Теориялық ойлау – білімдерді жоғары дәрежеде жинақтап меңгеруге қабі-
леттілік және білім салалары дамуының принциптері
мен ғылыми негіздерін түсіну іскерлігі.
Тест – анық мақсат негізінде белгілі бір жағдай дәрежесін сапа
және сан көрсеткіштерінде белгілеуге мүмкіндік беруші
сынақ тәсілі.
Тәрбие – бұл жас өспірімдерді белгілі бір мақсат жолында жан-
жақты дамыту, оның санасы мен мінез-құлқын
қалыптастыру.
Тәрбие коллективі – балалар өмірін тәрбиелеу үшін ғылыми ұйымдасты-
рылған система.
Тәрбие методтары – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бiрлесе отырып тәрбие-
лiк мiндеттердi шешуге арналған іс-әрекетiнің тәсілі.
Тәрбие құралдары – арнайы тәрбиелік мiндеттi шешуге арналған, мақсат
көзделiп ұйымдастырылған методикалық жолдар.
Тәрбие принциптері – тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен
әдістерін айқындайтын ережелер, алғы шарттар,талаптар
және бағыттаушы қағидалар жиынтығы.
Тәрбие процесі – бұл жас өспірімдерді белгілі бір мақсат жолында жан-
жақты дамыту, оның санасы мен мінез-құлқын қалыптас-
тыру процесі.
Тәрбие процесінің заңдылығы – педагогикалық құбылыстар мен процестер-
дің бір-бірімен объективті түрде байланысуы.
Тәрбие тәсілдерi – тәрбие методының жеке бiр бөлігi. Ол тәрбие методының
әрекетін, қажеттілігiн, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақ бойында ата-анаға биологиялық ұқсастық-
тың мол болуы.
Ұйымдастыру – белгілі бір критерийлер негізiнде оқыту немесе тәрбиелеу
процесін тәртiпке келтiру, оған қойылған мақсатты іске
асыру үшін қажетті форманы беру.
Ұлттық мақтаныш – өз халқының тарихын, рухани байлықтарын, бүгінгі
күні мен келешегін білу және қадірлеу, оларды мақта-
ныш ету, ұлттың мүддесi үшін қызмет ету, басқа халық-
тармен дос-тату өмір сүру, олардың да ұлттық қадір-қа-
сиетін, тарихын, мәдениетiн құрметтеу.
Do'stlaringiz bilan baham: |