балаларға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік факторларды, жақын айналадағыларының және әлеуметтенуінің ерекшеліктерін есепке ала отырып дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға бағытталған жоғары білікті мектеп мұғалімдері аса қажет. Бұл жағдайдың маңыздылығы халықаралық және отандық құқықтық құжаттарда айқындалған. Алайда, ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан мектеп мұғалімдерді даярлаудың дәстүрлі түрі көбіне дамуында ешқандай ерекшеліктері жоқ «қалыпты» балаға білім беруге бағыттауды қарастырады. Сондықтан инклюзивті білім беруді тәжірибеде жүзеге асыратын мұғалімдер даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін мемлекеттік мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын және оқу пәндері бойынша бағдарлама мазмұнын бейімдеуде қиналатыны, олардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, қабілеттерін түсінбеуі, жекеленген оқытудың белгілі бір әдістемелерін қолдана алмауы, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен қалыпты балалар арасында тұлға аралық қарым-қатынасты орната алмауы және т.б. білмеуі бұл заңды құбылыс. Қазіргі мектеп мұғалімі логопедтердің, психологтардың, дефектологтардың және басқа да тар мамандардың құжаттарын "оқу" ғана емес, нақты баланың проблемаларын түсіну және оларды шешу жолдарын білу қажет, бұл барлық педагогикалық кадрларды арнайы дефектологиялық даярлау қажеттілігі туралы дәлелдейді (біліктілікті арттыру курстары ғана емес, базалық білімге қосымша). Қазіргі мектептің педагогы білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалары бар ата-аналарға оқыту және дамыту, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауы мәселелері бойынша кеңес бере білуі, білім беру мекемесі мен отбасында қолайлы психологиялық климат жасауға бағытталған психологиялық профилактикалық жұмыс жүргізе білуі тиіс. Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling