«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларлар жинағы 11-сынып


Download 1.32 Mb.
bet5/11
Sana01.10.2020
Hajmi1.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дескриптор: Білім алушы:

  • интервалдардың орта мәндерін есептейді;

  • ақшаның орта мәнін табады;

  • берілген гистограмманы қолданады;

  • шарттарға сәйкес пайыздық үлестерді есептейді.




  1. Үш атқыш нысанаға бір реттен атты. Олардың нысанаға тию ықтималдықтары сәйкесінше 0,5, 0,6 және 0,8. Нысанаға тию саны Х кездейсоқ шамасының полигоны берілген.


і) деректер бойынша, нысанаға тию саны Х кездейсоқ шамасының үлестірім қатарын жазыңыз;

іі) полигон бойынша кестенің әрбір ұяшығындағы сандық мәліметтерді негіздеңіз.
Дескриптор: Білім алушы:

  • ықтималдықтарды есептейді;

  • ықтималдықтардың қосындысы 1-ге тең формуласын қолданады;

  • үлестірім кестесін жазады;

  • кестедегі сандық мәліметтерді берілген полигонмен салыстырып, негіздейді.




  1. Белгілі бір мәліметтерді тіркеу нәтижесі бойынша салынған полигон берілген:


і) абсолютті және салыстырмалы жиіліктердің үлестірім заңын жазыңыз;

іі)

5  х  9 варианталар аралығына сәйкес жиіліктер берілген таңдаманың неше пайызын құрайтынын анықтаңыз.




Дескриптор: Білім алушы:

  • полигон бойынша абсолютті жиіліктер заңын жазады;

  • таңдалым көлемін анықтайды;

  • салыстырмалы жиіліктер кестесін құрады;

  • берілген варианталар аралығына сәйкес абсолютті жиіліктердің пайыздық үлесін есептейді.




  1. Кестеде 24 студенттің үй жануарларын асырайтындығы жайлы дерек берілген.




Үй жануарларының саны

0

1

2

3

4

5

6

Жиілігі

1

2

3

5

7

3

3




    1. үй жануарлар санының орта мәнін табыңыз;




    1. Сәуле 24 студенттің қатарына қосылды. Сонда, жаңа орта мәні 3,44 болды. Сәуленің қанша үй жануары болғанын есептеңіз.


Дескриптор: Білім алушы:

      • дискретті вариациялық қатар болатынын негіздейді;

      • үй жануарларының орта мәнін есептейді;

      • жаңа орта мән бойынша Сәуледегі үй жануарларының санын анықтайды.




  1. Кесте 200 студенттің емтихан тапсыру уақыттары жайлы мәліметтерді көрсетеді:




Уақыт, t (мин)

40; 60

60;70

70;75

75;90

Жиілік

10

50

80

60




    1. интервалдардың орталарын анықтаңыз;

    2. жиіліктер тығыздықтарын табыңыз;

    3. төмендегі торға гистограмма салыңыз:


Download 1.32 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2020
ma'muriyatiga murojaat qiling