Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
Key words: ability, giftedness, gifted child
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
- Bu sahifa navigatsiya:
- «ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж.
Key words: ability, giftedness, gifted child.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Олай болса, алдымен қабілет пен дарындылық 43 «ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 25-26 қазан, 2019 ж. дегеніміз не соны анықтап алуымыз қажет. 1940 жылы «Қабілеттілік және дарындылық» атты мақаласында Борис Михайлович Тепловтың ойынша: Дарындылықты қабілеттің және ортаның факторларының үйлесімділігін, болашақта табыстарға жетудің бірден –бір жолы ретінде қарастырған 1, б.12 . Қазіргі кезде жекелік, дарындылық, данышпандық, таланттылық, дарынды балалар және балалар дарындылығы түсініктері кеңінен қолданылады. Осыларды тізбектеп қарастырайық: жекелік- қабілеттілік- дарындылық-талант. «Жекелік» кейбір анықтамалардың қайталанбайтындығын көрсетеді, адам бойындағы психиканың ерекшелігі, қабілетінің қайталанбайтындығын көрсетеді. Ережеге сәйкес, «жекелік» жеке тұлға бойындағы қабілеттердің жан -жағындағыларға ұқсамауы. Әр бала ерекше, бірақ кейбір балалардың ерекшелігі өте жарық көрінеді, яғни көзге түседі, басқаларды ескеру мүмкін емес. Жекеліктің қалыптасуына өсіп отырған орта, қауымдастық, бала кезіндегі тәрбиенің ерекшеліктер ықпал етеді. Жеке дарын иесі болу – ол өзінше ойлап білу, жаңа ойларға үлес қосу. Тұқым қуалаушылық және физиологиялық ерекшеліктер. Тұқым қуалаушылық адамның сыртқы пішін ерекшелігін сақтап беріп отырады. Физиологиясы олардың мінез құлқы туралы айтады. Қоршаған ортаның ықпалы адамның жеке дарындылығын қалыптастырады. Адамның жекелік дарындылығына мәденит және әлеуметтік жағдай өте қатты әсер етеді. Жекелік тәрбиеленіп отырған жанұяға байланысты. Жекелікке тәрбиелініп отырған балабақша, мектеп, және қоғамдық орынның ықпалы өте зор. Жеке тұлғаның анықтамасында оның қабілеті маңызды роль атқарады. Қабілетті жеке – психологиялық ерекшелік деп қарастырып, әріқарай белгілі бір істің табысты аяқталуына ықпал етеді. Оқушылар бірдей жағдайда әр түрлі жетістікке жететін болса, онда жақсы игерген оқушыны талапқа сай қабілеттілік танытты дейтін болса, кейбіреуінде ол жоқ. Сонымен, «Қабілеттілік деп – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері айтылады» 2, б.10 . Қабілеттілік жалпы қабілет және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды. Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. «Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылық дарындылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет» 3, б.27 . Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық дарындылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру 4, б.46 . Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының 44 Materials of the international scientific-practical conference Download 3.21 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling