Білім беру мекемелерінің Уставы – білім беру мекемесі қызметіне жетекші-
лік ету және басқару жүйесін анықтайтын құжат.
Білім беру системасы – жас ұрпақты оқытып, білiм беріп, өмірге, еңбекке
даярлайтын оқу-тәрбие мекемелерінің жиынтығы.
Білім берудің мазмұны – белгілі бip оқу opнындағы үйренілетін білімдер
мен іскерліктердің жүйесі.
Білім мазмұны – ғылыми білім, іскерлік және дағдының жүйесі.
Білім қоры – фактілер, терминдер, символдар, атаулар, түсініктер,
заңдар, заңдылықтар, формулалар, даталар (атаулы
күндер) сияқты оқу материалдары.
Болжау – процесс басталмастан алдын белгілі бір жағдайда оның
беретін нәтижелерін бағалау.
Гносеология – ғылыми дүниетануды тексеретiн философияның бір
тарауы, танымдық теориясы, диалектика заңдылықтары.
Дағды – автоматтандырылған әрекеттер, яғни іс-әрекетті
орындаудың қалыптасқан тәсілі.
Дара ерекшеліктер – жеке адамның түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері
мен мінез-құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттері.
Дедуктивтік ойлау – жалпыдан жекеге өтетін ойлау процесімен байланысты
болған іскерлік.
Дене тәрбиесі – балалардың денсаулығын нығайту, денесiнің дұрыс
дамуын қамтамасыз ету, дене жағынан шыныққан,
ержүрек, Отанын қopғayғa дайын азаматты тәрбиелеуге
бағытталған арнайы педагогикалық қызмет.
Диагностика – бұл дидактикалық процесте болатын барлық жағдайларды
айқындау, оның нәтижелерін анық белгілеу.
Дидактика – оқыту мен білім беру, олардың мақсаты, мазмұны, метод-
тары, тәсілдері, ұйымдастырылуы, нәтижелері туралы
ғылым.
Дидактикалық диагностикалаудың мақсаты - оқу процесінде болатын
барлық жағдайларды оның өнімімен байланыста өз уақы-
тында анықтау, бағалау және талдау.
Do'stlaringiz bilan baham: |